“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Басты

Сегодня 06.10.2024: первое воскресенье октября. День учителя. С профессиональным праздником!

Дене тәрбиесі секциясы КарИУ студенттері арасында жарыстар өткізді

    Дене тәрбиесі секциясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау құрметіне КарИУ студенттері арасында жарыстар өткізді. Қыздар арасында ЖДШ бойынша жарыстар үш бағыттаөткізілді: секіртпемен секіруде 1 орынды Абсатар А., орнында секіруде 1 орынды Тәсібек М. және Жиенбек С., степте секіруден 1 орынды Күндебай Н. алды. Волейболдан жасөспірімдер арасындағы жарыста бірінші орынды Алаш командасы (Капитан Рахымбек [...]
20.12.2021, 10:55:12, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚарИУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

2021 жылғы 15 желтоқсанда Қарағанды индустриялық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. ҚарИУ ректоры Б.С.Әбдірәсілов құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік және ұлтаралық келісім барлық қазақстандықтар үшін басты құндылық және байлық болып қала беретінін атап өтті. Одан кейін университеттің дамуына үлес қосқан оқытушылар мен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. [...]
15.12.2021, 17:10:16, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

КарИУ студенттері жұмыс беруші – «KAZPROM AVTOMATIKA» ЖШС өкілдерімен кездесті

Қарағанды индустриялық университетінде «Автоматтандыру және басқару» және «Электр энергетикасы» мамандықтары бойынша оқитын бітіруші курс студенттері өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы негізгі жұмыс берушілердің бірі – «KAZPROM AVTOMATIKA» ЖШС-мен кездесті. Кездесуді ұйымдастырушы ретінде «Жасанды интеллект технологиясы» және «Энергетика» кафедралары болды. Кездесу Қарағанды индустриялық университеті студенттерінің «KAZPROM AVTOMATIKA» ЖШС базасында өндірістік және диплом алдындағы практикадан өту мәселелеріне арналды. Кездесу [...]
14.12.2021, 17:09:28, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

КарИУ-да «Жасанды интеллект технологиясы» кафедрасының студенттерімен «Астана» халықаралық қаржы орталығының онлайн-кездесуі өтті

2021 жылдың 14 желтоқсанында «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының базасында онлайн-форматта ZOOM алаңында «Бағдарламалық инженерия», «Автоматтандыру жүйелері инженериясы» және «Жасанды интеллект технологиялары» білім беру бағдарламаларының және «Автоматтандыру және басқару», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті. Спикер ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қаржылық қызметтерді реттеу комитеті қаржылық технологиялар департаментінің инновациялық [...]
14.12.2021, 16:16:49, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Болашақ жастары» облыстық дебат турнирі

  11 желтоқсан Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Болашақ жастары» облыстық дебат турнирі өтті. Дебат турниріне Қарағанды өңірінің барлық жоғары оқу орындары қатысты. Біздің университеттен 3 команда өнер көрсетті. Құрамына келесі студенттер кірді: Сәкенқызы Дана, Тілеубек Арайлым, Бақыт Нұрай, Ілияс Ыбырай, Нұрланұлы Бақдәулет. Турнирге біздің дебатерлерді дебат клубының жетекшісі Жүмәлі Нурикамал дайындады. [...]
12.12.2021, 17:34:10, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар