ҚМИУ мектеп түлектеріне арналған олимпиада өткізіледі
[Дата публикации: 03.11.2017, 15:43:53, жариялауды: Әкімшілік]
2017 жылдың 7 және 10 қараша күндері аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде қазақ мектептерінің он бірінші сынып оқушылары арасында жаратылыс-математикалық пәндер циклі бойынша Х Президенттік олимпиада өткізіледі.
Олимпиаданы ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы. Олимпиада 2008 жылдан бастап Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша өткізіліп келеді. Оның негізгі идеясы – талантты балаларды анықтау және қолдау көрсету, патриоттық күшті рухты, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыс-математикалық ғылымды терең игеру.
Олимпиаданың екі туры артта қалды. Қыркүйік айының соңғы күндері өңірлік кезеңде 1183 мектептен 2631 оқушы қатысты, оның ішінде қазақ мектептерінің түлектері – 1526. Екінші кезеңге қатысуға республика өңірлерінің 230 мектебінің 380 оқушысы қатысты, оның ішінде қазақ мектептерінің оқушылары – 220.
Президенттік олимпиаданың жаратылыс-математикалық пәндер циклі бойынша қашықтықта өткізілген кезеңіне республиканың барлық өңірінен онлайн тәртібінде біруақытта 364 оқушы қатысты. Оқушылармен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интерактивті студиясымен байланыс қамтамасыз етілді. Олимпиаданың қортынды кезеңіне ең үлкен балл жинаған 163 мектеп түлектері қатысады.
Президенттік олимпиада жыл сайын өткізіледі және үш кезеңнен тұрады: өңірлік, таңдау (екі тур) және республикалық. Әрбір қатысушы олимпиаданың барлық кезеңінде математика, физика, химия және биология төрт пән бойынша тапсырмалар орындайды.
Ұйымдастыру комитетінің құрамында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, оның бағынысты ведомствалық ұйымдары, білім басқармалары, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының ректорлары кеңесінің өкілдері бар. Жюри құрамы жетекші отандық және шетелдік оқу орындарының ғалымдары, халықаралық олимпиада жеңілпаздарынан құралған.
Президенттік олимпиадаға қатысу қазақстандық мектеп бітірушілеріне толығымен өздерінің мүмкіндіктерін, қабілеттерін, білімдерін көрсетуге, жаратылыс-математикалық бағыттағы пәндерге деген қызғушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді. Олимпиада жеңілпаздары және жүлдегерлеріне республиканың жоғарғы оқу орындарында оқуға арналған білімдік грантты алу құқығында жеңілдіктер беріледі.
Просмотров: 495