“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Тарихы

«Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультеті 2017 жылдың қыркүйегінде «Машинажасау және автоматтандыру технологиялары» факультеті негізінде қайта құрылды. 2017 жылдан бастап 2020 жылдың тамыз айына дейін факультетті техника ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлнара Ғазизқызы Жабалова басқарды. 2020-2021 оқу жылында декан қызметін PhD докторы, Елена Михайловна Харченко атқарды. 2021 жылдың мамыр айынан бастап декан қызметін т.ғ.д., профессор, Чуваш Республикасы Технологиялар және басқару академиясының құрметті профессоры Өмірбек Үмбетұлы Үмбетов атқарып келеді.

 

Факультет құрамы төрт кафедрадан құралған, оның үшеуі мамандар дайындайды:

  • Энергетика кафедрасы (кафедра меңгерушісі т.ғ.м. О.Н. Леликова);
  • Технологиялық машиналар және көлік кафедрасы (кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., доцент Қ.Ә. Ноғаев.);
  • Қазақстан тарихы және гуманитарлы-әлеуметтік пәндер кафедрасы (кафедра меңгерушісі міндетін атқарушысы п.ғ.м. М. Солтан)
  • Жасанды интеллект технологиясы кафедрасы (кафедрасының меңгерушісі PhD В.А. Қонаев)

 

Қазіргі уақытта факультетте жоғары білікті профессорлы-оқытушылар құрамы жұмыс істейді, оның ішінде 2 ғылым докторы, 3 (PhD) докторы, 10 техника ғылымдарының кандидаты, 22 техника ғылымдарының магистрі.

 

Электрэнергетика саласына арналған мамандарды даярлау 32 жыл (студенттерді алғаш қабылдау 1988 жылдан басталды), жылуэнергетикасы саласында – 30 жыл (1989 жылдан бастап), ақпараттық технологиялар саласында (2009 жылдан бастап) – 11 жыл, автоматтандыру және басқару саласында 20 жылдан астам (1999 жылдан бастап) жүзеге асырылып келеді. Инженер-механик мамандығының алғашқы дипломын 16 түлек 1975 жылы бірінші рет алды.

 

Кафедралардың  түлектерінің қатарында: А.А.Қарабалин – 1993-2001 жылдары Теміртау қаласының әкімі, И. В Георгиади – облыстық мәслихаттың депутаты, «Имсталькон-Теміртау» ЖШС директоры, Е.Г.Лисицын – «Оптим Кран Казахстан» БК ЖШС директоры, Е.Қ. Кәрімхан – «Шымкентхиммонтаж» АҚ вице-президенті, С.И. Зияшев – Облыстық мәслихаттың депутаты, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цех бастығы, Т.Ж. Арысов – «Құрылысмет» ЖШС басқарма бастығы, т.б.

2011 жылы «Қазақстан тарихы және жалпыбілімдік пәндер» кафедрасы құрылды. Дербес  кафедра ретінде қызмет ету кезеңінде ол да бірнеше рет қайта құрылды. Бұл кафедра құрамында дене тәрбиесі секторы қарастырылған. Әр жылдары бұл кафедраның құрамында дзюдо және самбо күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Сергей Александрович Филатов, еңбек сіңірген спорт шебері, пауэрлифтингтен жиырма дүркін әлем чемпионы Алексей Николаевич Сивокон, қайық есуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ирина Юрьевна Дмитриева еңбек етті.

«Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультетінде оқитын студенттер әлеуметті-гуманитарлық, іргелі, экономикалық, жалпы білім беретін пәндерді: теориялық және қолданбалы механика, көтергіш-көлік машиналары мен машина бөлшектері, электротехника және басқарудың автоматтандырылған жүйелері, сондай-ақ сәйкес мамандықтарға арналған арнайы пәндер циклі бойынша білім алады.

Өндірістік тәжірибенің барлық түрлерінің негізгі базасы Орталық Азия аймағындағы толық технологиялық циклді жүзеге асыратын жалғыз металлургиялық зауыт – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ саналады.

Білім алу барысында студенттерге «Құрылысмет» ЖШС, «BasselGroup LLS» ЖШС, «PrintCom» сервистік орталығы, «Бёмер-Арматура» ЖШС, «Қазақмыс Энерджи» ЖШС, «Гордорсервис» ЖШС сияқты кәсіпорындарда тәжірибелік сабақтар өткізіледі, олар таңдаған мамандықтар бойынша табысты жұмыс істеу үшін қажетті практикалық дағдыларды меңгереді.