20.03.2021ж. №2 Хабарлама
100400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30, «Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамынын Директорлар кеңесі Темиртау қаласы, Республика даңғылы, 30 мекенжайы бойынша орналасқан «Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамынын Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына конкурс жариялайды.
Қызметтің негізгі мәні: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Конкурсқа төмендегі тұлғалар қатыса алмайды:
1) жиырма бес жастан кіші;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 3×4 үлгідегі түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;
5) білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, көшірмелері;
6) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын кұжаттың көшірмесі.
7) № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес кұжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысу ұшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған кұннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген кұжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне ұсыну қажет (каб. 643), телефоны: 8(7172) 74-27-25, 74-25-22, e-mail: m.izbasar@edu.gov.kz.