Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Б.Жәутіков, жаңа жағдайда ҰБТ-2020 өткізуге университеттің толық дайын екендігін БАҚ өкілдеріне көрсету үшін кездесу ұйымдастырды.
Биыл ҰБТ-2020 Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелеріне енгізілген бірқатар жаңалықтармен өткізіледі:
ҰБТ қатысу үшін құжаттарды онлайн тәртібінде қабылдау және кіру кезінде тұлғаны тану (Face ID) көмегімен сәйкестендіріледі;
– ҰБТ электрондық куәлігі және білім грантын тағайындау туралы электрондық куәлік енгізілді;
– SAT, AST және IB халықаралық стандартталған тестілерінің баллдарын ҰБТ баллы шкаласына енгізу іске асырылады. Осындай сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ босатылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады;
– академиялық кезеңнің соңына дейін қабылданған, ҰБТ шекті баллын жинамаған түлектер жыл бойы ҰБТ тапсыруға мүмкіндігі бар;
– педагогикалық мамандықтарға қатысты үміткерлер үшін ҰБТ шекті балы 70 баллға көбейтілді;
– ҰБТ бейне жазбасына сараптама жасау нәтижесінде қолдануға тыйым салынған заттар табылған жағдайда ҰБТ нәтижелері және берілген білімдік грант сертификатының күші жойылады.
Сондай-ақ, талапкерлерге тест тапсыру орындарында калькуляторлар беріледі және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа өзгертілді. Сонымен қатар, ата-аналарға және басқа да еріп жүретін адамдарға балаларды ҰБТ өтетін жерлерде күтуге тыйым салынады.
Болашақ үміткерлердің ата-аналары үшін ҰБТ үлгерімін тексеру үшін онлайн трансляция өткізіледі.
Коронавирустық инфекцияның пандемиясына және оның алдын алуға жағдайдың жоғарылауына байланысты, ҚМИУ ҰБТ алаңы санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес міндетті түрде баррикадалық таспалармен қоршалады. ҰБТ өткізілетін орынға кіру тәртібі бойынша талапкерлердің арасындағы арақашықтық 2 метр болуы қамтамасыз етіледі, көрсетілген қашықтық ҰБТ кезінде сақталады. Біздің аудиториялар 50% талапкерлермен толады. Барлық талапкерлердің бетперде тағуы міндетті түрінде талап етіледі.
Түлектер ҰБТ пунктіне кіргеннен кейін бес тексеру кезеңнен өтеді:
– баррикада ленталарын қолдана отырып, әлеуметтік қашықтықты сақтау;
– сыртқы киімдерді зарарсыздандыру үшін арнайы туннельден өту;
– аяқ киімді зарарсыздандыру;
– қолды зарарсыздандыру;
– температураны бақылау.
Егер түлектің кенеттен ыстығы болған жағдайда, біздің дәрігерлер оған уақтылы көмек көрсетеді.
ҰБТ барлық процесі бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, кездесуге Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мирас Жанатбекұлы Құттыбай мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдер тобының жетекшісі және ҰБТП жетекшісі Алтынай Хамитқызы Баймағамбетова де белсенді қатысты.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті барлық түлектерді мектепті бітірулерімен құттықтайды. Барлықтарыңызға ҰБТ сәтті тапсырып, сүйікті мамандығыңызға оқуға түсулеріңізге тілектеспіз!
Біздің университетті таңдаумен – сіз дұрыс таңдау жасайсыз!