Физикадан Республикалық студенттік олимпиада
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Физикадан Республикалық студенттік олимпиада
Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., 27-28наурыз 2014 жыл
Құрметті оқытушылар және студенттер!
ҚР БҒМ 2014 жылға негізгі жоғары оқу орындарында пәндік олимпиадаларды өткізу кестесіне сәйкес Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің
физика- математика факультеті жоғары оқу орындарының 5В011000– физика мамандығының студенттері үшін физикадан VI Республикалық пәндік студенттік олимпиада өткізеді.
Жоғары оқу орны олимпиадаға құрамы үш студенттен тұратын команда жібере алады. Командаға жоғары оқу орнының штаттағы оқытушысы жетекшілік етуі тиіс.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрады:
1.Теориялық кезең.
2.Эксперименттіккезең.
Олимпиаданың теориялық кезеңінде студенттерге 4-5 есеп (3 сағ.- 180 мин.), ал эксперименттік кезеңде эксперименттік тапсырма (2 сағ.- 120 мин.) беріледі.
Олимпиаданы өткізу тілдері – қазақ, орыс.
Командалық турға ЖОО командаларының барлық қатысушылары қатыса алады. Жеке тур тәуелсіз өткізіледі және 2 кезең бойынша жоғары ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз болып табылады.
ЖОО бірінші жетекшісімен бекітілген, олимпиадаға қатысуға арналған өтініш; олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хаттамасы және тіркеу карточкасы 2014 жылдың 17наурызына дейін қабылданады. Өтінішті (қолымен, мөрімен және шығыс нөмерімен) сканерленген түрде электрондық формада е-mail: arsufmatf@mail.ru жіберуге болады. Өтініш түпнұсқасы келген күні көрсетілуі тиіс. Тіркеу карточкалары көрсетілген электрондық мекен-жайға .doc. форматында жіберіледі. Қатысушы сертификатын рәсімдеу үшін студенттердің жеке куәлігінің көшірмесін жіберу қажет.
Келген кезде
- Команда жетекшісінің өзімен бірге:
- жеке куәлігі
- өтініштің түпнұсқасы (қолымен, мөрімен)
- олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хаттамасыболуы тиіс.
- Студенттің өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс.
Олимпиадаға қатысты шығындар қатысушылар есебінен болады.
Ұйымдастыру комитеті
030000, Ақтөбе қ, Ә.Молдағұлова даңғылы 34, физика-математика факультеті.
Телефон: 8(7132) 24-75-94
Факс:8(7132) 56-82-80
e-mail:arsufmatf@mail.ru
Физика пәнінен Республикалық олимпиадаға
қатысуға өтініш
______________________________________студенттік олимпиадаға қатысуға
(ЖОО аты)
келесі құрамдағы топты ұсынады:
- ________________________________, ___курс студенті
(аты-жөні, тегі)
Топ жетекшісі:____________________________________
(аты-жөні, тегі, қызметі)
Телефон:
Факс:
e-mail:
ЖОО жетекшісінің қолы, мөрі.
Олипиадаға қатысушыны тіркеу карточкасы
- Топтағы қатысушының аты-жөні, тегі (толық);
- ЖОО (толық атауы), шифрі, мамандығы, қатысушының курсы;
- Қатысушының мекен-жайы, байланыс телефоны/факсы, e-mail;
- Қатысушыларға қонақ үйден орын алу (иә/жоқ)
Ескерту. Тіркеу карточкасы әрбір қатысушыға жеке толтырылады
Топ жетекшісін тіркеу карточкасы
- Жетекшінің аты-жөні, тегі,қызметі
- Жетекшіге қонақ үйден орын алу (иә/жоқ)
Ұйымдастыру комитеті
030000, Ақтөбе қ, Ә.Молдағұлова даңғылы 34, физика-математика факультеті.
Телефон: 8(7132) 24-75-94
Факс:8(7132) 56-82-80
e-mail:arsufmatf@mail.ru