Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → Форум жалғасудаФиладельфияда екінші қазақстан-американдық университетінің ректорларының форумы жалғауда. Қазақстан делегациясының құрамында ҚР БҒМ вице-министрі А. Аймағамбетов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті, З. Төребекова, бірқатар жоо, оның ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогический университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, С.Торайғыров атын. Павлодар мемлекеттік университеті, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Аматы энергетика және байланыс университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, тараз инновациялы-гуманитарлық университеттерінің ректорлары бар. Халықаралық жоғары білім саласының қызметкерлерінің қауымдастығы – NAFSA – әлемдегі коммерциялық емес үлкен ұйым, ол халықралаық білім және алмасу іс-шараларымен айналысады, оның құрылғанына 70 жыл болды. NAFSA құрамына 150 астам елдің 10 000 өкілі мүше. Бүгін 31 мамыр күні NAFSA-2018 шеңберінде президенттер және ректорлар саммиті өтеді. Осыған байланысты NAFSA маңызды оқиға көрме залдарымен кеңауқымды форума дайындалды, мұнда әрбір университет өзінің білім саласындағы жетістігін көрсету мүмкіндігіне ие. Жоғары білім жәрмеңкесінің көрме залында американдық университеттер отандық жоо серіктестік келісім шарттарын, сонымен бірге қазақстандық университеттермен өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған келісім шарттарға қол қойылды. Кешегі күні форумының жұмысы Халықаралық білім орталығы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Пенсильвания Университетінің лауазымды тұлғаларының құттықтау сөзімен басталды. Форум шеңберінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі брифинг өткізді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Халықаралық білім орталығы арасында Меморандумға қол қойылды. ҚМИУ ректоры Б. А. Жаутіков мәжілісті дискуссиялардың бірінде «Қазақстандық университеттерге арналған ағымды басымдылықтар, мәселелелер және мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасады. Сол күні B2B шеңберінде қазақстандық және американдық университеттер арасындағы кездесу өткізілді.Қазақстандық делегация Pennsylvania State University кампусын және жоо бизнес-инкубаторында болды. ҚМИУ баспасөз қызметі АҚШ ректорлар форумыАмерика Құрама Штаттарында NAFSA конференциясы және ректорлар форумы өтуде, оған Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Б. А. Жаутиков қатысуда. Кеше 29 мамыр күні Пенсильванияда Annual Conference & Expo 2018 NAFSA конференциясы басталды. Қарағанды индустриялық университеті және Michigan State University арасындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Бұл құжат ҚМИУ студенттеріне шетелде өзара тиімді оқыту процестерін дамытуға бағытталған Американдық семестр (ASP )бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді. Енді ҚМИУ өзінің студенттерін Michigan State University бір оқу семестріне, оқу жылына не жазғы қысқамерзімді курстарға жібере алады. Бүгін ректорлар кездесуі Pennsylvania State University өтуде. Спикерлер арасында – Халықаралық білім институты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, АҚШ және Қазақстан университеттерінің ректорлары бар. ҚМИУ баспасөз қызметі
Астанада Global Challenges Summit-2018 өттіҚазақстанның астанасы Астана қ. 17-19 мамыр аралығында Global Challenges Summit («Жаһандық шақырулар саммиті») ХI Астаналық экономикалық форумы өтті. Осы жылы формуда дүниежүзілік бетбұрыс: экономикалық даму және ресурстық тұрақтылық, цифрландыру, және уранизация, ұзақмерзімділік және қаржылық революция, жаһандық қауіпсіздік және мәдениетті ығысуға қатысты мәселелер негіз болды. Форумға 500 спикерлер және 111 елден 5000 қатысушы қатысты. Спикерлер арасында – БҰҰ сегізінші бас хатшысы Пан Ги Мун, Apple негізін қалаушы Стив Возняк, Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, кинорежиссер Кшиштоф Занусси, инфроқұрылымды инвестициялық Азия банкінің директоры Цзинь Лицюнь және т.б. қатысты. Форум жұмысын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ашты: – Биылғы форум жаһандық шақыруларға тиімді жауап іздеуге бағытталған. Бүгін тарихи уақытта шексіз тығыздылық басымдылық алды. Әлем жылдам өзгеруде, адамзат кезекті жол таңдау алдында тұр. Осы таңдау қайда бетбұрады, соған адамзаттың тағдыры тәуелді: даму не тоқырау кезеңі – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев планетаның дамуына қатысты бес негізгі бағытты айқындады: адамның барлық іс-әрекетін цифрландыру, таза энергия жағына әлемдік энергетикалық революция қозғалысын бағыттау, планетадағы адам санының жылдам көбеюі, урбанизация темпі және сипатының өзгеруі, еңбек нарығының жаһанды трансформациялануы. Форум экономикалық идеялар және практиканы байланыстыратын халықаралық алаң ретінде қалыптасты. 10 жыл ішінде осы іс-шараға 150 астам елдің елу мың делегаты қатысты. Форумның тиімділігі – әлемде және елдегі экономикалық саясаттың күн тәртібін қалыптастыруға арналған жаңа идеялармен алмасу және халықаралық инвесторларды тарту. ҚМИУ баспасөз қызметі Ғаламтор материалдары қолданылған Польшадағы кездесу
Варшава қаласында қазақстандық университеттердің ректорларының поляк әріптестерімен кездесулері өтуде. Қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары бірінші күні Perspektywy-2018 инженерлік білім саласындағы көшбасшыларының Халықаралық форумына қатысты. Кейін келіссөздер Ғылым және жоғарғы білім министрлігінде өтеді, мұнда әрі қарай ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталады. Бірқатар жоғары оқу орындары арасындағы келісім шарттар және стратегиялық ынтымақтастық келісімдері бекітіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанның 783 студенті Польшада білім алып жатыр. Көптеген Польшаның университеттері және Қазақстандық университеттерімен екіжақты ынтымақтастық келісім шарттарын жасаған, осы келісім шарттары кеңауқымда жүзеге асырылып жатыр. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының ректорларының делегациясының бұл сапары жақында Астана қаласына жұмыс сапармен келіп кеткен Варшава технологиялық университетінің ректоры Я.Шмидта, Технологиялық университетінің ректорының Ополе М. Тукиендорфа және «Perspektywy» Білім қорының президенті В. Сивинскидің жұмыс сапарларының нәтижесі. ҚМИУ баспасөз қызметі |