«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» – Қазақстан Ұлттық идеясының мызғымас діңгегі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция
[Дата публикации: 10.03.2015, 09:19:23, жариялауды: Әкімшілік]
Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беруді жаңғырту департаменті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанды облысы Білім басқармасымен бірлесе отырып Жезқазған индустриалдық гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына орай «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» – Қазақстан Ұлттық идеясының мызғымас діңгегі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №552 30.12.2014 ж. бекітілген негізгі іс-шаралар желілік кестесінің №54 тармағына сәйкес студенттердің ғылыми-теориялық конференциясына жоғарғы оқу орындарының және кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері қатыса алады.
Өткізілу мерзімі мен уақыты: 17-сәуір, 2015 жыл, сағ. 10.00
Өткізілетін орны: Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі
Конференцияның мақсаты: Елбасы Жолдауында көрсетілген бағыттардың жүзеге асырудағы инновация мен негізгі перспективаларды айқындау, талқылау мен жүзеге асыру;
Конференция міндеттері:
- Елбасы Жолдауында көтерілген мәселелер мен алға қойылған мақсаттарды шешудегі ұстанымдарды нақтылау;
- Өскелең ұрпақты ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарта отырып, оларды жаңашылдыққа үндеу, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, өзіндік жұмыс машықтарын жетілдіру.
Конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жоспарлануда:
- Ұлы мұраттардың нұрлы жолындағы Мәңгілік Ел (Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуындағы тың бастамалар мен бағыттар хақында);
- Нұрлы жол: басым бағыттар, аспектілер мен перспективалар (Ел дамуындағы инновациялық жобалар мен жаңашылдық);
- Нұрлы жол – жасампаздық рухын танытатын күретамыр (көліктік-логистикалық инфрақұрылым хақында);
- Ғылым мен білім – Мәңгілік елдің межелі құндылығы (білім, ғылым, ізденістер мен оқытудың жаңаша технологиялары жөнінде);
- Нұрлы жол: креативті жастар, ұлттық құндылық (өнер, әдет-ғұрып және салт-дәстүрлер хақында).
Просмотров: 529