“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Ұлы Отан соғысы: тарихы, әдіснамасы және заманауи түсінігі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

[Дата публикации: 26.03.2015, 10:17:41, жариялауды: Әкімшілік]

 

2015 жылдың 22 сәуірінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Мемлекеттік мұрағатымен бірлесе отырып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы: тарихы, әдіснамасы және заманауи түсінігі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

 

Конференция келесі бағыттар (секциялар) бойынша өтеді:

1. Ұлы Отан соғысының әлемдік-тарихи мәні. Әдіснамасы және зерттеу әдістері.

2. Соғыс сабақтары және қазіргі таңдағы әлемге төнетін қауіп-қатерлер.

3. Соғыс туралы естеліктер және тарихтың объективті көрінісі; тәжірибе және құндылықтар. Жеңіс мұрасы және ұрпақтар сабақтастығы.

4. Ұрыс майданы мен тыл бірлігі – Ұлы Отан соғысындағы (1941 – 1945 жж.) Жеңістің кепілі.

5. Арнайы және жеке дерек көздеріндегі соғыс туралы естеліктер.

6. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы экономика, білім және мәдениет.

7. Қазақстандықтардың әскери және еңбек даңқы тарихын зерттеудегі мұрағаттар, мұражайлар және кітапханалардың рөлі және жас ұрпақты патриоттылыққа тәрбиелеудегі олардың үлесі.

 

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2015 жылдың 31 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:

–       белгіленген үлгі бойынша қатысуға  өтінім;

–       төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес келетін мақала.

инф. письмо 22.04.2015 (doc)

 


Просмотров: 339
26.03.2015, 10:17:41, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Халықаралық