“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Басты


ҚарИУ мен Астрахань мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық кеңеюде.

10 наурыз, 2021 жылы «Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушылары мен ҚарИУ студенттері Әзербайжан мемлекеттік экономикалық университетінің «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Севда Мамедова өткізген «Бизнестің сыртқы және ішкі ортасы» онлайн-дәрісіне қатысты. Дәріс аясында қатысушылар кәсіпкерлікті құру модельдері, бизнесті жүргізуге әсер ететін факторлар туралы әңгімелеп, өнімді өндіру және сату жағдайларын талқылады. Бұл іс-шараны Астрахан мемлекеттік университетінің халықаралық [...]
11.03.2021, 18:06:39, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қарағанды индустриялық университетінің инфрақұрылымындағы маңызды компоненттердің бірі – ғылыми кітапхана.

Университеттің білім беру қызметіндегі ғылыми кітапхананың негізгі міндеттері: студенттерге және университет қызметкерлеріне жедел, толық кітапханалық-ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету және білім беру бағдарламаларына сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру. Университет кітапханасының қоры студенттерге, магистранттарға, докторанттар мен оқытушыларға көмек ретінде оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен жыл сайын толықтырылып отырады. Осыған байланысты университеттің алдында күрделі міндет тұр – барлық студенттерді мемлекеттік [...]
11.03.2021, 18:00:27, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Құрметті студенттер!

Сіздерді «Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – мереке» фотоколлаждар байқауына белсенді қатысуға шақырамыз. Байқаудың тақырыбы – әдет-ғұрыптар,  салт-дәстүр, отбасылық дәстүрлер, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрлері және табиғаттың көктемгі өзгеруі. Байқауға қатысушылардың үздік фотосуреттері 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен, сонымен қатар қосымша номинациялар бойынша марапатталады. Байқауға А4 форматты қағазға түрлі-түсті немесе ақ-қара түсті фотосуреттер қабылданады [...]
11.03.2021, 13:22:27, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Құрметті студенттер!

Сіздерді «Біздің көңілді студенттік өмір» бейнебаяндар байқауына белсенді қатысуға шақырамыз. Байқауға қатысушылар сертификаттар және сыйлықтармен марапатталады. Байқауға көлемі 2 минутқа дейінгі бейнебаяндар қабылданады, бейнебаян студенттік өмір шындығын бейнелеуі керек (сабақ, жатақхана, демалыс және т.б.). Бейнебаяндардың авторларының: аты-жөні, тобы және ұялы телефон көрсетілуі керек. Үздік видеолар әлеуметтік желілердегі аккаунттарда және университетіміздің ресми сайтында орналастырылады. Материалдарды ninulichik@mail.ru [...]
11.03.2021, 13:20:11, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қарағанды индустриялық университетінің ұжымына жаңа Басқарма төрағасы м.а.- ректор таныстырылды

10 наурызда ҚарИУ Ғылыми Кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Мұхтарұлы Дауленов жаңа Басқарма төрағасы м.а. – ректор Болатбек Серікбайұлы Абдрасиловпен таныстырды. Мирас Мұхтарұлы жаңа ректордың басқару жұмысындағы үлкен тәжірибесін, оның жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін атап өтті, Ғылыми Кеңес мүшелерін Болатбек Серікбайұлының өмірбаянымен таныстырды. Соңында вице-министр университет ұжымы алдына [...]
10.03.2021, 21:09:21, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар