Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде студенттерге дәріс оқуға келген шетелдік оқытушылар үшін 4 мамыр күні университет бойынша экскурсия ұйымдастырылды: оларға 3D-инжиниринг зертханасы, мұражай және инженерлі бейінді зертхана көрсетілді.
Токушима университетінің (Жапония) профессоры Акитоши Мочизуки өзінің отанында геотехникалық инженерия, былайша айтқанда топырақ механикасы бойынша дәріс оқиды. Қазіргі уақытта ол Л. Гумилев атындағы Еуразиялық университетінде шақырылған шетелдік ғылым ретінде дәріс оқиды. Қазақстанда профессор 30 шілдеге дейін болады, оның жылдық келісім шартының уақыты аяқталады. ҚМИУ Акитоши Мочизуки бір күнге келді, осы уақыт аралығында ол тек ғана университет және оның ерекше зертханалық жабдықтарымен ғана танысып қоймай, студенттерге болашақ құрылысшыларға дәріс оқыды. Қонақтың топырақты сынау кезінде центрифуганы қолданудағы тәжірибесі үлкен.
– Бұл техника 1936 жылы Кеңес Одағында жасалған, ал бүгінгі күні Жапония, Сингапур және Америкада әрі қарай жетілдірумен қолданылады. Бұрын КСРО құрамын кірген елдерде казір бұл процесс дамымаған, – дейді Акитоши Мочизуки. – Сіздің еліңіз қарқынды даму үстінде, оның рейтингісі жоғарлауда және оны әрі қарай жоғарлату өте маңызды. Қазақстанның білім саласында заманауи озық аспаптар және жабдықтарға деген қажеттілік үлкен. ҚМИУ студенттері менің дәрісім арқылы центрифуга жайлы, оның жұмыс жасау әдісі, осы аспапты қазақстанда қолдануға қатысты білген ақпаратына қызығушылық танытса қуанамын. Мен өзімнің тәжірибеммен бөлісуге дайынмын. Сонымен бірге Қазақстанда менің ғылыми бағытыма сәйкес жұмыс жасайтын жас ғалымдармен әрі қарай байланысты орнатуға және дамытуға дайынмын.
Профессор күрделі топырақты жағдайда ғимарат және құрылыстарға топырақтардың ығысу деформацияланудың әсер ету мәселелеріне қызығушылық танытты. Жапонияда еңістіктер және көшкін тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер өзекті. Осы мәселені шешуге профессор үлкен көңіл бөледі. Сонымен бірге ол іргетас негізіне түсетін күштер қабілетін зерттеумен айналысады. Профессор Акитоши Мочизуки ҚМИУ профессоры Бауржан Базаровтың ғылыми зерттеулерінің бағыты, оның ішінде қазбалы аумақтарда ғимараттар құрылысын салу (Қарағанды облысының шахталарының үстіндегі) әртүрлі модификациялы коникалық іргетасты жасау мәселелеріне қызығушылық танытты. Казіргі уақытта Акитоши Мочизуки және Бауржан Базаров бірге үшөсті сығу жағдайында компрессиялы түрдегі стабилометрмен топырақтың механикалық қасиеттерін зерттеумен айналысады.
Осы күні ҚМИУ студенттерінің алдына профессор Акитоши Мочизукимен бірге келген Л. Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің «Ғимарат және құрылысты жобалау» кафедрасының меңгерушісі профессор Аскар Жусупбековте дәріс оқыды. Ол біріншілердің қатарында Астана қ. жаһандық биік ғимараттар және құрылыстар жағдайында ерекше топырақта қадақтарды бұрғылаумен және қағумен қадау қондырғысы бойынша озық геотехникалық тәсілді қолданған.
Осы күні профессорлар биік ғимарат және құрылыстың қадалы іргетастарына қатысты геотезникалық құрылыс және күрделі топырақ жағдайында оларды тестілеу мәселелерін талқылады.
– Топырақты сулар деңгейінің жоғары, күрт температуралық өзгерістер, ұзақ суық қыс және көктемгі топырақты сулардың жылдам еруі – осының барлығы ғимарат және құрылыстың іргетасына күші әсер етеді – дейді Аскар Жагпарович. – Мен өзімнің дәрісімде ерекше заманауи тестілеу әдістері жайлы айттым. Қарағанды қ. «Бесоба» шағын ауданында болған қайғылы жағдай қайталанбас үшін инженерлі-геологиялық зерттеулерге ерекше көңіл бөліп, оларды міндетті түрде орындау қажет екендігіне ерекше тоқталып өттім.
Дәрістен кейін қонақтарға университет тарихы жайлы ақпараттар ұсынылды. Университет ҚР Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың – Альма-матері және биыл 55 жылдық мерейтойы. Сонымен қатар ҚМИУ зертханаларындағы ерекше жабдықтар көрсетілді. Университет мұражайы және зертханалары бойынша ұйымдастырылған экскурсияға Каталония Политехникалық университетінің профессоры Жорди Касадемон қосылды, ол «Сымсыз желістер» бағыты бойынша «Эразмус+» бағдарламасы шеңберінде ҚМИУ студенттеріне дәріс оқу үшін келген. Сонымен қонақтар студенттермен ағылшын тілінде сөйлесті. Жапониялық қонақтан Жорди Касадемонның ерекшелігі ол өзінің дәрісін оқу барысында ғаламторды пайдаланды.
– Жақын уақытта сымсыз желіс жиі пайдаланылады – дедйді ол. – барлық ғаламторға қосылуға қатысты бұл барлық процестерді бақылауға мүмкіндік береді.
Қонақтар үлкен қызығушылықпен мұражай стендтерімен, оның ішінде Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа арналған оның студенттік және комбинаттағы жұмысы кезеңімен танысты. Университеттің зертханасында орналасқан 3Д-принтер, жоғары дәлділікті микроскоп және басқа жабдықтар таң қалдырды. Сонымен бірге шетелдік конақ Жорди Касадемонға Бірінші мамыр шеруіне қатысу, сол күні ауа-райы және қазақтың ұлттық тамағы бесбармақ ұнады.
Кездесу соңында Акитоши Мочизуки қазақстандық студенттердің дайындығын жоғары бағалады:
– Сіздер және біздің еліміз үшін халықаралық байланыс тілі үлкен мәселе. Егер де біз әсіресе ағылшын тілін жақсы игерсек, қарым-қатынас аумағы және ақпаратпен алмасу шеңбері кең және терең болатын еді. Бірақта сонымен бірге қазақстандық студенттердің ағылшын тілін игеру деңгейі жапондық студенттер деңгейімен салыстырғанда жоғары.
Светлана ЕГОРОВА
Автор фотосы