“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Академиялық ұтқырлық


Информация о количестве грантов в разрезе групп образовательных программ КГИУ

С 13 по 20 июля 2019 года в Карагандинском государственном индустриальном университете осуществляется прием документов на участие в конкурсе образовательных грантов. Представляем вашему вниманию информацию о количестве грантов по Республике Казахстан в разрезе групп образовательных программ бакалавриата и магистратуры КГИУ. (more…)


Талапкердің ҰБТ-ға дайындық туралы видео ескертпесі

Уважаемые абитуриенты, предоставляем вашему вниманию видео-памятку по подготовке к Единому Национальному Тестированию. Начиная с 2019 года, Единое Национальное Тестирование будет проводиться четыре раза в год: в январе, марте, июне и августе.

https://youtu.be/zza30GCCHLg

07.06.2019, 17:33:25, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар, Талапкер

Білім беру гранттары бөлінісіндегі өзгерістер

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) өткізілу форматына қатысты ешқандай өзгерістер болмағанымен, білім беру гранттарын бөлу үрдісіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұрын-соңды ЖОО мемлекеттік гранттары мамандық бойынша бөлінетін болса, ендігі кезекте білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады. Аталмыш топтарға жоғары оқу орындарының бір немесе бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді.  Барлығы 97 топ бар. 

Мәселен, маусым айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі сынақты талапкер «Математика» + «Физика» пәндерінің комбинациясы бойынша тапсырады делік. Сәйкесінше, талапкер үшін білім беру бағдарламасының тобын ұсынылған 25 бағдарламаның ішінен таңдап алу мүмкіндігі туындайды. Төменде пәндер комбинациясы мен сәйкесінше білім беру бағдарламалары топтарының көлемін ұсынамыз:

  • “Биология” + “География” – 9
  • “Дүниежүзі тарихы” + “География” – 4
  • “Математика” + “Физика” – 25
  • “Химия” + “Биология” – 16
  • “География” + ” Дүниежүзі тарихы ” – 1
  • “Қазақ тілі” + “Қазақ әдебиеті” – 3
  • “Орыс тілі” + “Орыс әдебиеті” – 3
  • “Шет тілі” + ” Дүниежүзі тарихы” – 5
  • “Математика” + “География” – 9
  • ” Дүниежүзі тарихы” + “Адам. Қоғам. Заң” – 2
  • “Химия” + “Физика” – 1
  • “География” + “Шет тілі” – 2
  •  Шығармашылық емтихан + Шығармашылық емтихан (білім беру бағдарламалары топтарының саны – 9).

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, түлектер үшін өздері таңдаған ЖОО-ға оңай түсуге қосымша мүмкіндік беретін жаңашылдықтарға тағы бір мәрте тоқталып кеткіміз келеді:

  1. ҰБТ-ны енді жылына 4 рет тапсыруға болады. Тестілеуді тапсырған сайын әр түрлі пәндер комбинациясын таңдауға болады. Білім беру гранттарын жеңіп алу үшін талапкер міндетті түрде жазғы ҰБТ тапсыруы қажет.
  2. Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ, өз мамандығы бойынша қысқартылған бағдарлама бойынша оқуын жалғастыра отырып, ЖОО-ға ақылы негізде түсе алады. Оқуға түсу үшін ЖОО емтихандарының нәтижелері жеткілікті;
  3. Кешенді тестілеу (КТ) ҰБТ-мен біріктірілді.

Осы орайда биылғы түлектерге мамандық таңдауда дұрыс таңдау жасап, өздері қалаған оқу орнына түсулеріне тілектеспіз! Өйткені әрбір адамның шын мәнінде қуаныш сыйлап, қанағат сезімін әкелетін мамандық таңдағаны жөн. Ең бастысы, таңдаған мамандығыңыз болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие болатындығы маңызды.

