«Экономика және құрылыс» факультетінің тарихы
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТАРИХЫ
Факультет 1970 жылы құрылды және бастапқыда инженерлік-құрылыс деп аталды. 1989 жылы институттағы қайта құрулардан кейін ол химия-технологиялық деп аталды. 1999 жылы химия-технологиялық факультетінің құрамына қазақ бөлімі енгізілді. 2004 жылы ол экономика және құрылыс факультеті болып өзгертілді, содан кейін 2008 жылы Экономика факультеті болып қайта құрылды. 2012 жылы Экономика және Құрылыс факультеті құрылды.
Факультет үнемі даму үстінде. Мамандарды даярлаудың ең өзекті бағыттары бойынша жаңа курстар құрылуда, факультеттің материалдық базасы кеңеюде. Студенттер іргелі білім алып, қазіргі заманғы құрылыс, экономика, менеджмент, есеп және аудит таңдаған бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерге кіріседі.
Факультеттің жетістіктері бүгінгі күні факультетте жұмыс істеген және жұмыс істейтін ғалымдардың бірнеше буынының ынтасы мен шығармашылығының арқасында мүмкін болды.
Экономикалық факультет ұжымының оқу процесін жетілдіру және уақыт талаптарына сәйкес ғылыми зерттеулердің тиімділігін одан әрі арттыру бойынша үлкен жоспарлары бар. Факультет белгіленген жоспарларды табысты іске асыру үшін жеткілікті әлеуетке ие. Біздің факультет өз туын жоғары көтеріп, студенттердің, түлектердің, қызметкерлер мен оқытушылардың жүрегінде мәңгі қалады деп сенеміз.
Мамандарды даярлау кредиттік оқыту жүйесіне сәйкес жүргізіледі.
Факультет декандары: Курлеутов Э.М., Шульга Е. П., Конов А. В., Котенко В. А., Арбузов В. А., Степанов А. Т., Лукин Г. П., Каргин Д. Б., Базаров Б. А., Жақсыбаева Г. Ш., Жабалова Г. Г., Бирюков В. В., Давлетбаева Н. Б., Силаева О. В., Харченко Е. М. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытта факультет деканы экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Т. Ж. Ниязов.
Қазіргі уақытта факультет құрамына 4 кафедра кіреді:
-
«Экономика және бизнес» кафедрасы (кафедра меңгерушісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Силаева Ольга Викторовна);
-
«Құрылыс» кафедрасы (кафедра меңгерушісі – техника ғылымдарының докторы, профессор Базаров Бауыржан Ануарханұлы);
-
«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы (кафедра меңгерушісі -Химия ғылымдарының кандидаты, доцент Махмутов Болат Бижанұлы)
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы
Екі кафедра: «Экономика және бизнес» және «Құрылыс» – шығарушы болып табылады.
Қазіргі уақытта факультетте жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді, оның ішінде 4 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты, 2 PhD, 24 ғылым магистрі.
Студенттер таңдаған білім беру бағдарламасына бейіні бойынша,сондай-ақ жалпы кәсіптік,жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік-гуманитарлық сипаттағы пәндерді оқиды. Студенттер білім беру бағдарламасына бойынша кәсіби дағдыларды қала мен республика кәсіпорындарында тәжірибеден өту кезінде алады. Қазақстан Республикасының басқа ЖОО-да және одан тыс академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік бар. Студенттерді оқыту үшін шетелдік мамандар шақырылады.