“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚМИУ оқу жетістіктерін сырттай бағалау іс-шарасы өткізілді

18 сәуір күні ҚМИУ жоғары білімнің оқу жетістіктерін сырттай үлгілік бағалау базалық және бейінді циклдердің төрт міндетті пәні бойынша студенттерді кешенді тестілеу түрінде өткізілді.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25, барлық тест тапсырмаларын орындау үшін жалпы 3 сағат берілді.

ОЖСБ күндізгі оқу бөлімінің үшінші курсының 366 студенті, оның ішінде 248 адам қазақ тілінде, 118 адам орыс тілінде оқу нысаны бойынша қатысты.

ОЖСБ міндеті:

– студенттердің оқу жетістіктеріне арналған мониторингті жүргізу;

– оқу процесін тиімді ұйымдастыруды анықтау;

– білім ұйымы ұсынатын білімдік қызмет сапасын салыстырмалы сараптау.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Польшадағы кездесу

Варшава қаласында қазақстандық университеттердің ректорларының  поляк әріптестерімен кездесулері өтуде.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары бірінші күні Perspektywy-2018 инженерлік білім саласындағы көшбасшыларының Халықаралық форумына қатысты. Кейін келіссөздер Ғылым және жоғарғы білім министрлігінде өтеді, мұнда әрі қарай ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталады. Бірқатар жоғары оқу орындары арасындағы келісім шарттар және стратегиялық ынтымақтастық келісімдері бекітіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанның 783 студенті Польшада білім алып жатыр. Көптеген Польшаның университеттері және Қазақстандық университеттерімен екіжақты ынтымақтастық келісім шарттарын жасаған, осы келісім шарттары кеңауқымда жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының ректорларының делегациясының бұл сапары жақында Астана қаласына жұмыс сапармен келіп кеткен Варшава технологиялық университетінің ректоры Я.Шмидта, Технологиялық университетінің ректорының Ополе М. Тукиендорфа және  «Perspektywy» Білім қорының президенті  В. Сивинскидің жұмыс сапарларының нәтижесі.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Жастардың Төртінші өнеркәсіптік  революция әлемдегі ғылыми шығармашылығы

2018 жылдың 12-13 сәуір күндері Қарағанды индустриялық университеті және Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетімен (Украина) бірге «Жастардың Төртінші өнеркәсіптік  революция әлемдегі ғылыми шығармашылығы» атты XLVIII республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына Қазақстанның  жоғары оқу орындарының профессорлы-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және шетелдік әріптестер, кәсіпорындар өкілдері және білім мекемелерінің докторлары, магистранттары және студенттері қатысты. Конференц-байланыс бойынша ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетінің Электрмеханика, электрүнемдеу және басқару институтының директоры профессор А. П. Черный қатысушыларды конференцияның ашылу салтанатымен құттықтады.

Пленарлық отырыста ҚМИУ ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры А. А. Айкеева сөз алды. Ол өзінің сөзінде  Басшысының алға қойған мақсаттарына, оның ішінде әлемдік озық елдер қатарына ену үшін қазақстандық білімді жаңа деңгейге  көтеру мәселелері туралы айтты. Басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауында ғылыми әрекеттің және білімдік үрдістің интеграциялануының маңыздылығы атап өтілген. Н.Ә.Назарбаев жаңа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» Жолдауында жаңа міндеттер айқындалды, осы міндеттерді жүзеге асыру барысында еліміз жылдам өзгеретін жаңа әлемге жағдайына табысты икемделеді. Алтын Аманжолқызы ҚМИУ ғылыми-инновациялық және халықаралық қызметі, жақын жылдардағы университет жоспары туралы айтты және конференция қатысушыларына табысты жұмыс атқаруды тіледі.

«Cisco» желісті академияда оқыту және оның әрі қарай табысты жұмыс жасауы жайлы пленарлық отырыста ҚМИУ жас маманы Д. Токсеит хабарлама жасады. «Топырақтарды зертханалық сынау» атты баяндаманы Қ-16ғм тобының магистранты А. Касенова тыңдаушылар назарына ұсынды. Компанияны тиімді басқару инструменттері жайлы Э-15 тобының студенті Т.Силаева ойын ортаға салды. Осыдан кейін бас және жаңа коропус дәрісханаларында  әртүрлі бағыттар бойынша тоғыз секция өз жұмысын жалғастырды. Өздерінің баяндамаларын С.Тойайғыров атындағы Павлодар университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ студенттері, магистранттары, колледж және жалпыбілімдік мектептердің оқушылары көпшілік назарына  ұсынды.

Конференцияда барлығы 360 баяндама, оның көпшілігі «Технология және машинажасау саласының өзекті мәселелері», «Металлургия және металтану саласын дамыту және инновациялар», «Архитектура және құрылыс», «Әлемдік экономиканы жаһандандыру жағдайында Қазақстандағы бизнесті дамыту» секциялары бойынша ұсынылды. Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жасалды.

ҚМИУ студенттері И. Стамкулова (МжЖМТ-14 тобы, «Металлургия және металтану саласын дамыту және инновациялар» секциясы), Ю. Франц (МҚӨТ-15с тобы, «Технология және машинажасау саласының өзекті мәселелері» секциясы), А. Мусин (ОЗХТ-14 тобы, «Химия, химиялық технологиялар және экология» секциясы), А. Смайл және А. Батырбек ( ЭЭ-15қ тобы, “Жылуэнергетика, электрэнергетика және өндірісті автоматтандыру» секциясы), Д. Прохорович (ЕТжБҚ-15 тобы, секция «Заманауи физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар» секциясы), А. Сапар (Қ-15қ-2 «Архитектура және құрылыс» секциясы), Д. Сейдуллаев және А. Турсунов (Э-17 тобы, «Әлемдік экономиканы жаһандандыру жағдайында Қазақстандағы бизнесті дамыту» секциясы), С. Қуанышқызы (МҚӨТ-17қ-3 тобы, «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер рөлі» секциясы), С. Елефтериади (МҚӨТ-17тобы, секция «Филологиялық ғылымдар» секциясы) үздік нәтижелер көрсетті.

