“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Туысхан Курметбек


Туысхан Курметбек – техника ғылымдарының магистрі, «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы.

Білімі:
2012 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.

2012-2014 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде магистратурада оқыды. «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.

Еңбек жолы:

2012 жылы өзінің еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Инженерлік мамандық зертханада» инженер болып бастады.

2013-2018 жылдары Кокс цехының газшысы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары:

Ғылыми-педагогикалық өтілімі 4 жыл. Негізгі ғылыми бағыты – құйылатын дайындамалардың микроқұрылымына және қасиеттеріне құю мен басу тәсілінің әсерін зерттеу. Осы тақырып бойынша Ресей мен Қазақстанда халықаралық конференциялар мен журналдарда 6-дан астам мақала жарияланды.