“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


[Раздел или его перевод находятся на стадии разработки. Попробуйте варианты на других языках: Русский, English]

11.11.2021, 10:59:30, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚарИУ-да «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының студенттеріне арналған «АМТ» АҚ мамандарының онлайн-дәрісі өтті

«Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасында бизнес және өндіріс өкілдерінің студенттерге арналған дәрістері жалғасуда.
Бұл жолы, 2021 жылғы 10 Қарашада онлайн форматта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдерінің автоматтандыру жүйелері инженериясы», «жасанды интеллект технологиялары», «бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламаларының студенттеріне қонақ дәрісі өткізілді.
Лектор ретінде «АрселорМиттал Теміртау»АҚ техникалық диспетчерлеу цехының жетекші инженері Ерболат Рапагатов сөз сөйледі. Ол тыңдаушыларға осы бөлімше жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Сондай-ақ, дәріс барысында Ethernet, IOT (Заттар интернеті), Smart glass ( ақылды көзілдірік) пайдалану мүмкіндіктері, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да бейнеталдауды пайдалану сияқты тақырыптар қозғалды.
Онлайн-дәріске 70-ке жуық студент қатысты.
Университет басшылығы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен студенттерге тұрақты негізде осындай онлайн-дәрістер өткізу туралы, сондай-ақ «автоматтандыру жүйелері инженериясы», «жасанды интеллект технологиялары», «бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін техникалық диспетчерлеу цехы бойынша экскурсиялар ұйымдастыру туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді.

 

10.11.2021, 17:28:16, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Ғылыми кітапхана сіздерді 11 және 12 қарашада оқу залына (бас ғимарат, 3 қабат) жаңа әдебиеттерді ашық түрде көруге шақырады «Кітап арқылы білім әлеміне».

11 қараша сағат 11.00-де көрменің ресми ашылуы.

10.11.2021, 16:44:37, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Сапалы білім-еліміздің басты басымдылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қарағанды индустриялық университетінің 2 курс студенттері, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі м.а. Солтан М.С. бірге Теміртау қаласының «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени» орталығында 9 қараша күні өткен дөңгелек үстелге қатысты.
Ағымдағы жылдың 1-қыркүйегі күні мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев жылдағы дәстүрлі Қазақстан халқына «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» – атты кезекті жолдауын жасаған болатын.
Мемлекет басшысының жолдауын талқылауда «Сапалы білім-еліміздің басты басымдылығы» тақырыбында болған дөңгелек үстелге қалалық Нұр Отан партиясының, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері және тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы музейінің ғылыми қызметкерлері қатысып, отырыста ой бөлісті. Мемлекет басшысы осы жолдауында «Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отырғандығын атай келе, Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз» – дей отырып, мемлекет басшысы алдағы кезеңдегі ел дамуының басты локомативі білім мен ғылым саласына құйылған капиталдың маңызды екенін баса айтқан болатын.
Іс – шара қонақтарымен бірге баяндама жасаған «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі м.а. Солтан М.С. білім беру саласындағы түйткілді мәселелер мен сапалы маман дайындауға байланысты өз ойымен бөлісті. Дөңгелек үстел қонақтарымен қатар ҚарИУ студенттері де сұрақтар қойып, өздерінің ойында жүрген сауалдарға жауап ала алды.

   

09.11.2021, 17:38:54, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВОЛОНТЕР-СТУДЕНТТЕРГЕ АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕНІП, АКАДЕМИЯЛЫҚ КРЕДИТТЕР ЕСЕПКЕ АЛЫНА БАСТАЙДЫ

Қазақстанда волонтер-студенттерді материалдық ынталандыру жүйесі енгізілді. Енді волонтерлік қызметпен белсенді айналысатын білім алушылар атқарған еңбегі үшін ақшалай сыйақы ала бастайды. Сондай-ақ академиялық кредиттер есептелуі мүмкін. ҚР Білім және ғылым министрлігі тиісті нормаларды енгізді.

Бұл шешім әлеуметтік маңызды қызметпен айналысатын белсенді студенттердің санын көбейту мақсатында қабылданып отыр. Мысалы, мұқтаж адамдарға көмек көрсету, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және т.б.

«Министрлік жастардың бастамаларына ерекше ден қойып, олардың бастамаларын қолдайды. Мәселен, енді 20 сағаттық волонтерлік қызмет үшін студенттерге ваучер түрінде кредит беріледі. Бұл студент оқитын жоғары оқу орнында/білім беру ұйымында екі академиялық кредитті (сағатты) есепке алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ студент 20 000 теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем алады. Егер студент 50 сағат жұмыс істесе, оған бес академиялық кредит (сағат) есептеліп, 50 000 теңге төленеді», – деді ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов.

Айта кетейік, волонтер-студенттерге арналған төлемдер тілдерді оқыту және компьютерлік сауаттылық бойынша репетиторлық қызмет үшін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс, сонымен бірге аула және спорт клубтарын ұйымдастырғаны үшін, балалар, қарттар және мүмкіндігі шектеулі адамдармен жүргізілген әлеуметтік жұмыс, қоршаған ортаны қорғау және басқа да қызметтер үшін қарастырылған.

Волонтер-студенттерді көтермелеу жүйесін енгізу – жастар арасында әлеуметтік жауапкершілікті дамыту және Қазақстанда волонтерлер қозғалысын ілгерілету барысында жаңа серпін болмақ.

 

Айта кетейік, волонтер-студенттерге арналған төлемдер тілдерді оқыту және компьютерлік сауаттылық бойынша репетиторлық қызмет үшін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс, сонымен бірге аула және спорт клубтарын ұйымдастырғаны үшін, балалар, қарттар және мүмкіндігі шектеулі адамдармен жүргізілген әлеуметтік жұмыс, қоршаған ортаны қорғау және басқа да қызметтер үшін қарастырылған.

Волонтер-студенттерді көтермелеу жүйесін енгізу – жастар арасында әлеуметтік жауапкершілікті дамыту және Қазақстанда волонтерлер қозғалысын ілгерілету барысында жаңа серпін болмақ.

 

09.11.2021, 17:09:12, Umit Khuangan, көшу → Тараулар: Жаңалықтар