“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

СИЛЛАБУС «Қоғамдық тамақтандырудағы бухгалтерлік есеп»

 

1 Оқытушылар туралы мағлұмат және түйiскен мәлiмет:

 Оқытушы – Нұрғалиева Әсел Қажатовна, экономика ғылым магистрі, аға оқытушы.

Мекенжай: Теміртау қаласы., Республика проспекті, Менеджмент және бизнес кафедрасы, Жаңа Корпус, 410 аудиториясы,  тел.: 90-79-04 (қосымша 202).

Сабақтардың ұақыты: дәрістер, тәжірибелік сабақтар, СОӨЖ бекiтiлген сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.

 

  • Пререквизитер

 Қаржылық есеп – 1.

 

  • Постреквизитер

 Саудадағы бухгалтерлік есеп

 

  • Курстық қысқаша сипаттамасы

Пәнді оқыту мақсаты: осы курсты оқуда қоғамдық тамақтанудағы бухгалтерлiк есептi жүргiзудің барысы туралы бүтiндiк түсінік берiледi. Қоғамдық тамақтану кәсiпорындарындағы есеп жүргізу  саясатының сұрақтары, калькуляция құрастыру және есеп берудi құрастыру, есепке алу жүргiзу зерттеледi. Қаржы нәтижелерiн анықтау тәртібі  ретке келтіріледі.

Қазақстандағы қазiргi заманауи мейрамханалар бизнесі (ісі,кәсібі) барлығы мынадай түрде қамтылған: классикалық Фаст – фудтар, quick service мейрамханалары (немесе QSR – жылдамдатылған қызмет көрсету); free flow (еркiн қозғалыс) мейрамханалары – технологиялық үдерiстерiнің кейбір бөлігі келушiлердiң көз алдына шығарылған,яғни өздері тамақтың әр түрлерiн таңдайды; «көбейтілген» (тиражды) мейрамханалар – дәстүрлi аспаздықтың жоғары сапасымен жаңа жартылай шикiзаттар және нан өнімдерін өздері (меншiктi) даярлауды  қолданатын орташа класты мекеме. Олар даяшылардың жоғары қызмет көрсету деңгейімен, әр түрлi қосымша қызметтерімен ерекшеленеді,мысалы тегін автокөлік қоятын жер, қалалық телефон,жаңа баспасөз, тағамды алып кету; авторлық мейрамханалар – мұнда ас үйінің, қызмет көрсетудің жоғары деңгейi және бағалар тұрақты клиенттерге бағытталған.

Скачать Силлабус