Студенттік жылдар -өмірдегі ең үздік жылдар. 2019 жылы 23 қазанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде бірінші курс студенттері үшін көптен күткен оқиға «Студенттер қатарына қабылдау» шарасы өтті.
Біздің университет үшін – бұл дәстүрлі игі іс-шара, ол әрбір студенттің өміріндегі ең жарқын және ұмытылмас кезеңнің бастамасы болып табылады.
Бірінші курс студенттеріне тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі директор Салпенова Мадина Мейрамқызы құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге жақсы оқу, ұмытылмас студенттік өмір тіледі.
Іс-шараны жүргізушілер Меней Ерқанат пен Әкімов Жандос тамаша үн қосты. Олар өз әзілдерімен залды зарядтады. Көрермендермен өткізілген конкурстар шаттық көңіл-күй тудырды.
Үй тапсырмасы ретінде барлық факультеттер мен техникалық-экономикалық колледждің бірінші курс студенттері би флеш-мобын дайындады. Бұл тапсырма 2 ай ішінде біздің бірінші курс студенттеріміздің тату, ұйымшыл болып кеткенін көрсетті.
Олардың әрбір сахнаға шығуы залдағы көрермендердің шаттығына бөленді. Металлургия және машина жасау факультетінің бірінші курс студенттері ең бұқаралық өнер көрсетті. Экономика және құрылыс факультетінің студенттері күш санда емес, сапада екенін дәлелдеп, жарқын өнер көрсетті. Техникалық-экономикалық колледждің бірінші курс студенттері ең жас өнер көрсетушілер болды, бірақ соған қарамастан, ұйымшыл шоу көрсетті. Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультетінің өнері есте қаларлықтай болды: бірінші курс студенттері ерекше форматты таңдап , көптеген импровизациялар болды, тіпті олардың біздің университетке түсу тарихы туралы фильм түсірді.
Бұл кеш сыйлықсыз өтпеді: бірінші курс студенттері алдында Қытай, Моңғолия, Өзбекстаннан келген дайындық бөлімінің студенттері концерттік нөмірлерін көрсетті.
Кешегі абитуриенттер оқу орнының табалдырығын алғаш рет студент ретінде өтіп, жалындаған көздерімен студенттік бауырластықтың бір бөлігі болуға ұмтылады. Жоғары курс студенттеріне таңқаларлықпен қарап, студенттер қатарына қабылдау кезінде біздің бірінші курс студенттері барлық сынақтардан абыроймен өтті.
Өткізілген іс-шарадан алған әсерлер өте жылы және қуанышты болды деп айтуға болады. Бұл жаңа, ересек өмірге жақсы бастама. Дегенмен, студенттер өміріне арналған нағыз қабылдау «Бірінші сессия» атты үлкен емтихан болады. Сондықтан қабылдау рәсімінен кейін босаңсуға болмайды, себебі желтоқсан айында емтиханда оқытушылардың күрделі сұрақтарына жауап беру және қиын міндеттерді шешу қажет екенін ұмытпайық.
Біз бірінші курс студенттеріне жаңа ашулар, үлкен жетістіктер мен қажырлы жұмыс тілейміз. Біздің табысты студенттеріміздің үлгісі, сізді дәл осындай жоғары деңгейге жетуге ынталандырсын. Сондықтан аға тәлімгерлерден білім эстафетасын қабылдап, оқуға, оқуға және тағы да оқуға дайын болыңыз деп айтқымыз келеді! Сәттілік!!!
ҚМИУ баспасөз қызметі