“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 13: «Нұрлы жол»- еліміздің индустриалдық-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы стратегиялық қадам» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

[Дата публикации: 04.03.2015, 11:36:35, жариялауды: Әкімшілік]

 

   «ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 13: «Нұрлы жол»- еліміздің индустриалдық-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы стратегиялық қадам» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Елі: Қазақстан Республикасы

Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.

Өткізу уақыты: 16-17 сәуір 2015 ж.

Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

          Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

  1.                  1.  Химиялық технологияларды дамытудың заманауи бағыттары,  металлургия, нанотехнология және силикат материалдары;
  2.                  2.   Жеңіл өнеркәсібі мен тоқыма өндірісінің даму перспективасы;
  3.                  3.  Биотехнология  және тамақ инженериясы;
  4.                  4.  Агроөнеркәсіп кешенінің және ауылшаруашылығының даму жолдары;
  5.                  5.  Жаңартылған энергетика, ресурстар және энергияны сақтаушы технологиялар;
  6.                  6.  Транспорт, машинажасау және құрылыс салаларының  өзекті мәселелері;
  7.                  7.  Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
  8.                  8.  Физика-математикалық ғылымдар саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер, өндірісті автоматтандыру мен IТ-технологиялар;
  9.                  9.  Келешек жағдайындағы индустриалды инновациялық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективасы.

10.«Нұрлы жол»- көпэтникалық елдің тұрақтылық стратегиясы: философиялық, саясаттану, әлеуметтану  және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығы мен    Қазақстан халқы  Ассамблеясының 20-жылдығы аясындағы құқықтық аспектілер;

11. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контекстіндегі білім, мәдениет және өнер саласындағы ғылыми зерттеулердің жағдайы мен болашағы;

12.Болашақ мұғалімдерді мектептегі инновациялық қызметке психологиялық-педагогикалық  тұрғыдан  даярлау;

13. Қазіргі тіл білімі және әдебиеттанудың тұжырымдық тұрғыдағы мәселелері;

14. Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық сауықтыру аспектілері;

15. Тарих және қазіргі заман: Қазақ хандығының 550 жылдығы және Қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы Ұлытаудың тарихи ролі. Этнологиялық және археологиялық зерттеулер.

 

Конференция жұмысына қатысуға конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы  және шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар шақырылады.

            Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі (2 данадан) электрондық нұсқалары және ұйымдастыру жарнасы (3500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен ukgu70@mail.ru немесе төмендегі мекен-жайда 2015 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, №3 «В» ғимараты, 2 қабат, 207 каб. конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: т.ғ.к. Махашов Еркин Жумагалиевич – М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми-зерттеу басқарма директоры.

Конференция еңбектерініндегі іріктелініп алынған мақалалар Proceeding Conference SCOPUS мәліметтер базасына енгізілуі жоспарлануда.

Қонақ үйді брондау 2015 жылдың 31 наурызына дейін

 

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7252) 21-06-48, 30-05-71 Факс: +7 (7252) 21-1989 E-mail: ukgu70@mail.ru

160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ,Ақпараттық хат 16-17 сәуір 2015 жыл (doc)


Просмотров: 674
04.03.2015, 11:36:35, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Халықаралық