“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ «Экспо-2017» көрмесінің энергиялық тиімді жобаларын енгізе бастайды

[Дата публикации: 26.10.2017, 11:53:04, жариялауды: Әкімшілік]

 

kaz

Іріктеліп алынған жобалар — энергия үнемдеуші жылыту жабдықтары, «ақылды» электрлі жабдықтау желілері, сөмке және рюкзактардағы күнмен зарядтау модульдері, көгілдір көмір.

Ректордың айтуынша, университетте барлық қажетті жағдайлар жасалған: өзекті оқыту технологияларын енгізу мен цифрлық оқыту өндірісін құруға арналған кеңейтілген базалық алаң, интерактивті жабдықтары, бейне байланысы, заманауи компьютерлер паркі, Festo, Siemens және SEW Eurodrive компанияларының бағдарламалық-аппараттық кешендері, 3D-принтерлері және т.б. бар аудиториялар.

Бұдан өзге, ҚМИУ базасында стартаптар түріндегі дипломдық жобаларды іске асырумен, 3D-инжиниринг зертхана-фабрикасы құрылады. Мұнда білім алушылар 3D-нысандарды жасаудың толық циклі бойынша тәжірибелік дағдыларды, сонымен бірге өнеркәсіптік кәсіпорындарда аддитивті технологияларды жүзеге асыруға арналған білімді игереді.

Сондай-ақ, Б. Жәутіковтың айтуынша, университеттің оқыту бағдарламаларында дрондарды, интеллектуалды энергия желілерін, күн және жел электр стансаларын басқару секілді  болашақтың мамандықтары да қарастырылған.

Сонымен қатар баяндама барысында ректор «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында алғаш рет Қарағанды облысында ҚМИУ базасында «Cisco Networking Academy желі академиясының» ұйымдастыруымен облыстың орта мектептері және колледждерінің информатика пәнінің 62 оқытушысы «IT Essentials – ақпараттық технологиялар негізі» атты тегін оқыту курсында біліктіліктерін арттырғанын атап өтті. Болашақта әрі қарай ынтымақтастықты дамыту мақсатында университет базасында «Cisсo Қарағанды өңірлік орталығын» ашу жоспарда бар.

«Тұрақты энергетикасыз тұрақты даму мүмкін емес. Инновациялар, жаңа идеялар, стандартты емес шешімдер — бұл ҚМИУ-дың білім алушылары мен профессорлық-оқытушылар құрамына «Экспо-2017» көрмесін аралағаннан кейін жасыл экономика қағидаларын іс жүзіне енгізу мен дамыту бойынша көлемді міндеттерді іске асыруға серпін берді», — деді Б. Жәутіков.

Барлығы үш айдың ішінде «Экспо-2017» көрмесіне ҚМИУ-дың 1 567 студенті мен қызметкері барды. Көрмені аралау кезінде шетелдік әріптестермен тікелей байланыс орнатылып, ғылым және білім саласында жаңа халықаралық байланыстардың негізі салынды.

Премьер-Министрдің веб-сайты

 

 

 


Просмотров: 389
26.10.2017, 11:53:04, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар