ҚМИУ –де Президенттік олимпиада болып өтті
Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде, біздің еліміздің мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында табиғи -математикалық цик курс пәні –бойынша жыл сайын өткізілетін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 13-16 қараша аралығында , XI Президенттік олимпиада өткізілді. Дәстүрлі түрде бұл олимпиада соңғы 9 жыл бойы Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың Альма-матер университетінде өтеді.
Президенттің серіктестері және құрметті қонақтардың қатысуымен 13 қарашада олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті .
Жыл сайын өтетін олимпиаданың алға қойған негізгі басты мақсаты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дарынды, интелектуалды зиялы Қазақстан мектеп оқушыларының патриоттық рухын көтеріп табиғи-матиматикалық ғылымдарды тереңірек зерттеп, оқуға арналған.
Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
1) Орта білім беру ұйымдарының студенттері арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды студенттерді анықтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау және олардың интеллектуалды дамуы мен кәсіпқойлығы бағдарлау;
2) Табиғи математикалық бағыттағы пәндерді оқып-үйренуге студенттердің қызығушылығын арттыру теориялық білім мен дағдыларды тереңдету;
3) Жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі дамытуға жәрдемдесу.
Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – өңірлік – 1 қарашаға дейін;
2) екінші кезең – іріктеу кезеңі 2 турда өткізіледі:
1 тур – қашықтықта – жыл сайын 15 қарашаға дейін;
2 тур – шығармашылық, эссе жазу (1 беттен кем емес,45 минут)
– қашықтықта;
3) үшінші кезең(қорытынды) кезең – республикалық
Барлығы аймақтық кезеңге 2461 бітірушілер қатысып, 1427
мектеп ( оның 557 мамандандырылған, 602 ауылдық мектептер). Оның ішінде қазақ тілді оқыту – 1511.
1 турдың қорытындысы бойынша, келесі кезеңге 407
оқушы жіберілді , 294 жалпы білім беретін мектептер оның ішінде (211 мамандандырылған, 80 ауылдық мектептер). Оның ішінде қазақ тілінде оқыту – 213.
Президенттік олимпиаданың финалға қатысқан барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етіледі сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлері ҚР БҒМ дипломдарымен марапатталады.
Барлық қатысушыларға үлкен табыстар мен жеңіс тілейміз!
Баспасөз қызметі ҚМИУ