2014 жылға технологияларды коммерцияландыруға арналған гранттар Бағдарламасы
[Дата публикации: 16.09.2014, 23:51:19, жариялауды: Әкімшілік]
«ТКО» ЖШС 2014 жылғы 16 қыркүйек пен 15 қазан мерзімі аралығында 2014 жылға технологияларды коммерцияландыруға арналған гранттар Бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдайды.
Бағдарлама мақсаты – өтінім берушілердің идеяларының коммерциялық жағдайын анықтау, озық халықаралық тәжірибені ескере отырып технологияларды лицензиялау, старт-ап компанияларды құру және/немесе жоғарытехнологиялық өнімдерді сату мақсатында оларды қаржыландыру.
Гранттық бағдарламаны іске асыру гранттардың 2 типіне бөлінеді:
- тұжырымдаманы негіздеу (техникалық құджаттарды әзірлеу және оларды сертификаттау және т.б.) – 22 млн. теңге және 6 айға дейінгі мерзіммен;
- өнеркәсіптік түптұлғаны құру (тәжірибелік-өнеркәсіптік немесе ұсақ-сериялық өндіріске шығу) – 74 млн. теңге және 12 айға дейінгі мерзіммен.
Берілген бағдарламаның ерекшелігі, «ТКО» ЖШС қызметкерлері грантты иеленушілерге тәжірибелік қолдау көрсету жүйесін енгізу болып табылады. Технологияларды нарыққа жылжыту бойынша әрбір жобаға қазақстандық-америкалық мамандар командасы бөлінетін болады.
Басымды бағыттар:
1. Табиғи қорларды тиімді пайдалану; шикізат және өнімдерді қайта өңдеу;
2. Энергетика және машина жасау;
3. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;
4. Ғылым және өмір
Өтінім берудің аяқталу мерзімі: «15» қазан Астана уақыты бойынша сағ. 18.00
Гранттық бағдарлама қатысты барлық сұрақтар бойынша :
Мұрат Мақсұтұлы Сартбаев, 8-7172-79-25-68,
Толық ақпарат: www.cest.kz сайтында
Информационный_бюллетень_15.09.14г_каз.яз
Просмотров: 476