Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → «Ұлт ұлысқа ортақ үй – Қазақстан»ҚМИУ оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ бірнеше теміртаулық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қуғын-сүргіннің ауыр жылдарында әртүрлі халықтарға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан мен қазақ халқына алғыстарын білдірді. 2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен елімізде жаңа мейрам – Алғыс айту күнін бекітті, ол бұдан былай Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызда атап өтіледі. Алғыс айту күнін тойлау Мемлекет басшысымен Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толуына арналған оның мерейтойлық сессиясында ұсынылды. Алғыс айту күні – 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүретін елде бейбіт өмірге қажетті түсіністік пен келісім, достық мерекесі. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мыңға жуық жеке шаруа жер аударылған. Сталиндік режимде әр жылдарда бүтіндей бір халықтар жер аударылды: 800 мың немістер, 102 мың поляктар, 550 мың солтүстік Кавказдағы халық өкілдері және 100 мыңға жуық Қиыр Шығыстағы корей отбасылары. Алғыс айту күні жалпы тарих, қазақтардың және барлық этникалық топтардың бір-біріне, қазақтарға қолдау көрсету арқылы бірлесе бастан кешкен қиындықтары туралы естелік негізінде, көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау мен дамытуды бейнелейді. ҚМИУ-де өткен дөңгелек үстелдің басты идеясы – Қазақстанға жер аударылған адамдардың тағдырын көрсету. Теміртау қ. әкімінің орынбасары Дәурен Есімхановтың құттықтау сөзі мен «ҚТ және ӘГП» кафедра меңгерушісі Оксана Гуменчуктың сөзінен кейін, Қазақстанға көп жыл бұрын қоныстанған отбасы ҚМИУ студенттері Татьяна Силаева, Савелий Элефтериади, Ламара Султаева, Земфира Атакулова және Леонид Ким сөз сөйледі. Олар өз отбасыларының тарихын негізге ала отырып, Қазақстанға әр түрлі халықтарды дүрбелеу туралы эмоцияларын жасырмастан, кейде тіпті көздеріне жас ала айтты. – Алғыс айту күні– бұл, ең алдымен, Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні, соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен ынтымақ, біздің еліміздің халқымызға деген өзара сенім мен құрмет орнады, барлық қиын кезеңдерде бір-біріне арқа сүйе өмір сүрді», – дейді іс-шараның модераторы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Татьяна Семенова. – Қысқа мерзім ішінде біздің Президентіміздің басшылығымен ортақ күш-жігерімізбен біз тәуелсіз, гүлденген Қазақстанды құрдық. Бұл – қуғын-сүргін мен дүрбелең жылдары біздің халқымыз жасаған сияқты, бір-біріне көмектесу, ашық жүрекпен бөлісуге дайын болу және рухани қайырымдылық дәстүрлері күні. Іс-шараның соңында ҚМИУ фойесінде арнайы орнатылған ақ баннерге әр қатысушы алғыс сөздері мен туған Қазақстанына деген тілектерін жазды. Ал, содан кейін барлық қонақтар далаға шығып, көгілдір ашық аспанға сол түсті – бір шаңырақ астында тұратын халықтардың бейбітшілік пен өзара түсіністігінің символы әуе шарларын ұшырды. ҚМИУ баспасөз қызметі Оқытушылар мен студенттер ҚМИУ өкілдері жазған оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесінің қатысушылары болды28 ақпанда бас ғимараттың бірінші қабатының дәлізінде көрме ұйымдастырған университет кітапханасының қызметкерлерінің күш-жігері бекер болған жоқ: оқу құралдарына қызығушылық танытқандар көп болды. Жаңа оқулықтар көрмесінде 2017 жылы ҚМИУ баспаханасында шығарылған 50-ден астам әдебиет атаулары ұсынылды: оның ішінде 19 кітапшалар қазақ тілінде, 34 орыс тілінде жазылған. Көрмеге келген көптеген оқытушылар мен студенттер жұмысқа қажетті кітапшалардың атауын жазып алды, ал кейбіреулер қажетті әдебиеттерді кітапханадан бірден алды. ҚМИУ баспасөз қызметі “Магнитка” лигасының КТК кубок көшбасшылары анықталды28 ақпанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің сахнасында “Магнитка” лигасының КТК кубогында 16 көңілді және тапқыр ұлдар мен қыздар командалары кездесті. Ойын «Нұр Отан» партиясының Күні мен алғыс айту Күнін мерекелеу аясында «Нұр Отан» партиясы филиалының және университет басшылығының қолдауымен өтті. Ойын қорытындысы бойынша “ҚҚЭУ Құрама” командасы (Қарағанды қ.) көшбасшы болды. Екінші орында – Теміртау медициналық колледжінің «Группа крови», үшінші орында – сахна иесі «ҚМИУ құрамасы». «Үздік ойыншы» номинациясы «Нестандартная» командасының қатысушысы Меней Ерқанатқа берілді. Теміртау қалалық мәслихатының хатшысы Алексей Ломакин жеңімпаздарға грамоталар, кубоктармен мен медальдарды табыстады. ҚМИУ баспасөз қызметі Қазақ халқының ұлы тұлғасы
“Мәңгілік ел жастары – индустрияға!” – “Серпін” мемлекеттік әлеуметтік жобасы бойынша ҚМИУ-да оқитын 142 техникалық мамандықтың студенттері Қазақ ойшылының 350 жылдығына арналған “Қаз дауысты Қазыбек би” қойылымында болды. Қарағанды облыстық С. Сейфуллин ат. Қазақ драма театрының қойылымы Теміртау қаласында «Жас көрермендер» театрының сахнасында өтті. Сапар ұйымдастырушысы «Энергетика, көлік және бақылау жүйелері» факультетінің декан орынбасары Ж.К. Қапашева болды. – Осындай қойылымдарда тарих желісі анық байқалады, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған қазақ халқының құндылықтары, – дейді Жания Құдайбергенқызы. – Қазақ халқының ұлы тұлғасының қызметі мен шығармашылығы, оның мемлекет тарихындағы маңыздылығы мен құқығы туралы қойылым біздің студенттерімізді бей-жай қалдырмады. Олар ойшылдың шешендік өнеріне және оның жеке басына қатысты көптеген жаңа тарихи деректерді ашты. ҚМИУ баспасөз қызметі
|