“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


“Жасанды интеллект технологиясы” кафедрасында шетелдік профессор Айдын Четыннің қонақ дәрістері өтеді

Жыл сайын халықаралық ынтымақтастық аясында жетекші шетелдік университеттердің профессорлары Қарағанды индустриялық университетінің студенттері үшін дәрістер оқиды және практикалық сабақтар өткізеді.

Биылғы жылы “бағдарламалық инженерия” білім беру бағдарламасының студенттері үшін “АТ-жобаларды басқару” және “бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу” пәндері бойынша Түркиядан келген Гази университетінің профессоры Айдын Четын дәріс оқиды.

Сабақтарды өткізу барысында профессор Айдын Четын оқытудың инновациялық әдістерін белсенді қолданады, мысалы, дәріс-мәселе, топтар бойынша жұмыс, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету мен онлайн-сервистерді пайдалана отырып, өз жобаларын әзірлеу.

Профессор Айдын Четыннің “жасанды интеллект технологиясы” кафедрасының студенттерімен сабақ циклі 2022 жылдың 3 қарашасына дейін жалғасады.

11.10.2022, 20:36:15, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЭССЕ ЖАЗУДАН БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ!

Ұлттық мереке – 25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен “Менің арманымдағы Қазақстан” тақырыбына эссе жазудан байқау жарияланды.

Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.

Байқауға студенттер, магистранттар және қоғамдық жастар ұйымдары қатыса алады.

Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.

Жұмыс 2022 жылғы 15 қазанға дейін Жоғары оқу орнының электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Конкурс бойынша толық ақпаратты жоғары оқу орнының сайтынан қарауға болады.Конкурстық жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындауға болады.

Конкурстың бірінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау 2022 жылғы 19 қазанда жоғары оқу орындарының базасында өтеді. Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астана қаласында өтеді.

11.10.2022, 17:36:29, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ТЕМІРТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ВАРГАНОВА ЕЛЕНА ПЕТРОВНАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ!

 

 

Бүгін Қарағанды индустриялық университетінде Теміртау қалалық мәслихат депутаты Варганова Елена Петровнамен ҚР Президентінің Жолдауын ашу бойынша кездесу өтті. Кездесуге факультет декандары, факультет декандарының орынбасарлары, кафедра оқытушылары, белсенді студенттер қатысты.
Бірінші болып сөз бастаған қалалық мәслихат депутаты Елена Петровна яғни біздің мақсатымыз қазіргі ғылым экономиканы жедел алға жетелейтін алып индустрияға айналдыру. Қазақстан жаһандық экономикада үрдерістерге сай болу тиіс. Бізге де осы ғылыми-технологиялық жаңашылдықты әкеліп, өндіріске қосатын жаңа әрі білікті мамандар қажет. Себебі, адам капиталы ең құнды байлығымыз. Бұл реформалар халықтың тұрмысын түзеуге әр адамның құқығын толық қорғауға, демократиялық үрдістерді жедел жүргізуге бағыталған. Бір сөзбен айтқанда барлығы тек халық игілігі үшін жасалып жатқандығын айта кетті.
Жиын соңында депутатқа сұрақтар қойып, өзекті мәселелер талқыланды.

10.10.2022, 10:49:31, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТӘУЕЛСІЗ АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ АГЕНТТІГІНІҢ “САПА ЖҰЛДЫЗЫ” БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!

Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) ұйымдастырған “Жаһандық білім беру кеңістігіндегі трансұлттық өзара іс-қимыл” білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі VI Орталық Азия Халықаралық форумы өтті.
Форум аясында университеттердің еуразиялық рейтинг қорытындысы бойынша үздік академиялық жетістіктері мен зерттеулерге бейілділігі үшін Қарағанды индустриялық университеті осы агенттіктің “Сапа жұлдызы” белгісімен марапатталды.
Форум жұмысына ҚР Білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Т. Жұмағұлов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Б.Т.Түймебаев, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Б.С. Айтимова, ЖОО ректорлары, мемлекеттік органдардың өкілдері, парламенттердің, халықаралық аккредиттеу агенттігінің депутаттары, Қазақстан, Германия, АҚШ, Үндістан, Түркия, Латвия, Әзірбайжан, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа да елдердің жоғары білім сапасын қамтамасыз ету желілері қатысты.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР) – білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жетекші халықаралық аккредиттеу агенттігі, EQAR сапаны қамтамасыз етудің еуропалық тізіліміне кіреді және ENQA жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып табылады.
Біздің университет арта рейтингтеріне белсенді қатысады және бірқатар мамандықтар бойынша жетекші орындарға ие. ҚарИУ бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.

08.10.2022, 16:47:48, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы 2022» конкурсы

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы 2022» конкурсы бойынша келесіні хабарлайды.

Конкурстың I кезеңі 2022 жылдың 1 қарашасынан басталып, 2022 жылдың 10 қарашаға дейін жалғасады.

Байқаудың II кезеңі 2022 жылдың 17 қарашасынан басталып, 2022 жылдың 3 желтоқсанына дейін жалғасады.

 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы 2022» конкурсына қатысты толық ақпарат:

07.10.2022, 17:35:37, Ольга Пак, көшу → Тараулар: Жаңалықтар