“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Теміртау қаласында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу қортындысы бойынша максималды балл – 130, ең  төменгі балл – 18

ҰБТ пункті қалыптасқан дәстүр бойынша Қарағанды мелмекеттік индустриялық университетінде орналасты. Биылғы жылы мектеп түлектері үшін негізгі сынаққа 458 адам қатысты.

ҰБТ тапсыруға арналған өтініштерді қабылдау  10 наурыз және 10 мамыр аралығында өткізілді. ҰБТ тапсыру үшін Теміртау қ. және Ақтау кентінің 27 оқу орындарынан 481 түлек өтініші білдірді, бұл барлық түлектердің 55,4% (868 адам) құрады, оның ішінде 207 түлек қазақ тілінде, ал 274 түлек орыс тілінде білім алды.

ҰБТ тасыру үшін қазақ тілінде оқытатын мектептердің 204 түлегі, орыс тілінде оқытатын мектептердің 254 түлегі қатысты, 22 адам тестілеуге қатыспайтындарын білдірді, бір түлек 21 шілде күні Қарағанды қ. АКДА стационарлық емдеуге болды.

– Тестілеу 60 тан 120 дейінгі орынды бес дәрсханада өткізілді. ДКК анықтамасына қатысты екі 11 сынып түлектері үшін қордағы дәрісхана қолданылды – деп хабарлады ҚМИУ базасында орналасқан 724-ҰБТП жетекшісі Сауле Камарова. – ҰБТ ережелерін бұзудың алдын алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында онлайн-трансляциялы 11 бейнебақылау камерасы, ұялы телефондар дабылын тұншықтыратын 6 қондырғы, 4 қолды және 1 арқалы металл іздеуші құрылғы қолданылды.

Тестілеу пунктін автономды қордағы электрмен жабдықтайтын қондырғы дайындалды. ҚМИУ медбекеті алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілді, университеттің медициналық қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды. 08.06.2018 жылғы №191-НҚ нұсқауына сәйкес тестілеу барысын ҚР БҒМ өкілдері, бағдарламашы, ҰҚКД екі қызметкері қадағалады.

ҰБТ өткізу технологиясы 02.05.2017ж ҚР БҒМ №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу Ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылды.

ҰБТ қортындысы бойынша шекті деңгейлі 50 балл және жеке пәндер бойынша 5 баллдан артық баллды 410 адам (89,5%) жинады.

Орташа балл шығармашылық емтиханды ескерумен 75,39 (2017 ж – 68,55), және шығармашылық емтихансыз 80,5 (2017ж – 70,85) құрады.

 ҚМИУ баспасөз қызметі


Маңызды күн

Биылғы мектеп түлектері бүгін Ұлттық бірыңғай теслілеуді тапсыруда. Таңертең Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің алдында шамамен бес жүз астам түлектер, педагогтар, мектеп директорлары және ата аналар жиналды.

Түлектер және олардың жанкүйелерлері үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің басталуына арналған митинг өткізілді. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры, мемлекеттік комиссия төрағасы Б.А. Жәутіков және Теміртау қ. әкімінің орынбасары Д.Ж.Есимханов түлектерге ақжол, сәттілік тіледі. Осыдан кейін әртүрлі оқу орындарының өкілдері кезекпен университет ғимаратына шақырылды.

Биыл ҰБТ  481 түлек, оның ішінде қазақ тілінде – 207, орыс тілінде  – 274 түлек тапсырады. ҰБТ ҚМИУ  5 дәрісханада өтеді, сонымен екі дәрісхана қорда тұр. Барлық дәрісханаларда бейнебақылау камералары орнатылған.

Түлектердің ата аналары ҚМИУ жаңа корпустың конференц залына монитор арқылы ҰБТ тапсыру барысын көре алады.

 ҚМИУ баспасөз қызметі


ҚМИУ ҰБТ 481 түлек тапсырады

21 шілде күні ҚМИУ Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізіледі. Биылғы мектеп түлектері – 868.  Түлектердің өміріндегі ең жауапты емтиханды биылғы жылы 481, оның ішінде қазақ тілінде – 207, орыс тілінде – 274 түлек тапсырады.  ҰБТ 5 дәрісханада өткізіледі. ҰБТ пунктері  металіздеуші, ұялы телефондар дабылын тұншықтыратын құралдармен, компьютерлі сканер, принтерлермен жабдықталған. Барлық дәрісханаларда бейнекамералар орнатылған.

Түлектердің  ҰБТ қалай тапсыратындығын түлектердің ата-аналары ҚМИУ жаңа корпусында конференц-залда орнатылған мониторлар арқылы тамашалайды. Мектеп түлектеріне ҰБТ табысты тапсыруға тілектеспіз және біздің университетімізге оқуға шақырамыз!


Құттықтаймыз!

 

ҚМИУ ұжымы Галина Сергеевна Арбузды PhD докторы ғылыми дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтайды. Жұмысына шығармашылық табыс тілейміз және ғылыми жаңалықтар күтеміз!

 


Оқу, практика және мәдениетті бағдарлама

ҚМИУ оқытушылары келесі апта ішінде Лакшми Миттал Ақпараттық технологиялар институтының екінші курс студенттеріне металлургия саласы бойынша дәріс оқиды. Он екі жігіт және екі қыз студенттер Раджастхан штатында орналасқан Джайпур қ. металлургиялық комбинатынан практикадан өту үшін келді.

Үндістаннан келген студенттер Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде бірнеше жыл қатарынан білім алуда. Осы кезде университет бойынша Теміртау қаласының қонақтары ҚМИУ мұражайымен және зертханаларымен, онда орналасқан ерекше жабдықтарымен танысады.

– Біздің студенттер Үндістанның әртүрлі қалаларынан келді – дейді доктор Ашок Даргар, Лакшми Миттал Ақпараттық технологиялар институтының оқытушысы – Біз Теміртау қаласына 8 маусым күні «АрселорМиттал» бағдарламасы бойынша жаңа технологияларды игеру және халықаралық байланысты нығайту үшін келдік. ҚМИУ оқу 18 маусым күні басталады, теориялық оқудан кейін №1 және №2 табақты таптау цехтарында өндірістік практика өткізіледі. Сонымен бірге студенттер  Персоналды оқыту және дамыту бөлімінде «Ақпараттық технологиялар» тақырыбына арналған сабаққа қатысады. Олар үшін мәдени бағадрлама да ұйымдастырылған, олар қазақ халқының салт-дәстүрімен, Балалар және жасөспірімдер орталығымен танысады. Қарағанды және Астана қалаларына арналған экскурсия ұйымдастырылады.

 ҚМИУ баспасөз қызметі