“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

“Қазақстан халық Ассамблеясы” кафедрасы

«Қазақстан халық Ассамблея» кафедрасының тарихы.

Мемлекет Басшысы ұсынған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 17 қаңтар 2014 жылғы жолдауында, «Мәңгілік ел» гуманистік тұжырымдама контексінде толеранттылық пен ұлтаралық келісімді студенттік қауымдастықтың рухында тәрбиелеуге бағытталған, университетте мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру мақсатында, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті базасында 12 желтоқсан 2016 «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы құрылды.

Кафедраның негізгі мақсаты:

Мәдениетаралық, конфессияаралық қарым-қатынастар тұрғысында университеттегі білім беру және оқыту процестеріне арналған, ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық-насихаттықты қолдау.

Кафедраның міндеттері:

– білім беру және университеттегі оқу процесі арқылы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру;
– қазақстандық патриотизм мен азаматтық келісім рухында студенттік қауымдастықты тәрбиелеу;
– Қазақстандық қоғамның бірігуінде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін насихаттау;
– этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін насихаттау.

«Қазақстан халық Ассамблея» кафедрасының меңгерушісі

Жанабергенова Динара Кенесовна, гуманитарлық ғылымдар магистрі

Білімі:

1996 ж. Теміртау педагогикалық колледжін «Бастауыш сынып оқытушысы, ұжымдық шығармашылық істерді ұйымдастырушы» мамандығы бойынша оқып тамамдаған.

2004 ж. – Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ 6МО20300 «Тарих» мамандығында оқып, магистрлік диссертация қорғап, «гуманитарлық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесі берілді.

Академиялық тәжрибесі:

1996-2005 жж. №7 ОМ тарих оқытушысы;

2006-2011 жж. ҚМИУ жанындағы гуманитарлық-техникалық колледжінде тарих оқытушысы, күндізгі техникалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі;

2013-2015 жж. ЖМ Теміртау техникалық колледжінде қоғамдық пәндер оқытушысы;

2015 жылдан бастап ҚМИУ «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы;

Оқытатын пәндері: Әлеуметтану, Қазақстанның қазіргі заман тарихы, саясаттану.

Куәліктері мен кәсіби тіркеулері:

2013 ж. «Демократиялық қоғамды дамыту тарихы» (Шығыс Европа мысалында) курсын тыңдаушы сертификаты. Прага 15.04.-29.04.2013 ж.

2015 ж. – Облыстық әдістемелік бірлестіктің «Студенттердің зерттеу және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбындағы семинарға қатысушы сертификаты (Қарағанды обылысының оқу-әдістемесін дамыту орталығы);

2015 ж. біліктілікті көтеру тақырыбындағы «Техникалық және кәсіби білім беруде жалпы білім беретін пәндер оқытушыларының кәсіби құзіреттілігін жетілдіру» курсын тыңдаушы сертификаты.

2015 ж. ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарты талабына сәйкес «Сапа менеджменті жүйесін енгізу» семинар-тренингіне қатысушы сертификаты (ЖШС «ВЦ Консалитинг-Сертифик»),

Марапаттары мен сыйақылары:

2002 ж. облыстық білім беру Департаментінің грамотасы;

2007 ж. – ҚМИУ ректорының алғыс хаты;

2008 ж. Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының алғыс хаты

2010 ж. ҚМИУ ректорының грамотасы

2014 ж. Қарағанды облстық оқу – әдістемелік орталығының үздік әзірлеме үшін ІІІ дәрежелі дипломы.