Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → Қариу оқытушыларының ғылыми әлеуеті артып келедіБүгінгі таңда кез-келген дамыған мемлекеттің басым міндеті-прогрестің күшті қозғаушы күші болып табылатын зияткерлік меншікті құқықтық қорғау. Біздің елімізде зияткерлік меншікті қорғау үшін өнертабыстарға патенттер беріледі. Патент – өнертабыстың, пайдалы үлгінің, өнеркәсіптік үлгінің не селекциялық жетістіктің айрықша құқығын, авторлығын және басымдығын куәландыратын қорғау құжаты. Қарағанды индустриялық университетінің ғалымдары авторлық өнертабыстарға патенттер алу бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Университет жыл сайын зияткерлік меншік объектілеріне қорғау құжаттарын (өнертабысқа патент, пайдалы үлгіге патент, авторлық құқықпен қорғалатын куәліктер және басқалар) алады. АДАЛДЫҚ САҒАТЫ: СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ӘДІЛДІК ФИЛОСОФИЯСЫСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында кезекті адалдық сағаты өткізілді. Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. Ол өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін шығармаларына арқау етті. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен еліне қызмет етуге арнаған. Сұлтанмахмұт поэзиясы – ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі. Ақын өзінің саналы, саяси, жазушылық өмірін: «Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға, Разымын, не көрсем де осы жолда Шаршармын, адасармын, шалдығармын, Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда», – деп жырлап, өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді: өзінің халқына өнер, білімнің шыңына шығу арқылы еркіндік, бақыт іздеді. Ақынның бел шешіп жазу ісімен айналысқан кездері қазақ халқының тарихында өте бір ауыр жылдар еді. Ол мәдениеті озық, экономикасы дамыған елдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалықтың жаршысы бола білді. Сол себептен ақын «Бүгінгі жастарға оқу міндет, бар қиындықты тек қана ғылым жеңбек» деген үлкен ой тастап: «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда кім болам?», – деп жазды. Ақынды толғандырған мәселелер бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Автордың пікірінше, әділдік қана адамдарды «өзара таласудан», «адамның көз жасынан» және «қан төгуден» құтқара алады. Әділдік – бұл «бақыт пен күштің кілті». Оның сөздері жас ұрпақ үшін бағдар және мәңгілік темірқазық болып қала бермек. ҚарИУ жанындағы Техника-экономикалық колледжде «Кітап оқитын колледж» атты челлендж өткізілді.Біздің колледжде ТжКБ студенттері арасында Қарағанды облысында функционалдық сауаттылық апталығы аясында «ХХІ ғасыр білімі – кәсіби жастар!» атты оқу сауаттылығы апталығы ашылды. Челленджді ұйымдастырушы – Э-20 тобының студенттері (куратор Ольга Викторовна Бнятова). Челлендж жастардың оқу сауаттылығын насихаттауға арналған. Челлендждің негізгі мақсаты: кітапты көп оқитын колледжді анықтау және мадақтау, студенттерді кітап оқуға ынталандыру. ҚарИУ «Айдың үздік қызметкері» байқауының жеңімпаздары марапатталдыБұл байқаудың қорытындылары ай сайын шығарылады. Қаңтар айының қорытындысы бойынша «Айдың үздік қызметкері» атағы «Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Ася Станиславовна Петровскаяға және Цифрлық трансформациялау департаментінің Техникалық қызмет көрсету секторының жетекшісі Александр Салимович Абдуловқа берілді. Әріптестерімізді құттықтаймыз! |