5В071700 – Жылуэнергетика
Кәсіби қызметтердің түрлері:
5В071700 – Жылуэнергетика мамандығы бойынша бітірген бакалаврлар келесі кәсіптік қызметтерді орындай алады:
- конструкторлық, әрi жобалаушы;
- өндірістік-басқармалық;
- ғылыми-зерттеуші;
- эксплуатациялық, оның ішінде коммуналдық қызмет көрсетуші;
- маркетингтік.
Сондай-ақ өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығының кез-келген саласында жұмыс істей алады.
5В071700 «Жылуэнергетикасы» мамандығына жалпы сипаттама
Бітіруші түлектің мамандығы – жылуэнергетик.
Мамандықтың ғылым және техника саласындағы орны: Жылуэнергетика – техника саласының құрамына кіретін жылу энергиясын алу және оны жеткізу жұмыстары бойынша қызмет ететін объектілер мен комплекстерді жасайтын және қолданатын құралдар мен тәсілдердің жиынтығы.
ЖЭ студенті келесі пәндерді оқиды:
- Гуманитарлық пәндер: ҚР мемлекеттік тілін, шетел тілдерін, Қазақстан тарихын, мәдениетттану, философия;
- Саяси-әлеуметтік пәндер: саясат-тану, құқық негіздері, социология;
- Экономикалық пәндер: өндіріс экономикасы, менеджмент пен маркетинг теориясы, нарықтық қатынастар теориясы;
- Негіздік пәндер: математика, физика, химия;
- Инженерлік ғылымдар: теориялық механика, электр техникасы, сұйықтар мен газдар механикасы, техникалық термо-динамика;
- Арнайы пәндер: жылумаңызалмасу теориясы, жылумаңызалмасу процесстері мен қондырғылары, жылумен қамтама-сыздандырудың көздері мен жүйелері, қазандық қондырғылар, қысымдауыштар және жылулық қозғалтқыштар, энерго-тасымалдауыштар, жоғары температуралық процестер.
ЖЭ студенті инженерлік мамандықтан басқа әскери мамандыққа (байланыс офицері және лейтенант), ЖЭЕМ пайдаланушы оператор мамандығына ие болады.
ЖЭ студенті «АrcelorMittal Теміртау» АҚ, «Ваssel Group LLS» ЖШС, ЖЭО-2, «Оқжетпес» ЖШС, «Энергия» АҚ және басқа жылуэнергетика объектілерінің бөлімдері мен цехтарында тәжірибеден өтеді, сонымен бірге студент тәжірибе орнын өзі таңдауға болады.
Күндізгі және кешкі оқу жүйесі келесі тәртіп бойынша орындалады: орта мектеп түлектері – күндізгі оқу бөлімініне түссе, 4 жыл оқиды, ал колледжді бітірген түлектер – 2,5 жыл оқиды. Кешкі оқу түріне колледжді бітірген түлектер «колледж – ЖОО» жүйесі бойынша 3,5 жыл оқиды.
«ЖЭ» мамандығы бойынша екінші жоғарғы білімді 2,5 жылда алуға болады. Бұл жүйе бойынша оқуға қабылдау сұқбаттасу арқылы өткізіледі.
- ЖЭС құралдары, қазан қондырғылары және басқа да жоғары температуралық жылу көздері мен жылумен қамдау жүйелерін басқарудың, оларды пайдаланудың негіздерін терең оқылады;
- Маркасы Pentium ЖЭЕМ бар компьютер сыныбында үздіксіз терең дайындауы іске асырылады;
- Үшінші курстан бастап оқу озаттарын жеке оқытады;
- Металлургиялық, химиялық және жылуэнергетикалық өндірістерге үшін арнайы оқытады;
- Мамандарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде де дайындайды;
- «Энергосақтау туралы» ҚР заңын іске асыру үшін инженерлерді дайындайды.