“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Пресс-релиз

В Карагандинском государственном индустриальном университете 3 декабря 2015 г. доктором PhD, директором Департамента науки и инноваций Аменовой А.А. проведен научный семинар «Повышение индекса цитирования научных публикаций».

В рамках семинара было прямое включение в онлайн-семинар компании Thomson Reuters «Поиск и анализ научных журналов с использованием Journal Citation Reports».

Семинар вызвал большой интерес у профессорско-преподавательского состава и магистрантов.

Обсуждались вопросы по пользованию базами данных Web of Science, Science Direct, Scopus, Springer, повышение индекса цитирования научных публикаций в международных научных журналах.

20151204_094357

 


«Теміртауда тоғысқан тағдырлар»

акс3 акс

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ҚМИУ-дың

І курс студенттер арасында ұйымдастырылған «Теміртауда тоғысқан тағдырлар» атты ашық тәрбие сағаты оттi.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 2015 жылы қарашаның 27-нде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқып жатқан І курс студенттері қаланың ардагер металлургтерімен, еңбек ардагерлерімен, аталмыш университеттің қабырғасында көп жылдар бойы ұстаздық еткен оқытушылармен «Теміртауда тоғысқан тағдырлар» атты ашық тәрбие сағатының аясында кездесті. Кездесуге Баймурзаев І, Серкебаев С., Байғабатов Т., Ордабаев Б. тәрізді қаламыздың, металлургиялық зауыттың, университетіміздің өркендеп-өсуіне өз үлесін қосқан ардагер ерлі-зайыптылар және университеттің 8 мамандық бойынша білім алып жүрген І курс студенттері мен топ кураторлары қатысты. Аталмыш іс-шараны «Құрыш қала» газетінің бас редакторы, ақын Руза Алдашева жүргізді.

Алғашқы сөз Баймурзаевтар әулетіне беріліп, олар өздерінің еңбек жолдары мен жастық шақтағы махаббат хикаяларымен бөлісті. Одан кейін сөз алған Серікбаевтар отбасы да өздерін таныстыра келіп, өмірде Ишмухамедов сынды жақсы адамдардың шапағатын көргені олардың өмірлік жолына сәулесін түсіргенін баяндай келіп, жастарды қолынан келгенше басқаға жақсылық жасауға шақырды. Ардагер ұстаз Байғабатов Т.С. зауытта 20-дай жыл еңбек етіп, одан кейінгі ғұмырын оқытушылыққа арнап, бүгінгі күнге дейін ұстаздықтан жалықпандығы студенттердің көңіліне ұялады. Ал енді жастайынан жетімдік, өгей шешенің қысымын көрсе де, қиындыққа мойымай, Теміртауға табан тіреп, бақытын да осы жерден тауып, талмай еңбек еткен 70-тен асса да асылдықтың үлгісін ширақ қимылымен,  өнерімен  паш еткен Ордабаев Б. ақсақалды студенттер зор құрметпен қабыл алды.

Ақсақалдар студенттерге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еңбек жолын осы қаладан бастағаны, яғни біздің қаламызбен тағдырластығы барлығымыз үшін үлкен мәртебе дей келіп, ұлттық кадрымызды қолдау үшін сіздерге  осындай жақсы жағдай жасап отырғаны – Президентіміздің көреген саясаттарының бірі, сондықтан қиыншылықтан қашпай,  мақсат қойыңдар, сол мақсатқа жету үшін қажымай-талмай оқып, еңбек етіңдер деген аталық тілектерін айтты, сондай-ақ жуырда болатын Елбасының Жолдауын мұқият тыңдап, оны жүзеге асыруға   ат салысуға шақырды және Елбасыға арналған өлең шумақтарын оқыды.

Өз кезегінде С-15к тобының студенттері Балқыбеков А., Тастемір Т., ЭЭ-15к-2 тобының студенті Пернебай Д., ТМО-15к-2 тобының студенті Түлкібаев Б., МТНМ-15к тобының студенттері Ақжігіт Д., Әуехзан Г. сынды студенттері ардагерлерге ән мен жырдан шашу шашып, гүл шоқтарын ұсынды.

Тәрбие сағатын қорытындылаған Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Хамитов С.Б. және аталған кафедраның доценті Абдикарим Н.А. мұндай іс-шаралар жастардың тұлға ретінде қалыптасуына, ардагерлердің жүріп өткен жолынан жақсы ғибрат алуына және оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Елбасымыздың саясатын жүзеге асыруға тигізер пайдасы мол екендігіне тоқтала отырып, барлық қатысушыларға алғысын жеткізді.

Өткізілген іс-шараны насихаттау үшін қалалық «Сфера» телеарнасына С-15к-1 тобының студенті Балқыбеков Алихан және ЭЭ-15к-1 тобының студенті Тәшкенбаев Азамат сұхбат берді; сондай-ақ «Құрыш қала-kz» газетінің журналистері арнайы келді.

акс6 акс2

акс5 акс4


Лаборатория инженерного профиля

С начало учебного года в Лаборатории Инженерного Профиля «Электронной микроскопии и нанотехнологий» проводятся экскурсии для школьников. Экскурсия проводится с целью привлечения абитуриентов  и ознакомление с материально-технической базы университета.

В ходе экскурсии инженерами  лаборатории предоставлены исчерпывающая информация о проводимой работе в лаборатории. На сегодняшний день произведено более 20 экскурсий.

лип1 лип4


Новостной блок от кафедры «История Казахстана и общие дисциплины»

  • Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің құрметті профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Өтепберген Артықбайұлы Артықбаевтың металлургия саласындағы терминдер бойынша жарық көрген түсіндірме сөздігінің тұсаукесер рәсімі өткізілді.
  • Қыркүйектің 30-нда «Абай – дана, Абай дара қазақта» атты Ұлы ақынның 170 жылдығына орай өткізілген қалалық байқауға біздің кафедрамыздың доценті, ф.ғ.к. Абдикарим Н.А. және оқытушы Қапашева Ж.К. дайындаған студенттер мәнерлеп оқу бойынша ТМО-15к-1 тобының студенті Түлкібаев Бейбіт І орынды, ТОМД-15к-1 тобының студенттері Балабек Асылзат және Елтай Біржан ІІ орынды және де осы топтың студенті Әбділлә Жүсіп ІІІ орынды жеңіп алды; Абай әндерін орындаудан ТМО-14кс тобының студенті Мұратхан Амангелді ІІ орынға ие болса, Абай әндерін нақышына келтіріп орындаудан  С-15к-1 тобының студенттері Балықбеков А., Ердалиев Берік, Садық Абайхандар жүлделі орындарға ие болды; ал қара сөздерін оқудан ТМО-15к-1 тобының студенті Дәулетәлі Нұрбол, ТОМД-15к-2 тобының студенті Рүстем Әлия, Қазыбай Нұржандар алғыс хаттармен марапатталды.
  •  «Алаштың ардақты арыстары» атты қалалық ғылыми-практикалық конференцияға доц., ф.ғ.к. Абдикарим Н.А. «Міржақып Дулатовтың шығармалары – қазақ өмірінің айнасы» деген тақырыпта, ал МТНМ-15кс тобының студенті Оспанова Айғаным М.Дулатовтың тағдыры жайында баяндама жасап, Увиньва Жайнагүл, Әбділлә Жүсіп, Рүстем Әлия, Қазыбай Нұржан, Дәулетәлі Нұрбол т.б студенттер ақынның өлеңдерін оқып, диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
  • Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі түрде өтетін «Мен жастарға сенемін!» атты жырмүшайрасына ТМО-15к-2 тобының студенттері Дәулетәлі Н., Рахматолла С.  өлеңдерін біздің оқытушылардың редакциялауынан кейін жолдады.
  • Оқытушы Ж.К.Капашеваның жетекшілігімен М-14к тобының студенттері Қаражанов М.,Әубәкірова М. өздерінің өлеңдерін аймақтық студенттердің жыр мүшәйрасына жіберді.
  • Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ғалымдарын бірінші курс студенттерімен таныстыруды Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер кафедрасы дәстүрге айналдырып отыр. Осындай іс-шара 20.11.15 ж. университетіміздің ардагер ұстазы, 2009 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Исанова Бирень Хусаиновнаның қатысуымен өткізілді.
  •  Кафедра оқытушылары доц. Абдикарим Н.А. (26.11.15), оқытушы Асанова К.А. (25.11.15) жоғары деңгейде ашық сабақтар өткізді.

IMG_2915image-03-12-15-05-23image-03-12-15-05-24image-03-12-15-05-24-1


ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫРТҚЫ БАҒАЛАУ

2015 жылы қарашаның 11-нен 14 аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жоғары білімнің оқу жетістіктерін сыртқы бағалау жүргізілді (ЖБ ОЖСБ).

Техникалық мамандықтар бойынша орташа балл – 73,52, экономикалық мамандықтарда – 69,45, ал университет бойынша 71,94 баллды құрады.

Ең жоғарғы орташа баллды 5В072200 – Автоматтандыру және басқару мамандығының студенттері (113,5 – Варзин Д., Савин П., Захватаев С., Седунова Е.), 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы (105), 5В071700-Жылуэнергетикасы (84,38), 5В071200-Машинажасау (83,33), 5В090800-Бағалау (86) мамандықтарының студенттері алды.

Бұл мамандықтар өздерінің жетістіктерін 2014 жылғы нәтижемен салыстырғанда, (39,62), (23,7), (4,82), (26,53) баллға жоғарылатқанын айта кеткен жөн.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ұжымы биылғы жылы бітіретін студенттеріне шығармашылық табыстар тілейді!