Табысты және қызықты жұмыс күнінің соңында комиссия жұмыс қорытындысын шығарды. Конференцияның салтанатты жабылу шарасында үш бірінші орын жеңілпаздарына грамоталар және сыйлықтар, жеңілпаздарды осы конференцияға дайындаған оқу орындарының жетекшілері және педагогтарына Алғыс хаттар тапсырылды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


ҚМИУ студенттері республикалық пәндік олимпиаданың көшбасшылары болды

Металлургия саласы бойынша мамандарды дайындау саласындағы республикалық оқу орындарының ішінде базалық оқу орны саналатын Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 13 сәуір күні жыл сайынғы «Металлургия» және «Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың екінші туры өткізілді.

ҚМИУ оқу үрдісінің ерекшелігіне қолданыстағы заманауи оқу-ғылыми зертханалық базалары, оның ішінде еліміздегі жалғыз жартылай өндірісті агрегатты және қондырғылар орналасқан тәжірибелі-өнеркәсіпті жұмыс жасайтын алаң жатады. Университетте барлығы 59 мамандандырылған зертханалар орналасқан, бұл студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді. Университет жанында Металлургиялық орталық құрамында 12 зертхана, оның ішінде «Электронды микроскопия және нанотехнологиялар» инженерлі бейінді зертхана жұмыс жасайды. Онда Қ. Сатпаев атындағы ҚазҒЗТУ, ҚарМТУ және басқада жоғары оқу орындарының магистранттары машықтанудан өтеді.

Практика базаларын дамыту және әрі қарай ҚМИУ студенттерін жұмысқа орналастыру мақсатында мынандай өнеркәсіпті кәсіпорындар және компаниялармен: «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «ТНК «Қазхром ТҒК» АҚ, «Жезқазған мыс байыту зауыты» «Central Asia Cement» АҚ, Соколов-Сарбай КБӨБ, «Силициум Қазақстан» ЖШС, «Ақтөбе рельсті арқалық зауыты» және көптеген т.б. тығыз байланыстар орнатылған.

Жыл  сайын «Металлургия» және «Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиада республикалық студенттік олимпиадалар шеңберінде және талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында өткізіледі. Осы олимпиада қортындысы бойынша халықаралық олимпиадаға қатысатын команда құрылады.

Олимпиаданың бірінші кезеңі жоғары оқу орындарында өтеді. Оның қортындысы бойынша ректор бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясы  үздік студенттерді таңдайды және базалық оқу орына екінші кезеңге қатысу үшін жібереді.

Олимпиаданың екінші кезеңіне барлығы 17 команда қатысты. Олардың ішінде ҚМИУ, К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, ҚарМТУ, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Қ. Сатпаев атындағы Екібастұз инженерлі-техникалық институты, Байқоңыров атындағы Жезқазған университеттерінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар теориялық сұраққа жауап бергеннен кейін күрделі есептерді шешті, бұл бірнеше сағатқа созылды, конкурстық комиссия қортынды шығарды.

«Металлургия» мамандығы бойынша бірінші орын – ҚМИУ, екінші орын – Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне, үшінші орын – Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің командаларына берілді.

«Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша бірінші және екінші орынды ҚМИУ және үшінші орынды ҚарМТУ командалары иеленді.

Қортындыларды талқылау нәтижелері бойынша «Металлургия» мамандығы бойынша конкурстық комиссия келесі студенттерді: I дәрежелі дипломмен – Д. Сайлауов (КМИУ); IІ дәрежелі дипломмен – М. Кулмурза (К. Жұбанов атындағы АӨМУ) және А. Малыбаева (Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ), IІІ дәрежелі дипломмен – Д. Арыстанова (ҚарМТУ), З. Абдрахманова (Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ), және А. Болусбекова (С.Торайғыров атындағы ПМУ) марапаттады.

«Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша: I дәрежелі дипломмен – А. Каныбек (КМИУ), IІ– Г. Заит (КМИУ) и М. Камбар (КГИУ); III дәрежелі дипломмен – Д. Дюсембаев (ҚарМТУ), А. Тымченко (КМИУ) және М. Орынбасаров (ҚарМТУ) марапатталды.

Олимпиада қатысушылары іс-шараның маңыздылығын, оның кәсіби деңгейді және шекті ойлау қабілетін қалыптастыруға үлкен әсер ететінін ерекше атап өтті.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


«Қазақстанның қасиетті географиясы»

 

Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласының шығарылу жылдығына арналған көрме өтті.

Көрмеде «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті географиясы» және «100 жаңа есім» сияқты негізгі арнайы жобалар бойынша материалдар ұсынылды. Бұдан басқа, Қазақстан мен оның халқы үшін маңызы бар 250-ден астам мәдени нысандардың, табиғи және археологиялық ескерткіштердің сипаттамасымен «Қазақстанның қасиетті географиясы» кітабының таныстырылымы өтті. Кітаппен Қазақстан бойынша 45 археологиялық топ және 150-ден астам адам жұмыс істеді, олар он мың шақырымдай жол жүріп, шатқалдарды, көне қалаларды және автотұрақтарды тексерді. Кітап қазақ және орыс тілдерінде басып шығарылды және баспа түрінде ғана емес, сонымен қатар электронды түрде де қол жетімді.

ҚМИУ баспасөз қызметі