Кафедра туралы
Кафедраның құрылу тарихы Қарағанды металлургия комбинатының дамуымен байланысты. «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасы 1964 жылы құрылды.
1965 жылы «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандығы бойынша күндізгі бөлімге бірінші студенттер қабылданды. Ұзақ уақыт «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасы «Металдарды қысыммен өңдеу» (илемдеу өндірісі бойынша мамандандырумен), «Металдарды қысыммен өңдеу машиналары мен технологиясы» (ұсталық-штамптау өндірісі бойынша мамандандырумен) мамандықтары бойынша инженерлерді дайындады. Кафедрада барлығы 1700-ден астам инженер дайындалды. Олардың көбі белгілі ғалымдар, мамандар, өндіріс басшылары, әскери қызметкерлер және кәсіпкерлер атанды.
Кафедраның алғашқы меңгерушісі т.ғ.к., доцент Бурыкин А.А. болды. Одан әрі кафедраның меңгерушілері: Давильбеков Н.Х., Мирный А.И., Дикалов Б.А., Дылюк А.Г., Машеков С.А., Талмазан В.А., Лежнев С.Н., Ашкеев Ж.А. және Кривцова О.Н.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі болып PhD доктор Ахметова Гүлжайнат Есенжолқызы тағайындалды.
МҚӨ кафедрасы 5В073800 — «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» (6В07201- «Материалдарды қысыммен өңдеу») және 5В071200 – «Машинажасау» (6В07108 – «Машинажасаудағы ұсталық-штамптау өндірісі»), 6В07501 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды дайындайды.
Кафедрада 2001 жылдан бастап 6М071200 — «Машинажасау» мамандығы бойынша магистратура жүзеге асырылып келеді. 2002 жылы техника және технология магистрлерінің бірінші түлектері түледі. Қазіргі уақытта кафедра 7М07101 – «Жаңа конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлер дайындайды (оқу мерзімі: бейіндік магистратурада 1,5 жыл және ғылыми-педагогикалық 2 жыл).
2010 жылдан бастап 8D07101 – «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша, 2019 жылдан бастап 8D07101-«Инженериядағы нанотехнологиялар» білім бағдарламасы бойынша докторантура жұмыс істейді.
Кафедраның қалыптасуы мен дамуына Бурыкин А. А., Давильбеков Н. Х., Быхин Б. Б., Чуманов Ю. М., Обернихин С. А., Гужин С. С., Зайцев В. С., Найзабеков А. Б., Талмазан В. А., Исаенко В. В., Ашкеев Ж. А., Кривцова О.Н., Лежнев С. Н., Панин Е. А. үлкен үлес қосты.
Кафедра мемлекеттік грант бойынша да, ақылы негізде де мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі және қашықтықтан кешкі оқу формаларын жүргізеді. 2000 жылы мемлекеттік тілде оқыған инженерлердің алғашқы түлектері болды.
Кафедрада «ҚМИУ» ШЖҚ РМК экс-ректоры, т.ғ.д., профессор Найзабеков А.Б., ОЖжХБ экс-проректоры, т.ғ.к., доцент Лежнев С. Н. оқуды үздік бітірді. Кафедра түлектері «ҚМИУ» ШЖҚ РМК бұрынғы ректоры, т.ғ.д., профессор А.Г. Дылюк, Ресейдің қаржы-өнеркәсіп топтары Ассоциациясының президенті, т.ғ.д., профессор О.Н. Сосковец, Ресей армиясының полковнигі, әскери ғылымдардың кандидаты М. К. Алимов болды.
Кафедраның көптеген түлектері “ArcelorMittalTemirtau” АҚ-да жұмыс істейді: Сейсимбинов Т.С., Куликов В.И., Евтушенко И.Ю., Стринжа С.В., Васькин А.М., Ильясов Н.Р., Зубков С., Кириллов А.Я., Каскин Б.К., Голкин Ю.Е., Блинов В.А., Раимбеков А,М., Мантуров В.В., Вдовин С.В., Коноваленко М.В., Сорокин А.С., Хицко Е.П., Борисов А.С., Игнатов А., Берг А.А., Курносов А., Ганшу М.В., Долженко А.В. және тағы басқалары.
Кафедраның түлектері қазіргі уақытта университетте сабақ береді: т.ғ.к., доцент Ашкеев Ж. А., т.ғ.к., PhD Ержанов А. С., PhD Панин Е. А., т.ғ.м. Айнабекова С. С., PhD Волокитин А. В., аға оқытушы Ибраева А. Е., т.ғ.м. Есболат А. Б.
Кафедраның негізгі зерттеу бағыты бойынша қарқынды ғылыми жұмыстар жүргіледі.
Зерттеулер нәтижелері беделді ғылыми журналдарда, соның ішінде Scopus, Web of Science деректер базасында индекстелетін жоғары рейтингті рецензияланатын журналдарда жарияланады. Сондай-ақ, зерттеулердің негізгі нәтижелері ҚР аумағында да, одан тыс жерлерде де өткізілетін беделді халықаралық конференцияларда үнемі баяндалады.