«ҮЗДІКСІЗ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ: ОҚУ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ» АТТЫ Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
[Дата публикации: 25.12.2014, 10:01:45, жариялауды: Әкімшілік]
2015 жылдың 22-23 қаңтарында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «ҮЗДІКСІЗ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ: ОҚУ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ» АТТЫ Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтеді.
Аталмыш шараға барлық қатысамын деушілерді шақырамыз.
Талқылауға ұсынылатын конференцияның негізгі тақырыбы келесідей:
Білім нарығы мен еңбек нарығының интеграциясы: кәсіби стандарттарды қалыптастыру контекстінде модульдік білім бағдарламаларын әзірлеу
Пленарлы отырыс бағдарламасы:
– ЖОО-да білім бағдарламаларын қалыптастырудағы тұжырымдамалық амалдар;
– Кәсіби стандарттар: ЖОО-дар мен жұмыс берушілердің өзара әрекеттестігі;
– Internationalisation of education: ensuring an efficient and advanced international cooperation of modern university (Білім интернационализациясы: заманауи университеттің тиімді және озық халықаралық ынтымақтастығын қамтамасыз ету);
– Болон үрдісі: ұлттық және еуропалық квалификация шектерінің интеграциясы.
Конференцияда келесі секциялардың жұмысы жоспарланып отыр:
– Секция №1. Кәсіби дағдылар: модульдік білім бағдарламалары арқылы жүзеге асыру.
– Секция №2. Білім алушылардың кәсіби практикасы: еңбек нарығы мен білім нарығының интеграциясының құралдарын іздеу
– Секция №3. Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету – Quality assurance in higher education.
семинарлар:
– Семинар 1. «Ақпараттық және кітапханалық ресурстар – ЖОО-ның оқу қызметін қамтамасыз етудің негізі ретінде» алдыңғы қатарлы университет кітапханалары өкілдерінің қатысуымен.
– Әдістемелік семинар 2. «Университеттердің білім кеңістігіндегі инновациялық оқу технологиялары».
дөңгелек үстелдер:
– «МООС – massive open online courses: ерекшеліктері мен қиындықтары».
Сонымен қатар конференция аясында дәстүрге айналған келесідей іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр:
– Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ тұсындағы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары тобы бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің отырысы.
– «2014 жыл бойынша Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің мемлекеттік тілдегі ең үздік оқулығы мен ең үздік оқу құралы» байқауының нәтижелері мен жеңімпаздарды марапаттау.
Конференцияға қатысу үшін ҚР БҒМ өкілдері, республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша ОӘБ мүшелері, шетелдік және қазақстандық университеттердің өкілдері, Қазақстанның ғылым мен бизнес қауымының өкілдері, бизнес-білім бағдарламаларының ұйымдастырушылары, бизнес ортаның өкілдері шақырылған.
Конференция қатысушылары үшін экономикалық және бизнес әдебиеттердің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін конференцияның ұйымдастырушы комитетіне электронды түрде мақала мәтінінің 1 данасын (жалпы көлемі баспа мәтінімен 16 беттен аспайтын) және төлем туралы түбіршекті жіберу қажет.
Конференция материалдарының топтамасын басып шығару үшін ұйымдастырушылық жарна 3500 теңгені құрайды.
Информационное письмо X РУМК (каз)
Просмотров: 492