“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Ректор блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау бойынша Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі. Біздің университетіміздің есігі сапалы білім алуға және сәтті мансап жасауға ұмтылған азаматтарға әрқашан ашық.

ҚМИУ студенті болу – құрметті және жауапты. Біздің студенттер жоғары деңгейлі кәсіби даярлықтарымен, өндірістік міндеттерді шешуге қатысты ерекше қабілеттерімен ерекшеленеді, бұл олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді. Біздің түлектер мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда, халықаралық компаниялар, ірі өндірістік кәсіпорындарда, білім беру мекемелерінде, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейді.

Университеттің  оқытушылар ұжымы мен студенттері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің жоғарғы оқу орнының түлегі екені үлкен мақтаныш.

Бүгінгі университет –  бұл бакалавриаттың он сегіз мамандығы, магистратураның сегіз мамандығы және PhD докторантураның екі мамандығы бойынша оқу бағдарламасын таңдауға мүмкіндік беретін жоғарғы оқу орны. Университет отандық және әлемдік үздік стандарттарға сәйкес келетін заманауи оқу және ғылыми құрал-жабдықтармен жабықталған.

Елеулі табыстар және қоғамдық мойындау біздің университетімізге деген шынайы мақтаныш сезімді қалыптастырады, сонымен бірге оның болашағына қатысты жауапкершілікті жүктейді.

Төртінші өнеркәсіптік революция осы күннің шындығына айналды. Біздің өмірімізде болып жатқан алға қарай өрлеу, өзгерістер, олардың қанатының жайған серпінін және жүйелі сипатын біз күн сайын көріп отырымыз.

4.0 индустрия әрқайысымызға қатысты жауапкершілікпен әрі қарай  үздіксіз дамуды талап етеді. Адамдар болашақтағы кәсіпорындарда жұмыс жасауға қабілетті ме, жаңа салаларға арналған зерттеу жұмыстарын кім жүзеге асырады деген сұрақ туындайды. Осы міндеттердің шешімін табатын біз, ҚМИУ ғылыми және педагогикалық зиялы қауым өкілдері.

Біз ҚазақстандыҮшінші жаңғыртуға қатысты  біздің мемлекетіміздің басшысының осы  бастамасын толығымен қолдаймыз. Жаңа Университеттің даму Стратегиясында Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін іске асыру көзделген, оның ішінде:  3D-принтинг, экономиканы цифрландыру, автоматтандыру және роботтандыру, жасанды интеллект.

Біздің басты мақсатымыз – ірі шағын Теміртау қаласының  қаланы құраушы кәсіпорны – мемлекеттік индустриялық универсиетін – аймақтағы білім беруді интеграциялау, ғылым және инновациялар қажеттіліктерін, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған орталық ретінде жаңғырту: жастардың әлеуметтік құқығын қорғау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар тау-кен және металлургия саласын  бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету.

 

ҚарИУ ректоры,

 биология ғылымдарының докторы,

профессор, Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов