“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

[Дата публикации: 16.09.2014, 17:44:37, жариялауды: Әкімшілік]

 

РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

«МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫ» ММ

ЖАС ТАРИХШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

 ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты Сізді 2014 жылдың 26 қыркүйегінде өтетін «ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

 

Өтетін орны: ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Астана қ., Орынбор көшесі, 8, 14-ші кіреберіс, 1-ші қабат, конференц-зал.

 

Өтетін уақыты: 15.00-18.00

 

Конференция мақсаты:

– Мемлекеттің даму факторына қатысты тарихи үдерістің шешуші тұстарын және Отан тарихының іргелі мәселелерін талқылау;

– Қазақстанның саяси және мәдени дамуын, әлеуметтік-экономикалық жағдайына болжамдар жасау;

– Қоғамда көрініс берген үдерістерді зерттеуде қоғамтанушы-ғалымдардың күш-қуатын, белсенділігін арттыру.

 

Конференция аясында пленарлық және үш секция отырысын өткізу жоспарланады:

1)         Қазақ мемлекеттілігі тарихының теориялық-методологиялық мәселелері

2)         Қазақстандық жолдың модернизациясы: стратегиясы  және  жүзеге асыру

Жолдары.

3)         Қазақ мемлекеттілігі тарихын зерттеуге жас ғалымдардың қатысуы.

 

Талқыланатын мәселелер:

  • Қазақстанның әлемдік үдерістегі орны және мемлекет стратегиясының басымдықтары;
  • Тарихи үдеріс теориясының мәселелері;
  • Қазақ мемлекеттілігінің теориялық-методологиялық мәселелері;
  • Отан тарихын кезеңдеу мәселелері;
  • Саяси институттардың қалыптасуы мен қызметіндегі ерекшеліктер;
  • Билік пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас;
  • Әлеуметтік трансформация тәжірибесін жинақтау;
  • Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық тарихы;
  • Экономиканы мемлекеттік реттеу;
  • Сыртқы саясат тарихы;
  • Қазақстан өңірлік интеграцияда;
  • Қоғам бірлігі мен тұрақтылығының қазақстандық жолы
  • Мәдениеттер мен діндер тарихы;
  • Еуразиядағы этномәдениеттердің өзара әрекеттестігі;
  • «Мәңгілік Ел»-Қазақстанның ұлттық идеясы;
  • Қазақстанның рухани құндылықтары және тарихи-мәдени мұралар;
  • Тарихтағы адам және күнделікті өмір тарихы;

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция материалдарының жинағын жариялау жоспарланған.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНЕ 2014 ЖЫЛДЫҢ 25 ҚЫРКҮЙЕГІНЕ ДЕЙІН ЖІБЕРУГЕ ТИІСТІ ҚҰЖАТТАРЫ:

1. Ұсынылған үлгідегі қатысу өтініші.

2. Баяндама мәтіні.

 

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сай келмейтін және жоғарыда келтірілген талаптарға жауап бермейтін баяндаманы өткізбеуге құқылы.

Баяндамаларды мына көрсетілген электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: aia-sk18@mail.ru

Конференцияға байланысты шығындарды қатысушы тарап жауап береді (жол, тұрар жай, тамақтану).

 

Байланыстық ақпарат

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Астана қ., Орынбор көшесі, 8, 14-ші кіреберіс, 11-ші қабат, 1111-ші кабинет.

Тел.: +7 (7172) 74-06-45, 74-10-20

Email: aia-sk18@mail.ru

 

«ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға

(Қазақстан, Астана қ., 2014 жыл 26 қыркүйек)

ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

1 Аты-жөні, тегі (толық)  
2 Баяндама тақырыбы  
3 Жұмыс орны (мемлекеті, мекеменің толық атауы, кафедрасы)  
4 Лауазымы  
5 Ғылыми дәрежесі, атағы  
6 Телефон: жұмыс/үй  
7 E-mail  
8 Пошта мекен-жайы  

 

БАЯНДАМА МӘТІНІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Мәтіннің көлемі 6 беттен аспауы тиіс; MS Word (*.doc или rtf) форматында терілген, файл автордың атымен аталуы керек. Таблицалар, кестелер, суреттерге файл атауы беріліп, олар Windows форматтарында терілуі қажет. Формат беті – А4. Барлық шектері – 2 см. Шрифт: Times New Roman, кегль – 14.  Жоларалық интервал – бірлік. Абзац – 1 см.

Әуелі үстіңгі қатарға ортаға қарамен белгіленген бас әріптермен баяндаманың тақырыбы теріледі.

Соның астына автордың аты-жөні жазылады.

Төменгі жаққа ғылыми атағы, лауазымы, автор қызмет ететін мекеме атауы (толық), мемлекеті, е-mail. жазылады.  1 интервал қалдырып, әрі қарай баяндама мәтіні теріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі баяндама соңында беріледі. Көрсетілген сілтемелер тік жақшамен берілуі керек. Мысалы былай: [5, 3].


Просмотров: 431
16.09.2014, 17:44:37, Әкімшілік Тараулар: Конференции, Халықаралық