Көзі

07.06.2019, 17:16:43, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар, Талапкер

ҚМИУ патриоттық тәрбиенің өзекті мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өткізілді

2018 жылы 4 қазан күні ҚМИУ “Рухани Жаңғыру” жобалық кеңсесінің платформасында университеттің Тәрбие ісі және жастар саясаты департамен-ті және Теміртау қ. «Ішкі саясат бөлімі» ММ, «Жастардың ресурстық орта-лығы» КММ және ЭКО “Понтос” грек мәдени орталығымен бірге универси-теттің 2-4 курсының белсенді студенттеріне арналған патриоттық тәрбиенің өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел отырысына Теміртау қ. «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшы-сы Динара Нұртайқызы Жүнісова, «ТТК» колледжінің оқу-тәрбие жөніндегі директор орынбасары Алма Балапанқызы Шомбина, «ТЖКК» колледжінің оқу-тәрбие жөніндегі директор орынбасары Роза Нұрахметқызы Жанисова, «Жастардың ресурстық орталығы» КММ директоры Алена Юрьевна Хегай, ЭКО “Понтос” грек мәдени орталығының директоры, сонымен қатар Қазақ-стан халықтарының Ассамблеясының облыстық филиалының директорының орынбасары Деспина Ивановна Касапиди, сонымен бірге ұлты әртүрлі бел-сенді студенттер қатысты.

Іс-шара шеңберінде жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға арналған негізгі механизмдер талқыланды.

Қатысушылар алдында Теміртау қ. «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Динара Нұртайқызы Жүнісова және ҚМИУ Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры Мадина Мейрамқызы Салпенова құттықтау сөзі-мен бірге дөңгелек үстел бағдарламасын ұсынды және біздің қала, оның та-рихы, әртүрлі қоғамдық этнобірлестіктер қызметі және олардың қоғам өмі-рінде алатын орны жайлы бейнебаян көрсетілді.

Өз кезегінде Динара Нұртайқызы, казіргі уақытта белсенді студенттер-дің билік және әртүрлі жастар бірлестіктері арасында делдал ретінде және көптеген жағдайда олар жастардың мультимәдени қауымдастығының дамуы-на қолдау көрсетуге арналған тиімді құрал ретінде атқаратын рөлі зор екенді-гін атап өтті.

“Понтос” грек мәдени орталығының жетекшісі Деспины Ивановна, эт-номәдениет дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығын және ұлттық мәдениетті дамытуға арналған жұмыстар өте қажет екендігін атап өтті. Ол өзінің халқы-ның тарихы және салт дәстүрі, сонымен бірге зайыбы Василий – Краснодар өлкесінен «сенімсіз ұлт» ретінде жер аударылған гректер ұрпағы екенін айт-ты. Ол біздің қала және қаланың этникалық әл-ауқаты, “Понтас” орталығы-ның құрылу, оның тарихы, жұмыс барысында кездесетін қиындықтар, соны-мен қатар өзінің осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруда жинақтаған тә-жірибесімен бөлісті.

Кездесу соңында дөңгелек үстелдің жұмысына қортынды жасай келіп, Мадина Мейрамқызы Салпенова, осы кездесудің маңыздылығын атап өтті, мұндай кездесулер Қазақстан Республикасының көп ұлтты халқының тарихы және мәдениеті жайлы мағұлматтардың кеңінен таралуына, әртүрлі этномә-

дениетті сақтауға және әрі қарай дамытуға, сонымен қатар ұлттық және ұлта-ралық қатынастарды үйлестіруге мүмкіндік береді. Ұсыныс, дөңгелек үстел барысында айтылған пікірлер және ұсыныстар ортақ ұсыныс ретінде Темір-тау қ. «Ішкі саясат бөлімі» ММ және «Жасардың ресурстық орталығы» КММ жұмысшы тобына жіберілсін.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылардың ортаға салған пікірлері және ұсыныстарын ескерумен өткізілген іс-шара қарары қабылданды.

ҚМИУ баспасөз қызметі