Кафедра туралы
«Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының қалыптасу тарихы оған дейін болған «Металлургиялық машиналар және жабдықтар» (бұрынғы атауы «Металлургиялық зауыттардың механикалық жабдықтары» кафедрасы) және «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың механикалық жабдықтары» (бұрынғы атауы «Құрылыс және жол машиналары» кафедрасы) кафедраларының тарихымен тығыз байланысты.
«Металлургиялық зауыттардың механикалық жабдықтары» кафедрасы (кейіннен «Металлургиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасы) 1975 жылы құрылды және алғашқы 16 инженер-механик түлектерді дайындап шығарды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі қызметін 1978 жылға дейін т.ғ.к. Кривобоков Владимир Николаевич атқарды. Әр жылдары кафедраны доцент Бурдов Алексей Иванович (1978 ж.), т.ғ.к. Илькун Владимир Иванович (1978-1983 жж., 2000-2001 жж.), т.ғ.к. Атаманов Виктор Федорович (1983-1996 жж.), т.ғ.д. Ичев Борис Рускович (1996-1998 жж.), т.ғ.к. Киманов Болат Мажитович (1998-2000 жж.), т.ғ.к. Кузнецов Борис Сергеевич (2001-2005 жж.), т.ғ.к. Изместьева Ольга Алексеевналар (2005-2006 жж.). басқарды.
1998 жылы «Металлургиялық машиналар және жабдықтар» (ММ және Ж) кафедрасы мен «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың механикалық жабдықтары» кафедрасымен (бұрынғы атауы «Құрылыс және жол машиналары» кафедрасы) біріктірілді және бұл кафедраны әр жылдары доцент Бурдов Алексей Иванович, т.ғ.к. Петин Юрий Петрович, т.ғ.к. Крюков Александр Александрович, к.т.н. Попов Владимир Григорьевич, к.т.н. Винник Анатолий Федорович, т.ғ.к. Вернер Александр Оскарович, т.ғ.к. Орынбасаров Амангельді Сатыбалдиевичтер басқарды.
Біріктірілу нәтижесінде кафедра металлургиялық бейіндегі механиктерді ғана емес, көлік саласы мен құрылыс индустриясына да мамандар даярлай бастады. Дайындық бағыттарының кеңейтілуіне орай 2008 жылдан бастап кафедра атауы «Технологиялық машиналар және көлік» болып өзгертілді. 2006 жылдан бастап кафедраны т.ғ.к. Ногаев Кайрош Абилович басқарады.
Қазіргі таңда кафедра университет кешенінің үш корпусында орналасқан. Кафедра құрамына 5 оқу зертханасы және 1 компьютерлік сынып кіреді. Оқу үрдісінде 65 стенд қолданылады.
Қазіргі уақытта кафедра бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар дайындай.
Кафедра түлектері басқарушылық және басшылық лауазымдарды қоса алғанда өнеркәсіпте, ғылымда және бизнесте әртүрлі лауазымдық қызметтерді атқарды.
Кафедра түлектері өндіріс, ғылым, бизнес салаларында, басқарушылық және жетекшілік қызметтермен қоса, әртүрлі лауазымды қызметтерді атқарады. Олардың ішінде кафедраның келесі түлектерін атап өтуге болады: Карабалин А. А. – 1993-2001 ж.ж. Теміртау қаласының әкімі, Георгиади И. В. – облыстық маслихат депутаты, «Имсталькон-Темиртау» ЖШС директоры, Лисицын Е.Г. – «Оптим кран Казахстан» БК ЖШС директоры, Каримхан Е.К. – «Шымкентхиммонтаж» АҚ вице-президенті, Зияшев С.И. – облыстық маслихат депутаты, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-да цех бастығы, Арысов Т.Ж. – «Құрылысмет» ЖШС басқарма бастығы және т.б.