«Шығармашылық мамандықтардың педагогтарын кәсіби даярлау: ізденістер, бағыт-бағдары және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференциясы
[Дата публикации: 02.04.2015, 10:57:06, жариялауды: Әкімшілік]
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына қолдау көрсету мақсатында 2015 жылы мамыр айының 4-5 күндері аралығында өткізілгелі отырған «Шығармашылық мамандықтардың педагогтарын кәсіби даярлау: ізденістер, бағыт-бағдары және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференциясына қатысуға шақырамыз.
Конференцияда көркемдік білім беру жүйесінің теориясы мен практикасының мәнін, оның өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі және қоғамның қазіргі даму сатысындағы орны мен маңыздылығын ашып көрсететін көптеген ғылыми бағыттар мен келелі мәселелер талқылауға ұсынылады.
Конференцияның ғылыми бағыттары:
1. Үздіксіз білім беру үдерісіндегі шығармашылық мамандықтардың педагогтарын кәсіби даярлау.
2. Шығармашылық мамандықтардың педагогтарын даярлау жүйесінде оқытудың инновациялық технологияларын қолдану.
3. Білім беру саласындағы дәстүрлі мәдениет пен өнердің даму сабақтастығы.
4. Музыка мен діннің мәдениетаралық байланысы жеке тұлғаның рухани дүниетанымын дамыту факторы ретінде.
5. Орындаушылық өнерді қалыптастырудағы музыка мен әдебиеттің көркемдік сұхбаттастығы (диалогы).
6. Этносаралық толеранттылықты қалыптастыруға өнердің әсері.
7. Балаларға көркемдік білім және тәрбие берудегі отбасы мен мектептердің өзара іс-қимыл мәселелері.
8. Музыкалық терапияның денсаулық сақтаушы аспектілері.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын және түрік.
Конференцияның материалдары ғылыми жинақ ретінде жарық көреді. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін 2015 жылдың 15-сәуіріне дейін пошта немесе электрондық пошта арқылы төмендегі құжаттарды жіберу қажет:
– конференцияға қатысу өтінімі;
– талаптарға сай рәсімделген баяндама мәтінінің қағаз түріндегі және электрондық нұсқалары: қаріп Times New Roman, қаріп өлшемі 14, барлық бет жиектері – 2 см, жоларалық интервал 1, пішіні Microsoft Word 2003, 2007, ені бойынша теңестірілген, бет пішіні А4, мәтін 5 беттен аспауы тиіс.
Мақалада келесі ақпараттар қамтылуы тиіс:
1. ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеуіш) индексі – бірінші беттің сол жақ жоғарғы бұрышына жазылады (1 аралықтан кейін).
2. Мақаланың тақырыбы беттің ортасына бас әріптермен және жуан қаріппен жазылады (1 аралықтан кейін).
3. Тақырыптың астында автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, мекеменің атауы және электрондық мекен-жайы жазылады (1 аралықтан кейін).
4. Түйіндеме курсивпен қазақ тіліндегі баяндама үшін резюме және summary, орыс тіліндегі баяндама үшін түйін және summary, ағылшын тіліндегі баяндама үшін түйін және резюме, түрік тіліндегі баяндама үшін түйін және резюме түрінде жазылады.
5. Келесі жаңа жолдан бастап баяндаманың негізгі мәтіні жазылады.
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен кейін бір жолға шегініспен көрсетіледі (Дәйексөздер алынған әдебиеттерге сілтемелер мақаланың соңында дәйексөздің қолданылу реттілігі бойынша тік жақша ішінде көрсетіледі).
Қатысу жарнасы:
Конференцияға қатысушылар үшін 3000 тенге көлемінде қатысу жарнасы (мақала үшін төлем) қарастырылған.
№1 секция үйлестірушісі: Мұсабекова Гулнар Тәжібайқызы
е-mail: gulnar.hanum22@mail.ru,
ұялы тел: 8 702-676-98-53;
№2 секция үйлестірушісі: Елжанов Дархан Нұржанұлы
е-mail: eljan_77@mail.ru,
ұялы тел: 8 701 658-52-72;
№3 секция үйлестірушісі: Сопбеков Сәбит Оразбекұлы
е-mail: Sabit_-_sabit@mail.ru,
ұялы тел: 8 702-579-09-03;
№4 секция үйлестірушісі: Қаратышқанова Қымбат Рахметқызы
е-mail: K_Kimbat@mail.ru,
ұялы тел: 8 701-238-59-95;
№5 секция үйлестірушісі: Мұратова Лиана Махсұдқызы
e-mail: liana_elif@mail.ru,
ұялы тел: 8 701-624-08-58;
№6 секция үйлестірушісі: Якуб Аякоз Абдусахитқызы
e-mail: ayagoz2408@mail.ru,
ұялы тел: 8 777-601-22-29;
№7 секция үйлестірушісі: Каюмова Севара Полатқызы
e-mail: Polat.64@mail.ru,
ұялы тел: 8 702-924-92-18;
№8 секция үйлестірушісі: Тобағабылова Айжан Жүнісқызы
e-mail: aijan_baki@mail.ru.
ұялы тел: 8 701-486-79-43.
Просмотров: 824