“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ТҮСУ ТӘРТІБІ

ДОКТОРОНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ

 

 

Докторантураға түсушілерден өтініштер қабылдауды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиялары Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы (app.testcenter.kz) келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызы;

2) күнтізбелік жылдың 1-18 қарашасы аралығында жүргізіледі.

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылдың 4-20 тамызы аралығында;

2) күнтізбелік жылдың 19 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында жүргізіледі.

4 мен 20 тамыз аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.

19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.

Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылдың 15-28 тамызы аралығында;

2) күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанынан 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Түсуші өтініш беру кезінде бір ЖЖОКБҰ мен бір білім беру бағдарламаларының тобын көрсетеді.

Докторантураға түсуші адамдар мынадай құжаттар топтамасын ЖЖОКБҰға тапсырады:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кездегі түпнұсқасы);

3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4) шет тілін меңгеруін растайтын электрондық сертификат (ағылшын, неміс, француз) ағылшын тілі: IELTS   Academic (АЙЛТС Академик)/International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) шекті балл – кемінде 5,5;

Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46);

Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453;

неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

француз тілі: Test de Franзais International™ – Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл).

5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама. Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.

6) 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

7) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;

8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);

9) алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша). 4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері түрінде ұсынылады, оларды салыстырғаннан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған кезде қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰның қабылдау комиссиялары тексереді.

Докторантураға “магистр” дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.

  1. II. Докторантураға түсушілерден өтініштерді қабылдау ЖЖОКБҰның қабылдау комиссияларымен  бірлесіп Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Түсуші докторантураға түсу емтиханына қатысу үшін ЖЖОКБҰның қабылдау комиссияларымен  бірлесіп өтініш береді:

  • testcenter.kz сайтына кіреді және интерфейс тілін таңдайды;
  • өтініш беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркеледі (электрондық поштаға келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет);
  • түсушінің электронды поштасына жіберілген логин мен пароль арқылы авторизациядан өтеді (электронды поштаға келген логин мен парольді тестілеуге кіргенге дейін өшірмеу қажет);
  • ЖСН көрсетіп іздеу батырмасын басады (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және телефон нөмірін көрсетеді;
  • «өтініш беру» парақшасына өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура-докторантура)» таңдайды;
  • «докторантураға түсу емтиханын» таңдайды;
  • тіркеу деректерін толтырады;
  • түсуші докторантураға түсу емтиханының өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растайды;
  • төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасайды.

Барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін «Сіздің өтінішіңіз қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.

Түсушілер өз еркімен емтихан тапсыру қаласын таңдайды.

Егер де түсушіге берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (емтихан тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеу тапсыру тілі), оларға өтініш беру базасы жабылғанға дейін (3 тамызға, 18 қарашаға дейін) түзетуге мүмкіндік беріледі.

Ол үшін:

1) «Менің тарихым» бетіне өту;

2) өтінішті ашып, «Өтінішті түзету» батырмасын басу;

3) өзгерістер енгізу;

4) түзетуден кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Түсуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда деректер базасы жабылғанға дейін жеке кабинетінен өзінің өтінішін өшіруі қажет. Бұл жағдайда тестілеу үшін төлем келесі құжаттарды:

1) тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;
2) тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;
3) жеке куәліктің көшірмесін;
4) төлем картасының көшірмесін;
5) банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кезде қайтарылады.

Сонымен қатар төлем банктің комиссия шығындарын ұстай отырып, қайтарылатындығын хабарлаймыз.     

Тестілеу үшін төлем деректер базасы жабылғаннан кейін қайтарылмайды.

Докторантураға түсу емтиханына қатысу құны – 21072 тг.

*қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр, тестілеу мерзімі мен баға прейскурантына өзгерістер енгізілуі мүмкін

 

III.   Компьютерлік форматтағы докторантураға түсу емтиханы келесі блоктардан:
1) эссе жазудан;
2) докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен;
3) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады.

Докторантураға түсу емтиханына 4 сағат (240 минут) беріледі, оның ішінде:
– докторантураға оқуға дайындығын анықтау тестіне (бұдан әрі –ОДАТ)  – 50 минут;
– білім бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарын және эссе жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).

Бірінші ОДАТ бөлімі тапсырылады. ОДАТ бөлімін аяқтағаннан кейін түсуші эссе жазу және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру блоктарын орындау реттілігін өз еркімен таңдайды.
Түсу емтиханы аяқталған соң түсушінің эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімдері бойынша жауаптары өзі таңдаған ЖЖКОБҰ-ға өңдеу және бағалау үшін жіберіледі. Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бөлімі бойынша түсушінің жауаптарын ҰТО өңдейді.

Түсу емтиханының нәтижелері оны өткізгеннен кейін келесі күні жарияланады. Түсушілер түсу емтиханының нәтижелерімен жеке кабинетінде таныса алады.

Апелляцияға арналған өтініш нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00ден 13.30ға дейін аймақтық тестілеу орталықтары базасында қабылданады.

Апелляцияға арналған өтініштер ЖЖОКБҰның апелляциялық комиссиясымен өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қаралады.

Докторантураға түсуші адамдардан ОДА бөлімінде тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша апелляцияны Республикалық апелляциялық комиссия қарайды.

Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтінішті түсуші түсу емтиханын өту барысында береді.

Техникалық себеп бойынша апелляция тест тапсырмасы шартының фрагменті болмаған жағдайда қаралады.

Апелляцияға арналған өтініште мазмұндалған нақты фактілер қарастырылуға жатады.

Тест тапсырма шартының фрагмент (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) жоқ екендігі анықталған кезде, оның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау болмаса, түсуші «техникалық апелляция» қосымшасындағы экранға белгі қояды.

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция мынадай:

1) дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмеген (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);

2) дұрыс жауап жоқ болған;

3) барлық ұсынылған, жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдай отырып, тест тапсырмаларында бірден артық дұрыс жауап бар болған (дұрыс жауаптың барлық нұсқалары көрсетіледі);

4) тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайларда қаралады.

Тест тапсырмаларын қайта қарау үшін мазмұны бойынша өтініш берген кезде түсуші дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді.

Барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляцияға арналған өтініште дәлелді негіздеме (толық түсіндіру, тапсырмалардың толық шешімі) көрсетілмесе, қарауға жатпайды.

Онлайн апелляция нәтижелері бойынша түсушінің жеке кабинетінде апелляцияны есепке ала отырып, түсу емтиханының нәтижелері көрсетіледі.

Түсу емтиханының нәтижелері бойынша электронды сертификат беріледі.

Докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесінің 100 балдық шкаласы

 

 

Тест түрлері Балл
Эссе 20
Докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест 30
Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары 50
Барлығы 100

 

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын докторантураға түсу емтиханы балдарына ауыстыру шкаласы

GRE халықаралық стандартталған тест Түсу емтихандары
Тест секциялары “Педагогикалық ғылымдар” білім салаларына арналған, “Гуманитарлық ғылымдар”, “Әлеуметтік ғылымдар” кадрларын даярлау бағыттарына арналған балдар “Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика”, “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар”, “Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары” білім салаларына арналған, “Бизнес және басқару” кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар   Балл
Quantitative Reasoning кемінде 159 балл кемінде 164 балл Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханы 100
Verbal Reasoning 149 балдан кем емес 145 балдан кем емес Жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат 100
Analytical Writing 3 балдан кем емес 2 балдан кем емес

 

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін өту балы 75 балды құрайды