«Денешынықтыру»секциясы
Жоғарғы оқу орындарында денешынықтыру сабағы кәзіргі кездегі маманның жеке тұлға ретінде жалпы және кәсіби мәдениетті дағдыларының қалыптасуының ажырамайтын бір бөлігі, студенттерді адамгершілікке тәрбиелеу жүйесіндегі оқу пәні ретінде барлық мамандықтар үшін қажет, ол жан-жақты дамыған жеке тұлғаның қалыптасуында кәсіби дайындықты, денсаудықты шынықтырумен келешектегі маманды жоғары өнімді еңбек етуіне, Отанын қорғауға дайын болуын қамтамасыз етеді.
Кафедра 1964 жылы құрылды.
- Денешынықтыру кафедрасының бірінші меңгерушісі Юрий Иванович Теряки.
- 1976 – 1984 жылдар аралығында – Виктор Николаевич Пак.
- 1984 – 2000 жылдар аралығында – Владимир Алексеевич Токарев болды.
- 2000 жылдан бастап кафедраны, ал 2011 жылдан жалпыпәндер кафедрасының денешынықтыру секциясын Татьяна Николаевна Бобровская басқарады, ол кафедра ардагері, университетте 37 жылдан астам еңбек етеді. –
Уақытында кафедрада жұмыс істеді:
- С.А. Филатов – күрес, дзюдо бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спор тшебері
- А.Н. Сивоконь – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, паурлифтинг бойынша бірнеше дүркін әлем чемпиноны
- Р.К Колесникова – велоспорт бойынша КСРО спорт шебері, университет кафедрасында 25 жыл еңбек еткен ардагер.
Университетте денешынықтыру сабағы студентердің оқу кезеңінің бойында мынандай түрлерде жүзеге асырылады:
- оқу сабағы (міндетті);
- студенттер оқудан тыс уақытта өз беттерімен оқытушы тапсырмасы бойынша не спорт секцияларында спорт түрлері, туризм, денешынықтыру түрлерімен айналысады.
- демалыс күндері, қысқы және жазғы демалыс, емтихандық сессия, оқудан бос уақытта өткізілетін бұқаралық, сауықтыру, денешынықтыру және спорттық шаралар.
Оқу сабақтары денешынықтыру тәрбиесінің негізгі түрі болып саналады, барлық мамандықтар бойынша оқу жоспарында жоспарланады, оқу кестесіне енгізіледі, оларды өткізу аптасына 4 сағат көлемде студенттің үш жыл оқу кезеңінде денешынықтыру секциясының оқытушыларымен қамтамасыз етіледі.
Денешынықтыру сабағы бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін әрбір курста оқу бөлімдері құрастырылады: арнайы, дайындықты және спорттық жетілдіру. Оқу семестрі ачқталған езеңде әрбір студент міндетті дифференцирленген сынақ тапсырады, оның құрамына бақылау және «президенттік тесті» нормативтері кіреді.
ДШ секциясы әрбір сабаққа қажетті әдістемелік нұсқаулар, оқу-спорттық инвентарлар, тренажерлер, жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Университеттің жарыстық бағдарламасы:
- республикалық денсаулық акциясы;
- «Бірінші курс» спартакиадасы;
- факультетаралық спартакиада;
- Қарағанды облысының ЖОО спартакиадасы;
- «Наурыз» спортттық бағдарлама;
- қалалық жеңіл атлетикалық эстафеталары және т.б.
Осы жылдар ішіндегі университет түлектерінің жеңістері:
- И.Ружников – КСРО кубогының жеңілпазы, бокс бойынша әлем чемпионатының жүдегері, халықаралық спорт шебері;
- Е.Елюбаев – бокс бойынша жасөспірімдер арасында КСРО және Еуропа ойындарының жеңілпазы, халықаралық спорт шебері;
- А.Моторный, В.Кох, А.Евсеев, С.Бессонов, Р. Хабибулов – дзюдо бойынша Қазақстан чемпиондары, спорт шеберлері;
- О.Шек, Е.Ерыгин, С.Семенов – КСРО спорт шеберлері, оқты ату спорты бойынша Қазақстан чемпиондары;
- А.Баранов, В.Иванов, В.Коврижных, И.Поливкин, И.Штанько, Д.Козлов – академиялық ескек бойынша КСРО спорт шеберлері;
- И.Чекурсков, А.Райков, Е.Морозов – волейбол бойынша ҚР спорт шеберлері;
- Е.Рыжков, С. Осинский – жүзу бойынша халықаралық спорт шеберлері, Греция, Қытай, Австрияда өткен Олимпияда ойындарының қатысушылары;
- Сергей Бердяев – халықаралық спорт шебері, самбо бойынша әлем чемпионы;
- Татьяна Потемкина – халықаралық спорт шебері, гирлі спорт түрі бойынша үш дүркін әлем чемпионы.
Студенттер үшін құрамында 6 спорт залы бар спорт кешені жзұмыс жасайды:
- үлкен ойын залы (волейбол, баскетбол, футбол);
- кіші ойын залы;
- күрес және шейпинг залы;
- арнайы дәргерлік зал;
- ауыр атлетика залы;
- үстелді теннис залы.
Спорт кешенінің жанында футбол алаңы, жағажайлық волейбол алаңы және гимнастика қалашығы орналасқан.
Жақын уақытта құрамында футбол алаңы, стрит-бол алаңы, теннисті корд бар шағын стадион құрлысын салу қарастырылған.
Біздің фотолар жиынағының мұрағатын қараңыз.