“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Басты


ҚМИУ-де “Түлек-2019” жұмысқа орналастыру жәрмеңкесі өтті

2019 жылы 18 сәуірде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде “Түлек-2019″дәстүрлі жұмысқа орналастыру жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға өз компанияларының дамуына, жаңа күш ағымына, тез өзгеретін технологиялық қазіргі әлемде бағдарланатын жаңа мамандарға мүдделі Қазақстан кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында “АрселорМиталл Теміртау” АҚ, “Кентау трансформатор зауыты” АҚ, “Теміртау электрометаллургиялық комбинаты” АҚ, “JIB Recruitment Temirtau” ЖШС, “КазТемирСтрой” ЖШС, “Авангард-Строй” [...]
18.04.2019, 17:27:17, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ-ның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы Спартакиада

9-15 сәуір аралығында спорттың 11 түрінен ҚМИУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің жыл сайынғы спартакиадасы өтті. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді, әр түрлі жастағы оқытушылар ғана емес, сонымен қатар ардагерлер де жарысады. Спартакиадаға «Металлургия және машина жасау», «Экономика және құрылыс», «Энергетика, көлік және жүйелерді басқару», ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледж және «Инфрақұрылымды пайдалану және дамыту» департаментінің [...]
16.04.2019, 18:20:55, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ-де «Қаныш Сәтбаев – қазақтың тұңғыш ғалым академигі» тақырыбында Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған ашық кураторлық сағат өтті

2019 жылдың 16 сәуірде «Рухани жаңғыру» және «Жастра жылы» аясында ҚМИУ-де аса көрнекті ғалым, инженер-геолог, мемлекет қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған ашық кураторлық сағат өтті. Іс-шараны «МжМ» кафедра оқытушысы Туысхан Курметбек Туысханұлы, «МҚӨ» кафедра оқытушылары Абишкеноа Максат Жарылғасынұлы және Сайдрахимов Нурболат Бахтиярұлы ұйымдастырды. Кештің қатысушылары Қ. [...]
16.04.2019, 17:31:40, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Қарттарым асыл қазынам» атты студенттердің ҚМИУ ардагер-ұстаздарымен кездесуі

16 сәуірде «Рухани жаңғыру» және «Жастар жылы» аясында алдыңғы буын – қарттар мен кейінгі буын – жастардың басын қосып, «Қарттарым  — асыл қазынам» атты танымдық-тәрбиелік кездесу өткізілді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деген болатын осыдан екі жыл бұрын жазған [...]
16.04.2019, 17:02:16, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ жалпықалалық сенбілікке қатысты

2019 жылдың 13 сәуірде «Біз – таза қала үшін!» Теміртау қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша экологиялық айлық өтті. Біздің университеттің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері таза ауада серуендеп, сүйікті қаланы тазалап, көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Қолдарына тырма, күрек алып, өткен жылғы жапырақтарды, газон тазалады.  Барлық қатысушылар сенбілікті кішкентай жақсы мереке ретінде қабылдайды, жұмыс күндер [...]
13.04.2019, 15:59:36, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар