“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Кафедра туралы

«Энергетика» кафедрасы

Кафедра 1972 жылы ҚМК жанындағы Зауыт – ЖТОМ-да “Физика” кафедрасының “Жалпы электротехника” секциясы ретінде жұмыс істей бастады. Ол кезде секцияның меңгерушісі доцент міндетін атқарушы Абдибаев Мұхтар Абдибаевич болды. Онымен бірге тағы екі оқытушы жұмыс істеді: Садықбеков Толеусерик Әбішұлы және Шмырев Василий Иванович. Олардың жетекшілігімен кафедраның алғашқы зертханалары құрылды.

1976 жылы техника ғылымдарының кандидаты Қасылқасов Жеңіс Мадикенұлы “Жалпы электротехника және электр жабдықтары” кафедрасын құрып, оның алғашқы меңгерушісі болды. Онда кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы жанданды. Ғылыми жұмыстардың тақырыбы: оқыту мен бақылаудың техникалық құралдарын әзірлеу мен енгізуден бастап, тау жыныстарын бұзудың электромагниттік әдісін әзірлеу мен қолданысқа енгізуге дейінгі тақырыптар болды. «Электр машиналары» және «Электр тізбектері» екі зертхананы құру аяқталды және «Электржетегі» зертханасын құру басталды.

1984 жылы кафедра меңгерушісі тех.ғ.к. Супруненко Виктор Васильевич болды. Оның күш-жігерінің арқасында 1988 жылы кафедра «Электржетек және электротехника» кафедрасы болып өзгертілді.

Оның алдында күрделі де өте маңызды міндет – «Электржетегі және өнеркәсіптік қондырғыларды автоматтандыру» мамандығын ұйымдастыру болды. Бұл жаңа курстарды әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар зертханалар құру, өндіріспен байланысты ұйымдастыру, педагогикалық ұжымды қалыптастыру жұмыстары атқарылды.

1993 жылы кафедраға аға оқытушы Сивякова Галина Александровна келді. Оның жұмысы кезінде бүкіл республикада теңдесі жоқ автоматтандырылған электржетегінің бірегей зертханасы құрылды.

Келесі 10 жылда болған өнеркәсіптегі өзгерістер мен талаптарға сай  «Технологиялық үдерістер мен өндірістерді автоматтандыру» жаңа мамандығының ашылуы 1997 жылы келген кафедра меңгерушісі, тех.ғ.к. Хамзин Салават Аюповичтің еңбегінің арқасында жүзеге асты. 1998 жылы Хамзин С. А. кафедра басшылығынан, ҚарМетИ оқу ісі жөніндегі проректор лауазымына ауысуына байланысты осы лауазымды Сивякова Г.А. атқарады. Осы жылы кафедра «Электржетегі мен технологиялық процестерді автоматтандыру» кафедрасы болып өзгертілді.

1998 жылдан бастап кафедра базасында техник-электромеханик біліктілігі бар студенттерді даярлау жүзеге асырылды.

2008 жылы кафедра «Электр энергетикасы және техникалық жүйелерді автоматтандыру» кафедрасы болып өзгертілді.

2017 жылы Г.А. Сивякова кафедра басшылығынан ҚМИУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры лауазымына ауысады. 2017 жылдан 2019 жылға дейін кафедра меңгерушінің міндетін кафедраның аға оқытушысы, PhD Ющенко О. А. орындады.

2019 жылдан бастан кафедра бакалавриаттың жаңа білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды бастайды: 6В06101 – Бағдарламалық инженерия, 6В07106 – Автоматтандыру жүйелерінің инженериясы, 6В07105 – Өнеркәсіптік нысандарды электрмен қамтамасыз ету, 6В07104 – Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының жылу энергетикасы, 6В07111 – Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының жылу энергетикасы.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, доцент Конакбаева Асель Нигметоллаевна басқарады.

2020 жылы кафедра “Электр энергетикасы” және “Жылу энергетикасы” екі секциясының негізінде “Энергетика”кафедрасы болып өзгертілді. Қазір кафедрада бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды дайындау жүргізіледі: 6В07105 – Өнеркәсіптік нысандарды электрмен қамтамасыз ету 6В07104-Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық нысандарының жылу энергетикасы, 6В07111-Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының жылу энергетикасы.

Сондай-ақ, 2020 жылы 7М07112-Электр энергетикасы білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға алғашқы қабылдау жүргізілді.