Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны шеңберінде Теміртау қаласы бойынша облыстық ЖИТС бөлімінің мамандары білім бөлімімен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, халықтың білімін арттыруға және АИВ-инфекциясының алдын алу шараларына бағытталған түрлі іс-шаралар өткізуде. 22-26 қараша аралығында Қарағанды индустриялық университетінде өтетін «Сенің таңдауың-сенің өмірің!», нашақорлық пен АИВ – инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы [...]
→
Біздің университеттің студенттері блогерлер форумына қатысты. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Теміртау қаласының тәжірибелі спикерлерінің қатысуымен «Блогерлер форумы» өтті. Іс-шаралар барысында қатысушылар үшін Social Media Marketing бойынша мастер-класс, сондай-ақ ең белсенді қатысушылар үшін жүлделер ұтыс ойыны ұйымдастырылды.
→
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында “Жасанды интеллект технологиялары” кафедрасында “Энергетика, көлік және басқару жүйелері” факультетінің әдістемелік апталығын өткізу аясында “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” пәні бойынша ашық мастер-класс өтті, оған ХТОВ, ТФП, ПЭиПБ, МЦМ, ТППиОЖКХ-21с. академиялық топтарының студенттері белсенді қатысты. Мастер-класс барысында Крамер әдісін қолдана отырып, қарапайым итерацияның қадамдық математикалық әдісінің көмегімен, сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін шешу әдістері, сондай-ақ, [...]
→
«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде ғылыми семинар өткізілді. Семинарға университет кафедраларының ғалымдары мен магистранттары қатысты. Кафедра доценті, т.ғ. к Әшкеев Жасұлан Аманжолұлы «Үздіксіз көлемді металл наноматериалдарды алу әдістері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында наноматериалдарды алу үшін пайдаланылатын металдарды қысыммен өңдеудің қолданыстағы және перспективалық тәсілдері ұсынылды. Біздің [...]
→
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары су тасқынын болжау жүйесін және агрономға арналған планшет әзірледі. Электрондық ресурс су тасқынын мониторингілеп, болжауға мүмкіндік береді. Жүйе инфрақұрылым объектілерінің цифрлық, координаттық және картографиялық деректерін қамтиды. 💬«Шығыс Қазақстан облысында белгілі бір кезеңде өзендер арнасынан шығып, кенттер мен тұрғын үйлерді су басу қаупі туындайды. Сондықтан біздің алдымызда өзендердегі [...]
→