Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті 2014 жылы 17 қазанда «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҮЛГІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференция Н.А.Назарбаевтың «Бесінші бағыт» атты мақаласының шығуының бес жылдығына бағышталады. Онда ғылыми-зерттеу жұмысының келесідей бағыттары талқыланады:
- Қазақстан және ЕЭО мемлекеттерінің экономикасының бәсекеге қабілетті үлгісінің қалыптасуының макроэкономикалық мәселелер: міндеттері және шешу жолдары;
- Экономикалық моделдеудің қазіргі саясаты және экономикалық дамудың өлшеу міндеттері;
- Қазақстан Республикасында инновацияларды басқару: теория және тәжірибе;
- ЕЭО шеңберіндегі банк индустриясындағы интеграциялық үрдістер және инновациялық даму;
- Қазақстан және ЕЭО мемлекеттерінің қазіргі қаржылық жүйесінің дамуының басым бағыттары;
- Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика және бағалаудың қазіргі экономикалық бағыттары: мәселелері және оны шешу жолдары;
- Қазақстан Республикасы мен ЕЭО мемлекеттерде туризм және сервисдің даму бағыттары және өзекті мәселелері.
Конференция мақсаты: ЕЭО-ның экономикалық және құқықтық статусының қазіргі шындықтарын есепке ала отырып ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі мен даму бағыттарын және факторларын негіздеу және анықтау. Қарастыруға ұсынылып отырған негізгі аспектілер Қазақстан және ЕЭО мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық мәселелерін, экономикалық модельдеу саясатын және оның өлшеу мәселелерін, инновацияларды басқарудың тәжірибелері мен теорияларының негізгі бағыттарын, банк индустриясының, қаржы жүйенің, бухгалтерлік есептің, аудиттің, статистика және бағалаудың, сонымен қатар макетингтің,туризм және сервистің әрі қарай даму жолдары қамтиды.
Конференцияда келесідей жұмыс формалары жоспарлануда: пленарлық және секциялық отырыстардағы ғылыми баяндамалар, презентациялар және панельдік сессиялар, дөңгелек үстелдер.
Конференцияның қорытындысы бойынша материалдар жинағы жарияланады.
Қатысу шарты:
Конференция тілдері: қазақ, орыс.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысу үшін 2014 жылдың 1 қазанына дейін ұйымдастыру комитетіне электрондық және қағаз түрінде келесі құжаттарды тапсыру керек:
– берілген формаға сәйкес қатысуға өтінім;
– төменде көрсетілген талаптарға сай ресімделген баяндама (8 бет мөлшерінде);
– 3000 теңге мөлшерінде ұйымдастырушылық жарнаның төленгені туралы түбіртек, жарна университеттің ағымдағы есебіне келесі реквизиттер бойынша төленеді:
ИИК: KZ16826Z0KZTD2003131-KZT,
«АТФ Банк» АҚ филиалы, Астана қаласы. БИК (МФО) ALMNKZKA
РНН 600300112623 БИН 000840001204
Ақша аударарда «конференцияға» деген ескертпе жасалып, аты-жөні көрсетілуі керек. Конференция жұмысына қатысу үшін материалдар мына мекен-жайға жолданады:
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті,
Жұбанов көшесі, 7 Астана қаласы, Қазақстан Республикасы, 010005.
Тел: (+7-7172) 278571 ішкі (118); Факс (+7-7172) 37-16-22
E-mail: science.kuef@mail.ru
Байланысушы тұлғалар – Аксеитова Динар Копбаевна,
Джолдыбаева Эльмира Есенгельдиевна
ҚазЭҚХСУ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында
Қатысуға өтінім
1. Баяндамамшының аты-жөні – з-тен артық емес
2. Ғылыми дәрежесі, атағы
3. Жұмыс орны, қызметі
4. Телефон, (ұялы) факс, e-mail
5. Баяндаманың атауы
6. Қатысу түрі (іштей, сырттай)
7. Қонақ үй броньдау қажеттігі
Баяндаманы ресімдеу талаптары
Баяндама мәтіні суреттермен мен кестелерді қоса есептегенде А4 (210х297 мм) форматты толық 8 беттен аспауы керек, word for Windows 97-2003 мәтіндік редакторында Times New Roman (Kz Times New Roman, Times/Kaz және т.б.) 14 шрифтімен терілуі керек, интервалы 1,0, шеті төрт жағынан да – 25 мм. Мақалаға қай тілде жазылғанына қарай қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде түйін жазылады.
Ресімдеу үлгі бойынша.
Материалдарды ресімдеу реті:
-автордың инициалы, фамилиясы, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі;
-ұйымның толық атауы, қаласы;
-мақала атауы бас әріптермен жазылған, майлы шрифт, беттің ортасына орналастырылған;
-1 интервалмен бір жол тастап кетіп, негізгі мәтін жазылады, түйін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде;
-жеке бетте жұмыс орны, қызметі, ғылыми атағы және дәрежесі, телефоны мен мекен-жайы көрсетілген авторлық анықтама қоса беріледі.
Мақаланың мазмұнына, фактілердің шынайылығына автор жауапты.
Материалдар жинағы конференция қорытындысы бойынша басылып шығады. Конференция материалдары конференция материалдарының жинағында басылады, жекелеген баяндамалар «ҚазЭҚжХСУ жаршысы» ғылыми журналында жарияланады.
Ұйымдастыру комитеті мазмұны мен ресімделуі талаптарға сай болмаған жағдайда баяндамаларды жарияламау құқығын өзіне қалдырады.
Конференцияға қатысуға байланысты шығындар қатысушылар есебінен өтеледі.