“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Еңбек тәрбиесі

Еңбек және экономикалық тәрбие жастар бойында өзіне-өзі қызмет көрсетуде біліктілік пен дағдыларды, әртүрлі жұмыс түрлеріне адал, жауапты және шығармашылық қарым-қатынасты, ұжымда жұмыс істей білуді, қажетті ресурстарды жұмылдыруды, өз әрекеттерінің салдарын дұрыс бағалауды, бірінші өмірлік қажеттілік ретінде жұмысқа деген қарым-қатынасты дамытуды, тану мен жетістікке жетудің ең маңыздылығын және негізгі жоғарғы құндылықты көздейді. Еңбек тәрбиесі арқылы жастар кәсіби қауымдастықтардың үздік дәстүрлері мен құндылықтарына, кәсіби этиканың және корпоративтік мәдениеттің нормалар адалдығына бейімделеді.

Еңбекке тәрбиелеу маңыздылығын, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары болып табылатын студенттерді қорғау қажеттілігін түсіне отырып университетте жыл сайын жазғы еңбек семестрі ұйымдастырылады: студенттік құрылыс жасақтары, жөндеу-құрылыс жасақтары құрылады.

Оқу ғимараттарын жөндеу, университеттің аумағын, жақын аумақтарды абаттандыру жұмыстарына 1-3 курс студенттері мен ТЭК оқушылары тартылады.

СҚЖ жасақтарының сарбаздары жыл сайын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ объектілерінде, қалалық әлеуметтік- тұрмыстық мақсаттағы объектілерде жұмыс істейді. Жазғы еңбек семестр жұмысының қорытындысы бойынша ҚМИУ студенттері СҚЖ-ның қалалық және облыстық слеттарына қатысады, «СҚЖ-ның Үздік сарбазы», «СҚЖ-ның Үздік командирі» және т.б. номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды.