Оқу-әдістемелік қызмет
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы бакалавриат мамандықтары үшін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде келесідей оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын атқарады:
– пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және қайта өңдеу;
– пәндердің электронды оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және қайта өңдеу;
– курстық, зертханалық, практикалық жұмыстарды және студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқауларды әзірлеу және қайта өңдеу;
– жұмыс бағдарламаларын әзірлеу және қайта өңдеу;
– силлабустарды әзірлеу және қайта өңдеу;
– ISBN және © индекстеріне ие оқу құралдарын, оқулықтарды және монографияларды жарыққа шығару;
– электронды әдістемелік материалдарды және виртуалды зертханалық жұмыстарды әзірлеу;
– тестілік материалдар мен білімді бақылауға арналған материалдарды әзірлеу және қайта өңдеу;
– дәріс конспектілерін әзірлеу және қайта өңдеу.
Оқу-әдістемелік құжаттамаларды кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әзірлейді, ол кейін кафедра отырыстарында талқылаудан өтеді, факультет деканымен, академиялық саясат жөніндегі директормен келісіледі және оқу ісі жөніндегі проректормен бекітіледі.