“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Жунусова Алтнай Касимовна


Білімі:

1993 жылы Алматы қаласындағы Шет тілдері педагогикалық институтын (қазіргі Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті) бітірген.

2014 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде магистратурада оқыды.

Мамандығы: неміс және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Дәрежесі: педагогика ғылымының магистрі

Академиялық тәжірибесі: 1995 жылдан қазірге дейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.

Оқытатын пәндері: неміс, ағылшын тілдері және кәсіби ағылшын тілі.

Ғылыми зерттеу және оқу әдістемелік жұмыстары туралы мәліметтер:

Орыс және неміс тілдеріндегі еліктеуіш сөздер және аударма теориясы мәселелерін зерттеумен айналысады; 30-дан астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы; оқытатын пәндері бойынша ISBN индексімен 2 оқу-әдістемелік құралын құрастырған.

Әр жылдары және қазіргі кезде «Қазақстандағы көптілділік жағдайында оқу тәрбие үдерісін қарқындату мәселелері» деп аталатын мембюджеттік ғылыми зерттеу жұмысының орындаушысы болып табылады.

Университетте өткізілетін профессорлық-оқытушылар құрамы және магистранттар мен студенттердің ғылыми практикалық конференцияларында «Филология секциясы» бойынша төрағалық етті.

Кәсібилік тіркелімдері мен куәліктері:

Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің ҒЗОнда мәдениетаралық коммуникация және аударма мәселелері бойынша біліктілігін көтергені туралы сертификат (11-15 наурыз 2002ж.);

Гете институты ұйымдастырған неміс тілі оқытушыларынң Республикалық 5-ші съездінің сертификаты;

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Фрайберг таукен академиясының тілдер орталығында ғылыми тағылымдамадан өткендігі туралы сертификат (Германия, қазан–желтоқсан 2010ж.);

Ғылыми зерттеулерге арналған Thomson Reuters ресурстары бойынша Онлайн-семинардың қатысушысы сертификаты. (Scitntific&Scolarly Research, 27-31 мамыр 2013 );

Jipka” тілдер мектебінде тілдер курсының сертификаты (Чехия, Прага, 1-13 шілде 2015).

Сертификат «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында ұйымдастырылған «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру» семинарға қатысқаны үшін. (16 мамыр 2019ж)

Қатысушы сертификаты РҒМК «Білім беру трансформациясы: мазмұны, технологиясы, сапасы:»(29-30 қараша 2019ж)

Каталондық политехникалық университетте ERASMUS+ бағдарлама бойынша барғаны үшін сертификат (7-11 мамыр 2018ж)

Марапаттары:

«Нұр Отан» ХДП Теміртау филиалының мадақтамасы;

ҚМИУ ректорларының (Б.А. Найзабеков, М.К. Ибатов) мадақтамалары;

Ұлттық тестілеу орталығының Алғыс хаттары;

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы.

Электрондық пошта: altnai.zhunusova@mail.ru