Оқу-әдістемелік қызмет
• пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және қайта өңдеу;
• пәндердің электронды оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және қайта өңдеу;
• курстық, зертханалық, практикалық жұмыстарды және студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқауларды әзірлеу және қайта өңдеу;
• жұмыс бағдарламаларын әзірлеу және қайта өңдеу;
• силлабустарды әзірлеу және қайта өңдеу;
• ISBN және © индекстеріне ие оқу құралдарын, оқулықтарды және монографияларды жарыққа шығару;
• электронды әдістемелік материалдарды және виртуалды зертханалық жұмыстарды әзірлеу;
• тестілік материалдар мен білімді бақылауға арналған материалдарды әзірлеу және қайта өңдеу;
• дәріс конспектілерін әзірлеу және қайта өңдеу.
Оқу-әдістемелік құжаттамаларды кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әзірлейді, ол кейін кафедра отырыстарында талқылаудан өтеді, факультет деканымен, академиялық саясат жөніндегі директормен келісіледі және оқу ісі жөніндегі проректормен бекітіледі.