Магистратура
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес магистратура жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімге жатады және жоғарғы оқу орындары, өндіріс және ғылыми ұйымдар үшін ғылым және ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындауды қамтамасыз етеді. Магистратурада білім берудегі мақсат магистрантты өз бетімен оқуға, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметпен айналасуға ынталандыру, Қазақстан Республикасындағы оқу орындары мен шетелдік елдердің білім ұйымы берген «магистр» академиялық дәрежесі берілгені жайлы құжаттардың эквиваленттілігін қамтамасыз ету.
Мемлекеттің кәзіргі кездегі даму беталысы заманауи салалардың талаптарына сәйкес бағыттар спектрі бойынша терең білімді мамандарды дайындау қажеттілігін талап етеді. Жоғары тиіді өндірісті енгізужәне оның дамуы фундаменталды деңгейлі білімді, әртүрлі қызмет түрлерін бірге атқаруға қабілетті, кең ауқымды дағылары және икемділіктері қалыптасқан мамандарды дайындауды жүзеге асыруды қажет етеді.
Сонымен қатар, мамандарды дайындаудың соңғы кезеңінде нақты кәсіпорындар сұранысына қатысты олардың нақты икемделуі өте маңызды рол атқарады.
Осындай, аналитикалық және жүйелі ойлайтын кәсіби магистратурада білім алуды. сізге Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті ұсынады.
ҚМИУ магистратурасы – бұл ерекше мамандарды дайындауға арналған жүйе, олар магистратура қабырғасында білім алған уақыт ішінде нақты жұмыс жасауға арналған іскерлік дағдыларын және тәжірибесін игереді және өзінің кәсіпорының іс-әрекетіне қатысты қортынды магистрлік жұмыстарын жасайды.нәтижесінде бітіруші кәсіби құзіреттілікке ие болады, ол оған мынандай мүмкіндіктерді жүзеге асыруға:
- жылдам кәсіби іс-әрекеттке икемделудге;
- инновация жағдайында жұмыс жасауға, өзі жұмыс жасайтын саладағы отандық және әлемдік жетістіктер жайлы толық түсінігі болуға;
- терең фундаменталды білімді және жоғары шығармашылық потенциалды игеруге;
- күрделі ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуге, топта жұмыс жасауға және өз бетімен жеке өз біліктілігін жоғарлатуға жағдай жасайды.
ҚМИУ магистерлік бағдарламалары еңбек нарқына шақталып бағытталған және ірі жұмыс берушілермен ынтымақтастық негізінде жасалған. Магистратурада оқу кезінде бакалавриатта оқуға қарағанда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, жобаларды жасауға үлкен уақыт бөлінген, өз бетімен жеке осы ғылыми жұмыстарды орындауға қатысу үлесі үлкен. Сондықтан магистр-бітірушілерге деген сұраныс жыл сайын жоғарлауда.
Оқу мерзімі аяқталғаннан кейін «магистр» деген ғылыми дәреже және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Магистратура бағдарламасы бойынша ғылыми- және ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау 8 мамандық бойынша жүзеге асырылады:
1) 6М070900 – Металлургия
2) 6М072900 – Құрылыс
3) 6М050600 – Экономика
4) 6М072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы
5) 6М073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
6) 6М071200 – Машинажасау
7) 6М071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
8) 6М072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
Магистратураға түсушілерге қойылатын талаптар, жоғары базалы (бакалавриат) білімі не бағыттар (мамандықтар) бойынша арнайы жоғарғы білімі болу керек. Магистратураға түсу үшін шетел тілінен (тестілеу) және мамандық бойынша емтихан (ауызша) тапсырылады. Өтініштер 20 маусым мен 20 шілде арасында қабылданады. Түсу емтихандары 1 және 20 тамыз арасында өтеді. Оқуға қабылдау 1 қыркүйікте болады. Оқу бюджеттік және коммерциялық негізде жүзеге асырылады.
Білімдік магистрлік бағдарламаны жемісті игерген бітіруші докторантурада білім алуға дайын болады.
Анықтама алу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады:
Теміртау қ. Республика даңғ., 30
Ғылым және инновация департаменті, жаңа корпус, 209,а бөлме.
тел.: 8(7213)90-79-04 (ішк. 223)