“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ ҰЖЫМЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУІН ҚОЛДАЙДЫ

[Дата публикации: 15.10.2017, 21:27:42, жариялауды: Әкімшілік]

 

IMG_641312 қазан күні университетте қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі жайлы мәселеге қатысты семинар өткізілді. Осы мәселе казіргі уақытта қоғамда кеңінен талқыланып жатыр.

Семинар жұмысына сарапшылар шақырылды: филолгия ғылымдарының кандидаты, профессор Құрманғазы Зікірұлы Сембиев, Облыстық тілдерді оқыту орталығының бас әдіскері Жұпар Рысқұлқызы Жақанова, Теміртау қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гульмира Сериковна Олжабаева, Теміртау қ. тілдерді оқыту орталығының директоры Меруерт Багдатовна Ахметжанова, «Қазақ тілі»  қоғамының төрағасы Тлеуберды Смагулов және  ҚМИУ 300 оқытушылары, студенттері, қызметкерлері қатысты.

IMG_6415Семинар барысында латын әліпбиіне өту механизмдері, ұсынылған әліпби нұсқалары түсіндірілді, семинарға қатысушылардың қойған сұрақтарына толық жауап берілді.

Өз кезектерінде ҚМИУ оқытушылары, студенттері, қызметкерлері қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу идеясын бір ауыздан қолдады.

IMG_6452«Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ұжымы осы бастаманы толығымен қолдайды, латын әліпбиіне өту ғасырлар бойы жинақталған қазақ тілінің тіл байлығының мүмкіндіктерін толық ашуға,  жаңартуға, мүмкіндік береді. Латын әліпбиіне көшу – бұл бір күннің ісі емес, ол үшін оқытушыларды қайтадан дайындықтан өткізу және жаңа оқулықтарды әзірлеу қажет. Коммуникациялық кеңестікте, ғылыми-білімдік әлемде жылдам интергациялау бағытына қатысты көп жұмыстарды жүзеге асыру керек. Осы бағытта жүзеге асырылатын жұмыстарға біздің университеттің ұжымы, оқытушылары мен студенттері өз үлестерін қосады» – деді медицина ғылымдарының докторы, профессор «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Изтлеу Аманжолович Аманжолов.

 ҚМИУ Баспасөз қызметі


Просмотров: 541
15.10.2017, 21:27:42, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар