“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫНЫҢ БІТІРУ 50 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

[Дата публикации: 30.11.2017, 19:34:37, жариялауды: Әкімшілік]

 

Президент приветствие

29 қарашада Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысуымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаңа тұжырымдамалар мен қазіргі заманғы шешімдер» атты ІХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының салтанатты ашылуы болды.

Үлкен міндеттер

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және 1967 жылғы түлектердің 50 жылдық мерейтойына арналған конференцияның модераторы, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов сөз сөйледі. Қатысушыларды құттықтай отырып, ол бұл конференция қазіргі уақытта ел алдында үшінші жаңғыру дәуірінде ашылатын жаңа мүмкіндіктер мен шешімдерге арналғанына назар аударды.

– Мемлекет басшысы алдымызға үлкен міндеттер қояды. Олар қоғамның барлық күштері біріктірілген жағдайда ғана мүмкін, – деді Ерлан Қошанов. – Және біз технологияларды жаңарту, сандық және адами капитал сапасы туралы айтқанымызбен не бизнес, не билік, не ғылым жалғыз өзі осыны орындап шыға алмайды. Сондықтан біз әлі де ғылыми қоғамдастыққа, іскерлік ортаға және азаматтық қоғам белсенділеріне балама шешімдерді іздестіруге белсене қатысудамыз.

Конференцияның құрметті қонағы – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың маңызды күнге және конференцияға арналған құттықтауын Ерлан Сағадиев оқыды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі өз сөзінде, өкінішке орай, республиканың жоғары оқу орындарында академиялық еркіндік дәрежесі жеткіліксіз, сондықтан Парламенттің екінші оқылымында университеттердің академиялық еркіндігі туралы заң қаралу үстінде, оған сай, олар өздерінің білім беру бағдарламаларын дамытатын болады. ЖОО үшін типтік оқу бағдарламалары болмайды. Білім және ғылым министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, білім беру бағдарламаларының рейтингісін өткізеді. Ерлан Сағадиев ғылыми-техникалық үдерісті жеделдету барысында көптеген мамандықтар жоғалып кететінін, сондықтан бүгінгі таңда оқушыларға жаңа білімге толығымен жаңа көзқарас қажет екендігін атап өтті.

Жылы естеліктер

Бұл күні сөз сөйлеушілер Мемлекет басшысы және Карметкомбинаттың жанындағы ЖОО-зауыт, Теміртау қаласы мен қала құрушы кәсіпорынның пайда болғаны туралы ұлы сөздер айтып, ұлттың болашақ көшбасшысының мінезі мен кен-тау мамандығының құпиясы болды.

Нұрсұлтан Назарбаев ЖОО бітіргеннен бері білінбей жарты ғасыр уақыт өтіпті, қазіргі уақытта Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті деп аталады. Бірақ кеше болған секілді. ҚР Тұңғыш Президентінің

үзеңгілестері Түлеутай Сүлейменов және Қабидолла Сарекенов оның белсенді азаматтығы мен жоғары және жоғары өсуге деген ұмтылысын еске алды. Курстастарының естеліктері бойынша Нұрсұлтан Әбішұлын өзінің студенттік жылдарында өзіндік құндылықтары, адалдығы, жолдастарға көмектесуге дайындығы, сендіру таланты және талқыға салу сияқты қасиеттері ерекшелендірді.

Осы күні құттықтау сөздерімен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин, Қазақ ақпараттық-коммуникация академиясының президенті Шахмаран Сейілов және Астрахань мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы) «Ұлттық қауіпсіздік» кафедра меңгерушісі Равиль Арыкбаев сөз сөйледі.

Конференцияға Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындарының ғалымдары, мемлекеттік органдардың, оқу орындары мен кәсіпорындардың басшылары, депутаттар, қоғам қайраткерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Осы күні университеттің бірнеше аудиторияларында «Инновациялық және білімге негізделген технологиялар Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асыру құралы ретінде», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау арқылы адами капиталдың сапасын арттыру», «Жоғары оқу орны – «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру орталығы ретінде» және «”Туған жер” Президенттік бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау және пайдалану мәселелері» атты бөлімдер бойынша жұмыс жүргізілді.

Екінші күн

Халықаралық конференцияның екінші күнінде, 30 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында және жоғары оқу орнында қатысушылар мен қонақтарға экскурсиялар өткізілді.

30 қарашада Конференцияның жабылу рәсімінің модераторы ҚМИУ ректоры Бахыт Жаутиков болды. Ашық талқылауларда ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері белсенді қатысқанын атап өтті. Конференцияға Германия, Ресей, Моңғолия, Чехия, Жапония және басқа елдердің ғалымдары баяндамаларын ұсынды.

— Ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және 1967 жылғытүлектердің оқу бітірулерінің 50 жылдық мерейтойына орайластырылғаны ерекше болды, – деді Бахыт Ахатұлы.– Баяндамаларда және Конференция қатысушыларының сөйлеген сөздерінде мерекелер және металлургия мен басқа да өнеркәсіп салаларындағы ғылыми-техникалық прогресске қатысты маңызды мәселелер талқыланды, қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап іздеу бағыттары берілді.

Конференцияның нәтижелерін жариялау үшін сахнаға шақырылған, бір күн бұрын жұмыс істейтін бөлімдердің төрағалары: Астрахань мемлекеттік университетінің агробизнес, ветеринария және технологиясы факультетінің

деканы Равиль Арыкбаев, «Мәскеу болат және қорытпалар институты» ҒЗИ Угаров ат. (филиалы) Ескі Оскол технологиялық институтының гуманитарлық ғылым кафедрасының меңгерушісі Зинара Мухина, «Тұран-Астана» университетінің профессоры Нұркен Мырзаханов пен Моңғолия ғылым және технология университетінің PhD докторы Erkhembayar Tseveen. Олар конференция қатысушыларына сертификаттар табыстады.

Қарар және меморандумдарға қол қойылды

Әрбір конференция дәстүр бойынша қарармен аяқталады. Ұйымдастырушылар ақпараттық және ғылыми сыйымдылықты технологиялардың бағыттарының қазіргі кездегі жағдайына жасалған сарапттамалардың, сонымен бірге жақын жылдарда олардың дамуына жасалған болжаулар ұсынылған баяндамалардың тереңдігін атап өтті.

Конференция қатысушылары адами капиталдың сапасын жоғарлатуға арналған білім саласының жағдайын әрі қарай жақсартудағы негізгі бағыттарды анықтаумен жеке тұлғаның толық даму тұрғысынан жоғарғы оқу орындарындағы оқыту жүйесінің қолданыстағы үлгісіне жан-жақты талдау жасау керектігін ұсынды. Сонымен бірге «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жаңа әлемдік тәртіп жағдайында тарих, салт-дәстүр, құндылықтар және тідің синтетикалық бірлігінің тұтастығы арқылы Қазақстанның мәдени сәйкестілігінің кескінін тұжырымдамалау ұсынылды.

Республикалық «ҚМИУ Жаршысы» ғылыми журналында ұсынылған баяндамалар қортындысы бойынша Б.Б. Быхиннің («Экспериментальные методы определения опережения и уширения металла при прокатке с реализацией интенсивно пластической деформации», Н.М. Мырзаханованың («Табиғат заңы – шектеу»), А.А. Невзорованың («Влияние микролегирования комплексным сплавом Cа-Bа на микроструктуру конструкционной углеродистой стали»), Т.С. Байгабатовтың («Гуманизация и гуманитаризация высшего образования как фактор формирования общественного сознания студентов») және көптеген мақалаларды жариялау ұсынылды.

Конференция соңында ҚМИУ ректоры Бахыт Жаутиков Астрахань мемлекеттік университеті және Угаров атындағы Ескі Осколь техникалық институтымен («Мәскеу болат және қорытпалар институтының филиалы) ынтымақтастық келісім шартына қол қойды.

Өткізілген конференцияның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де маңызы зор. Ғылым және өндіріс өкілдері арасында қызықты пікір-алмасу жүзеге асырылды. Сөзсіз, конференция көптеген елдердің металлургиялық кластерлерінің әрі қарай дамуына жаңа екпін береді.

Светлана ЕГОРОВА

ҚМИУ баспасөз қызметі

IMG_9408IMG_9400IMG_9543 IMG_9347

IMG_0930IMG_9387IMG_0914

IMG_0963


Просмотров: 579
30.11.2017, 19:34:37, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар