Жартылай өнеркәсіптік ДУО 200-150 таптау станы
Қолданылу аясы: Әр түрлі болат маркаларын ыстықтай таптау бойынша зертханалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған. Станда қарқынды пластикалық деформацияны іске асыру мүмкіндігі де қарастырылған.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, «Таптау стандары» учаскесі |
Nabertherm L40/12 электрлі муфельді пеші
Қолданылу аясы: ДУО 200-150 станында таптаудың алдында тәжірибелік үлгілерді қыздыруға арналған.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, «Таптау стандары» учаскесі |
Моделі М4127 пневматикалық соғу тоқпағы
Қолданылу аясы: тегісс және фасонды соққыштармен металды еркін соғу арқылы ұзарту, отырғызу, тесу, ұсталық дәнекерлеу, сондай-ақ ыстықтай шабу және ию секілді ұсталық жұмыстарды орындауға арналған.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, соғу тоқпақтары учаскесі |
РСП 10-30 көлденең-винтті таптау мини-станы
Қолданылу аясы: барлық дерлік пластикалы металдар мен қорытпалардан шағын қималы сымшыбықтар өндіруге арналған. Аз уақыт ішінде кең өлшемдік-маркалық сортаменттегі шағын және өте шағын таптама партияларына тапсырыстарды орындауға мүмкіндік береді. Көлденең-винтті таптау барысында деформация ауқымында негізінен металл бөлшектерінің ығысу арқылы орын ауыстыруы туындайды, ал бұл өз кезегінде металл құрылымының барынша тығыздалуына және таптама сапасының айтарлықтай жақсаруына септігін тигізеді.
Орналасқан жері: «Металдарды қысыммен өңдеу» тәжірибелік-өнеркәсіптік алаңы |
В-1/550М созу станы
Қолданылу аясы: бастапқы диаметрі 8-3,6 мм аралығында болатын болаттан жасалған сым таптамаларын салқындай әрі үйкелісті азайтып созу арқылы диаметрі 7-3 мм аралығында болатын болат сымдар өндіруге арналған.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, металдарды қысыммен өңдеудің заманауи әдістері зертханасы |
Nabertherm R80/750/12-В электронды әмбебап құбыршалы пеші
Қолданылу аясы: әр түрлі материалдарды 1200°С температураға дейін қыздыруға және әр түрлі термиялық өңдеулерді жасауға арналған. РСП 10-30 көлденең-винтті таптау станын қолданып ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасағанда қолданылады.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, металдарды қысыммен өңдеудің заманауи әдістері зертханасы |
Nabertherm LН 30/14 электронды камералық пеші
Қолданылу аясы: әр түрлі материалдарды 1300°С температураға дейін қыздыруға және әр түрлі термиялық өңдеулерді жасауға арналған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасағанда қолданылады.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, металдарды қысыммен өңдеудің заманауи әдістері зертханасы |
Моделі ПБ 6330-02 бір тіректі гидравликалық пресі
Қолданылу аясы: күші 1000 кН болатын гидравликалық пресс монтаждау-престеу, штамптау, тесу-калибрлеу, отырғызу операцияларын орындауға арналған әмбебап жабдық болып табылады. Түзету үстелін орнатып түзету операциясын орындауға да қолдануға болады. Сонымен қатар престе шабу, кесу, ию және штамптау операциялары да орындалады. Пресс ығысу деформацияларын іске асыру үшін әзірленген жаңа құралдарды сынақтан өткізу үшін де қолданылады.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, металдарды қысыммен өңдеудің заманауи әдістері зертханасы |
Tegra Force-1 қондырғысымен жабдықталған Struers фирмасының Tegra Pol-11 ажарлау-жылтырату станогы
Қолданылу аясы: матаериалдарды автоматтандырылған түрде жоғары сапалы ажарлауға және жылтыратуға арналған. Станок MD-System магниттік фиксациясындағы ажарлайтын дискілер мен жылтырататын шұғаларды пайдалана отырып жұмыс істейді. Виккерс шкаласы бойынша қаттылығы 30–2000 HV аралығындағы материалдарды материалографиялық дайындауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
предназначен для высококачественного автоматизированного шлифования и полирования. Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, дайындау зертханасы |
Struers фирмасының Labotom-3 кесу станогы
Қолданылу аясы: металлографиялық үлгілерді қолмен басқару арқылы кесуге арналған.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, дайындау зертханасы |
ДУО 120 зертханалық таптау станы
Қолданылу аясы: түсті металдар мен қорытпалардан жасалған жолақтардан салқындай таптау жолымен қаңылтыр өндіру бойынша оқу-зертханалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған.
Орналасқан жері: 102-ші мамандандырылған аудитория |
ДУО 250 зертханалық таптау станы
Қолданылу аясы: түсті және қара металдар мен қорытпалардан жасалған жолақтардан салқындай таптау жолымен қаңылтыр өндіру бойынша оқу-зертханалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған.
Орналасқан жері: ұсталық-престеу және таптау жабдықтары зертханасы, жаңа корпус 011-ші аудитория |
Профиль июші стан
Қолданылу аясы: металл жолағын біліктердің арасынан өткізіп салқындай ию (пішінге келтіру) арқылы иілген профильдерді өндіруге арналған.
Орналасқан жері: ұсталық-престеу және таптау жабдықтары зертханасы, жаңа корпус 011-ші аудитория |
ПСУ-50 зертханалық пресі
Қолданылу аясы: әр түрлі соғу операцияларын орындауға, сондай-ақ материалдарды сығылуға сынауға арналған.
Орналасқан жері: ұсталық-престеу және таптау жабдықтары зертханасы, жаңа корпус 011-ші аудитория |
«PROMA» фирмасының SPB-400(550)/400 әмбебап токарь станогы
Қолданылу аясы: негізінен айналу денелерін жону арқылы жоңқа қабатын кесіп алып өңдеуге арналған. Станокта цилиндрлі, конусты, фасонды беттерді жону, шет жақтарын кесу, сондай-ақ тесіктерді бұрғылау және кеңейте бұрғылау, бұранда салу, бұдырламалар жасау, сылу және басқа да токарьлық өңдеу түрлерін іске асыруға болады.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, металдарды қысыммен өңдеудің заманауи әдістері зертханасы |
«PROMA» фирмасының FHV-50PD әмбебап фрезерлеу станогы
Қолданылу аясы: фрезаның көмегімен тегіс және фасонды беттерді, ойықтарды, кемерлерді, айналу денелерінің беттерін, бұрандаларды, тісті дөңгелектердің тістерін және т.б. кесумен өңдеуге арналған.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, металдарды қысыммен өңдеудің заманауи әдістері зертханасы |
СНОЛ 10/11 муфельді электрлі зертханалық пеші
Қолданылу аясы: әр түрлі материалдарды 1150°С температураға дейін термиялық өңдеуге (қыздыруға, шынықтыруға, жасытуға) және талдау жұмыстарын жасауға арналған.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, металдарды қысыммен өңдеудің заманауи әдістері зертханасы |
VFD370CP43B-21 Delta Electronics жиілік түрлендіргіші
Қолданылу аясы: қуаттарының диапазоны кең аралықтарда болғандықтан таптау стандарының қозғалтқыштарын айналым санын реттеуге арналған.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, металдарды қысыммен өңдеудің заманауи әдістері зертханасы |
JUMO LOGOSCREEN 500 cf көп функциялы қағазсыз экранды өздігінен жазғышы
Қолданылу аясы: тұрақты токтың күшінің, кернеуінің және тұрақты токка кедергінің сигналдарын (сондай-ақ терможұптар мен кедергі термотүрлендіргіштерінен шығатын сигналдарды) өлшеуге, тіркеуге және экранға шығаруға арналған.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы, металдарды қысыммен өңдеудің заманауи әдістері зертханасы |
С-300 Фаворит инфрақызыл пирометрі
Қолданылу аясы: қатты (сусымалы) денелердің беттеріндегі және судың температурасын олардың өздері шығаратын жылулық сәулелері арқылы аталған материалдарға жанаспай температураларын өлшеуге арналған. Температурасы өлшенетін беттің өлшемдері пирометрдің бұрыштық көру аймағына байланысты болады.
Орналасқан жері: «Метрология» зертханасы |
С-500 Самоцвет инфрақызыл пирометрі
Қолданылу аясы: қатты (сусымалы) денелердің беттеріндегі және судың температурасын олардың өздері шығаратын жылулық сәулелері арқылы аталған материалдарға жанаспай температураларын өлшеуге арналған. Температурасы өлшенетін беттің өлшемдері пирометрдің бұрыштық көру аймағына байланысты болады.
Орналасқан жері: «Метрология» зертханасы |
А1214 Expert ультрадыбыстық дефектоскобы
Қолданылу аясы: металдар мен пластмассалардан жасалған бұйымдардың материалдарының тұтастығы мен біртектілігіндегі әр түрлі бұзылуларды іздеуге, координаталарын анықтауға және өлшемдерін бағамдауға арналған. Аспап өзінің энергияға тәуелсіз жадысында уақытша шыққан жаңғырық түріндегі сигналдарды қалыптастыруға, тіркеуге және сақтауға мүмкіндік береді. USB порт арқылы компьютерге жалғауға болады. ADM2 Lite бағдарламалық қамтамасыздандырылуы арқылы аспап жадысында сақталған деректерді компьютерге жіберіп талдауға және құжаттауға болады. Ғимараттар мен құрылыстарды тексеру бойынша шаруашылық-келісімдік жұмыстарды орындау үшін қолданылады.
Орналасқан жері: «Метрология» зертханасы |
ТЭМП-2 электронды шағын габаритті қаттылық өлшегіші
Қолданылу аясы: өндірістік және зертханалық жағдайларда әр түрлі материалдардан (болаттан, шойыннан, түсті металдардан, резеңкеден және т.б.) жасалған бұйымдардың Бриннель (НВ), Роквелл (HRC), Виккерс (HV), Шор (HSD) шкалалары бойынша қаттылықтарын жылдам өлшеуге, сондай-ақ беріктік шегі мен аққыштық шегін анықтауға арналған.
Орналасқан жері: «Метрология» зертханасы |
МЕТ-УД комбинациялы портативті қаттылық өлшегіші
Қолданылу аясы: салмағы мен сипаттамалары жағынан әр түрлі бұйымдардың Бриннель (НВ), Роквелл (HRC), Виккерс (HV), Шор (HSD) шкалалары бойынша қаттылықтарын жылдам өлшеуге, сондай-ақ перлиттік класқа жататын көміртекті болаттардың созылуға беріктік шегін анықтауға арналған. Динамикалық және ультрадыбыстық әдістерді бірлесе қолдану (комбинациялық әдіс) әр түрлі бұйымдарды бақылаудағы аталған аспаптың әмбебаптығын көрсетеді.
Орналасқан жері: «Метрология» зертханасы |
УИМ-23 әмбебап өлшеу микроскобы
Қолданылу аясы: тік бұрышты және полярлық координаталарда әр түрлі бұйымдардың сызықтық және бұрыштық өлшемдерін өлшеуге арналған.
Орналасқан жері: «Метрология» зертханасы |
ViewSonic PJD5 Series проекторы
Қолданылу аясы: экранда әр түрлі оқу материалдары мен презентацияларды көрсетуге арналған. Пульт көмегімен қашықтан басқару мүмкіндігі де бар.
Орналасқан жері: 102-ші мамандандырылған аудитория |
МИ-40КУ әмбебап бұрау-үзу машинасы
Қолданылу аясы: созылуға, сығылуға, бұралуға, сондай-ақ осы деформацияларды біріктіре отырып сынауға арналған. Траверсасы жылжытылатын және жұмыс аймағы астыңғы жағында орналасқан жабық типті құрылғы болып табылады. Ең үлкен күші – 40 кН.
Орналасқан жері: механикалық сынақтар зертханасы |
КОМПАС-3D автоматтандырылған жобалау жүйесі
Қолданылу аясы: әр түрлі конструкторлық-технологиялық құжаттамаларды орындауға арналған.
Орналасқан жері: компьютерлік сынып (І-131) |
DEFORM бағдарламалық кешені
Қолданылу аясы: қысыммен өңдеудің әр түрлі үдерістерінде металдың жағдайын үш өлшемді модельдеу жолымен сипаттауға және талдауға арналған.
Орналасқан жері: компьютерлік сынып (І-131) |
Simufact Forming бағдарламалық кешені
Мақсаты: әртүрлі қысыммен өңдеу процестеріндегі металдың үш өлшемді әрекетін талдауға арналған. Deform-дан икемді модельдеуге мүмкіндік беретін бірқатар түбегейлі айырмашылықтар бар.
Орналасуы: компьютерлік сынып |
Механикалық Микрометр, 25-50 мм. MATRIX”
25-50 мм MATRIX 317505 механикалық микрометр-бұл болаттан жасалған жоғары дәлдіктегі құрал.
Мақсаты: өнімнің сыртқы өлшемдерін өлшеуге, әсіресе дәл өлшеуге арналған.
Орналасуы: 102 мамандандырылған аудитория. |
Қолданылу аясы: Зертханалық жұмыстар мен білім алушылардың ҒЗЖ қажетті үлгілерді қыздыру және материалдарды балқыту үшін.
Орналасқан жері: ҚарИУ өндірістік-өнеркәсіптік алаңы |
Қолданылу аясы: Роквелл бойынша пластиктің, композитті материалдардың, үйкеліс материалдарының барлық түрлерінің, жұмсақ металдардың және металл емес жұмсақ материалдардың қаттылығын анықтау үшін.
Орналасқан жері: “Электрондық микроскопия және нанотехнология”инженерлік бейіндегі зертхана
|