“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Германия делегациясы ҚМИУ-да қонақта болды

[Дата публикации: 03.06.2016, 09:53:23, жариялауды: Әкімшілік]

 

Конрад Аденуэр атындағы Қор өкілдері дуалды білім беру саласында өздерінің тәжірибелерімен бөлісу мақсатында Қарағанды Мемлекеттік индустриалдық университетке келді.

Сыйлы қонақтармен ең бірінші университетіміздің ректоры,техника ғылымдарының докторы,профессор Марат Ибатов кездесіп,Карметкомбинат кезінде Втуз деп аталған жоғары оқу орнының 50-жылдан астам тарихы және бүгінгі таңдағы өмірімен таныстырып өтті. ҚМИУ өз қызметтері нәтижесінде тау-металлурги я саласы бойынша еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналған. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев университетіміздің түлегі екендігі мұғалім-ұстаздар ұжымы және студенттер үшін ерекше мақтаныш болып табылады. Сонымен қатар ҚМИУ түлектері қатарында белгілі саясат және мемлекет қызметкерлері,сондай-ақ Қазақстандағы және алыс-жақын шетелдердегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының жетекшілері бар. Қазіргі күнде университетте 18 мамандық бойынша бакалавр, 8 мамандық бойынша магистр, 2 мамандық бойынша доктор Phd дайындалады. ҚМИУ отандық және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи оқу және ғылыми жабдықтармен жабдықталған. Мұнда гранттық қаржыландыру негізінде және келісім шарт түрінде ғылыми зерттеулер белсенді түрде жүргізіледі. Сондай-ақ зерртеулер 2008 жылы құрылған  «электронды макроскопия және нанотехнология» инженерлік бейіндегі зертханалар базасында да жүргізіледі. Жоғары оқу орнында Жапония,АҚШ және Германияда жасалынған заманауи ғылыми жабдықтармен және қолданыстағы өнеркәсіптік,жартылай өнеркәсіптік металлургиялық агрегаттармен жабдықталған оқу-зертханалық корпус бар. Университет пен көптеген жетекші жоғары оқу орындары, ТМД және басқа да елдердің білім беру орталықтары арасындағы халықаралық ынтымақтастық,серіктестік, шығармашылық байланыс,іскерлік қарым-қатынастар күн сайын өсіп келуде.

Қонақтарымыздың келесі қадамы зертханалар,оқу сыныптары және де университет мұражайына экскурсия жасауы болды,аз уақыттан кейін ҚМИУ және Теміртау қаласының колледждерінің өкілдерімен болған кездесуде Германиядағы дуалды білім беру жүйесі туралы баяндама жасады.

-Қазақстан мен біздің мемлекетіміз арасында бұл мәселеде үлкен айырмашылық бар екен, -деді Танкред Шипански.-Білуімше сіздерде оқу жоспары колледж және университеттермен тікелей жасалынады. Кәсіпорынға келген соң ғана маман қандай дәрежеде дайындалғаны көрінеді. Ал, бізде оқу жоспары кәсіпорындар қойған талаптар бойынша жасалынады. Оқу орны және кәсіпорын арасында диалог орнауы үшін бұл жүйені сіздерге енгізу-Аденауэр Қорының маңызды тапсырмасы.

Мазмұнды әңгіме барысында уақыт лезде өтіп кетті. Осы уақыт аралығында зал ішінен сұрақтар қойылып,қонақтардық жауаптары тыңдалды. Кездесу соңында Танкред Шипански өз ойын білдірді:

-Біз сіздің университетіңіздің зертханалары, компьютерлі сыныптарынан әсер алдық. Біз де колледж және университеттерімізді қажетті жоғары технологиялы жабдықтармен қамтамасыз етуді қалаймыз. Қазақстан Президенті оқыған бұл университет Германияда әйгілі. Осы университетте болып, сіздердің жобаларыңызбен, сонымен қатар «Серпін» бағдарламасымен таныс болғанымызға өте қуаныштымыз. Қазақстан қазір оқу үдерісін ұйымдастыруда өте белсенділік танытып жатыр. Менің ойымша,сіздің мемлекетіңіз дұрыс таңдау жолында.

в одной_из_лабораторий_КГИУ встреча немецкой делегации с ректором КГИУ Маратом Ибатовым


Просмотров: 629
03.06.2016, 09:53:23, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар